Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[4]
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан менеджмент институты
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Ұлттық мемлекеттік заң университеті
Назарбаев Университетi
Назарбаев Зияткерлік мектептері[6]
бірқатар лицейлер мен колледждер
Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Басқа лауазымдары мен мансаптары
Экономика ғылымдарының докторы (1993)
ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
Заңнама
1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Мереке биыл алғаш рет тойланады. Былтыр Парламент 1991 жылдың 1-ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Биылғы жылдың 1-ші желтоқсаны сенбі күніне тура келіп тұр. Ал, Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңның 5-ші бабында «Демалыс және мерекекүндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады», делінген.Осы күні сенбіге тура келгендіктен, қазақстандықтар дүйсенбі, яғни 3-ші желтоқсандада демалады