1. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы



Дата08.02.2022
өлшемі19,57 Kb.
#119790
Байланысты:
МҰРАЛ МӨЛДІР СИБ 21-3
Зерт жұмыс 4, Зерт жұмыс 4, Кур час, Протокол НИРС РУС 2020, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, химия лекция тапсырма, химия лекция тапсырма, 1 зертханалық жұмыс, Күн энергиясы, Күн энергиясы, Документ, Күн энергиясы, Күн энергиясы

СӨЖ
1.Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы
Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді.
Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.
ХХ ғасырдың бастарында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту мақсатында “Садақ”атты қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты - жастарды әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей тыңшыларының назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай деп “Жәдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, Орыс тілін Татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып “Оян Қазақ”, “Тұр Қазақ”,“Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып жатқандығын” баяндаған. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара бастады.
2.<<Алаш >> партиясының құрылуы ,партия бағдарламасы
Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.

Алаш партиясының бағдарламасы - 1917 жылы "Қазақ" газетінде пайда болған бағдарлама. Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмағанбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов


3.Қоғам орталық билік атына арыз тілектердің жазылуы :Қарқаралы петициясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1905 жылдың 25 шілдесінде Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесіне жиналғандар патша үкіметінің отарлығына қарсы петиция қабылдады. Қазақтардың өміріне қатысты талаптардың қағаз бетіне түсіп, тұңғыш рет отаршыл империяның басшылығына жолданған салмақты саяси құжат - осы Қарқаралы петициясы болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.


1902-1907 жылдары өтініш пен талап мазмұндарындағы петициялар қазақ даласынан билік орындарына жолданып жатты. Алғашқы петицияларды әу баста діни қысымға қарсы дін қызметкерлері жолдайтын. Бірінші орыс революциясы жылдарында петиция жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды. Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсіден, Қарқаралыдан уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генерал-губернаторларға, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры II Николайдың атына да жолданған.
1905 жылдың 25 шілдесінде қабылданған Қарқаралы петициясына Абыралы болысынан - Мұса Құлбаев, Сүлеймен Қойсоймасов, Ақбота болысынан Жүсүп Құлбатыров, Бектібай Ботабаев, Бөрілі болысынан Толмұхамет Алтынторин, Рақия Сатпаев, Дегелең болысынан Керімхан Төлебаев, Тышқанбай Қашақов, Темірші болысынан Секербай Қанғожин, Оспан Жанғабылов қатарлы азаматтар бастаған мыңдаған адамдар қол қойды. Ұлы мәртебелі император ағзамға деп басталатын петицияның қазақша аудармадағы толық мәтінін профессор Зарқын Тайшыбай келтіреді. Профессор ұсынған петиция мәтінінде:
Қазақтардың мүддесін кім қорғайды? Олардың мұң-мұқтажын кім біледі, халықтың өзі сайлаған өкілдері болмаса, сол халықтың тілегі мен қажетін өтеудің жолдарын кім көрсетеді? Қалай дегенде де бізді әлдекімдердің танығысы келмейтініне жауапты емеспіз. Патша Ағзам, Сізден басымызды иіп сұраймыз: Сайлауға қатысуға ерік беріңіз, мемлекет билігінде қазақтар болса ғана біздің мұң-мұқтажымыз ескеріледі және шешіледі. Сонда ғана біз, қазақ халқы, Империяның басқа халықтарымен тең екенімізді сезінеміз, - делінген.
16 мыңға жуық (тағы бір деректерде 12 мыңнан аса) адамның қолы қойылған петицияға қазақ, татар, араб тіліндегі діни кітаптарға цензураны жою, қазақ балаларына пансион ашылсын, кәсіби мектептер мен жоғары оқу орындарына түсу үшін стипендиялар көбейтілсін, қазақ тілінде газет шығарылсын, қазақтардың иелігіндегі жерлер олардың меншігі деп танылсын, Далалық ережені қазақ депутаттарының қатысуымен өзгертілсін, судьялар қазақ тілін білуі шарт және де қазақ даласына присяжной сот жүйесі енгізілсін т.с.с талаптар қойылған. Жылдар бойы үнсіз жатқан қазақтардың салмақты саяси талабы билікті өкілдерін абыржытып тастаса керек. Генерал-губернатор бұл хатты алғаннан кейін Қарқаралыға жедел хат жолдап: Осы петицияға қол қойғандардың арасынан, ең болмаса, бірнеше адамды тауып, аты-жөнін хабарлаңыз, - деп нұсқау береді.
Бұл хабарламаға Қарқаралы оязының бастығы Осовский былай деп жауап жазады:
Арыз Омбыға, Әлихан Бөкейхановтың атына кетті. Ол - осы петицияны жазуға басты ұйымдастырушы және жетекші. Кейбір деректерге қарағанда арыздың бастапқы текстін жазған Ақбаев. Сондықтан, Бөкейханов тек дем беруші ынтагер деп, есептеледі. Халық өкілі атынан сайланғандар: Әлихан Бөкейханов пен Жақып Ақбаев.
Тарихшылардың пікіріне сүйенсек, петиция мазмұны сайып келгенде, болашақ саяси партияның бағдарламалық негіздері болып табылады. Сол себепті, Алаш партиясының идеялық бастау көзін бірінші орыс революциясы кезінен іздеген жөн, - деп мәлім етті К.Нұрпейісов.
4.Ә.Бөкейхановтың саияси көз қарасы
Әлихан қоғамдық-саяси қызметпен белсенді түрде айналысты. Оның отаршыл патша үкіметінің саясатына көзқарасы өзгерді. Сонымен қатар ол дәстүрлі қазақ қоғамындағы: пайдакүнемдік, болыс лауазымы үшін талас-тартыс сияқты жағымсыз көріністерді де сынға алды. Өз халқының жарқын болашағын алдын ала болжады: «Қазақ даласы... табиғатынан ақылды және қабілетті қазақ халқы болашақта, өркениет жолында іргелі жетістіктерге жетеді», – деген пікір білдірді.

1905 жылы Мәскеуде өткен Ресей земствосы және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде жоғарғы мінберден қазақ тарихында тұңғыш рет туған халқының жоғын жоқтап, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қазақ халқының дін, тіл, сайлау т.б. бостандықтары жөнінде мәселе көтерді: «Мен қырғыз (қазақ) ұлтының өкілі сана­ламын... Бізде қазақ тілінде оқытатын мектептер қуғынға ұшырауда... Шаруалар бастығы (көбісі бұрынғы ротмистрлер) істі қазақ тілінде қарастыруға рұқсат етпейді...»



Ол осы жылы кадеттер (конституциялық-демократиялық) пар­тия­сы мүшелігіне енді, Қарқаралы петициясын құрастыруға қа­тыс­ты. 1906 жылы Семей облысы қазақтары атынан Ресейдің I Ме­м­­лекеттік Думасына депутат болып сайланды. 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Мір­жа­қып Дулатұлымен бірге жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет редакциясына қазақ халқының озық ойлы, парасатты зиялылары топтасты.

Әлихан Бөкейхан қазақ халқының ежелгі ата-баба қонысынан айырылуына үзілді-кесілді қарсы шықты. Патша үкіметінің отар­­шыл­дық қоныс аудару саясатын ашық түрде әшкереледі. Жергілікті тұрғындарды христиан дініне көшіру әрекетін батыл айыптады. Ұлт-азаттық қозғалыстың жолында көшбасшыға айналды. Бұл туралы отаршыл билік өкілдері былай деп жазды:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет