Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар: Саламатсыздар ма!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық. Шаттық шеңбері: Әнұран орындалады. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол біздің президентіміз! Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Балалар, сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу.
Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі? Балалар: Астанада!
Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?
Балалар: Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме? Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық. Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен? Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген? Балалар: Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші: Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар: Көк! Тәрбиеші: Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді. Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар: Шаңырақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар: Ат бар!
Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді. Шаршадыңдар ма балалар?
Балалар: Иә, шаршадық!
Тәрбиеші: Кәне келіңдер сергіту сәтіне.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз
Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық? Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші: Ол кім? Балалар: Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші: Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан!
Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені білдіреді? Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды.
Дерек көзі: https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/1-zheltoksan-tungish-prezident-kuni/