15. Халықаралық PIZA, TIMSS зерттеулерінің мақсаты, маңызы мен мәнін ашыңыз
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA, TIMSS халықаралық зерттеуіне қатысты.
PISA (Programm for lnternational Student Assessment) – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. Бұл бағдарламаның мақсаты білім беру жүйелері әр түрлі елдердің 15 жастағы жасөспірімдерінің мектепте математика және жаратылыстану ғылымдарынан алған білім, білік және дағдыларын өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларды шешуде қолдана алуларын, сонымен қатар түрлі мәтіндерді оқып және түсінулерін салыстырмалы бағалау болып табылады. PISA зерттеуі үш бағыт бойынша үш жылда бір өткізіледі.
Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастығы IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement өткізетін), TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) халықаралық мониторингтік зерттеуі төрт жыл сайын әлемдегі 50-ден астам елдің математикалық және жаратылыстану ғылымдары білімінің дамуы үрдісін бақылауға мүмкіндік береді.TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) – математика және жаратылыстану білімінің сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу. Жобаға қатысушы елдердің білім мазмұнын ескере отырып, бұл зерттеудің аясында 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша дайындықтарының сапасы бағаланады. TIMSS зерттеулері оқу жетістері туралы жан-жақты мағлұмат алумен қатар, ел, мектеп және білім берудің жағдайлары туралы қосымша ақпарат алуға да мүмкіндік береді. TIMSS-ке қатысушы елдердің құрамы алуан түрлі, олар экономикалық дамуы, географиялық жағдайы, халқының саны жағынан бір- бірінен ерекшеленеді. Бірақ олардың бәрі білім беру ұйымдарының жүйесін, оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін оқушылардың жетістіктері арқылы салыстыру, білім беру саласында тиімді курстар әзірлеуге арналған құнды ақпарат жинақтауға көмектеседі.