1. Жүкті әйелдерді қабылдау?



Дата26.05.2022
өлшемі10,09 Kb.
#145069

Тапсырма
1. Жүкті әйелдерді қабылдау?
Қабылдауға жазылу өтініш бойынша, алдын ала телефон арқылы және өзін-өзі жазу тәртібімен жүзеге асырылады. Шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттер бірден қабылданады.АГБ-де дәрігерлердің жұмыс тәртібі туралы ақпарат және басқа да қосымша ақпарат көрсетілді.АГБ-де 4 мамандандырылған акушерлік учаске, дәрігер-терапевт, генетика, психолог, гинеколог-эндокринолог қабылдау кабинеттері, УДЗ кабинеті, КТГ жазу кабинеті, "Босануға дайындық мектебі" кабинеті жұмыс істейді.Жүктіліктің дамуын сапалы бақылау үшін қажетті барлық тексеру ҚР ПІБ МО клиникалық зертханасында жүргізіледі. Қан алу 6 жұмыс күні ішінде сағат 8-00-ден 10-00-ге дейін күн сайын емшара кабинетінде жүргізіледі, қажет болған жағдайда қан алуды шұғыл көрсеткіштер бойынша барлық жұмыс күні ішінде орындауға болады.Ұрықты ультрадыбыстық тексеру көлемді қайта құру тәртібі үшін қажетті 2 және 3D-датчиктерімен жабдықталған, деректерді мұрағаттау мүмкіндігі бар VOLUSON-E8 сараптамалық классты аппаратта жүргізіледі. Түс допплерлік карталаудың болуы ұрықтың туа біткен жүрек ақауын барынша ерте анықтауға мүмкіндік береді.Ұрықтың кардиотокограммасын жазу "Fetal XP BFZ-INT" және "Bionet" фетальды мониторының көмегімен жүзеге асырылады, бұл ұрықтың құрсақтағы жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.АҚҚ жұмысының негізгі міндеті – әйелдерге, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге білікті амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету арқылы ана мен бала денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша қызмет көрсету, гинекологиялық аурулардың алдын алу, оларды ерте анықтау және науқастарға емдік және оңалту көмегін көрсету бойынша іс-шараларды өткізу.
2. жүкті әйелдерді тексеру әдістері?
Жүкті әйелді тексеру анамнезді толық жинаудан басталады. Жалпы мәліметтерден бөлек, әйел организмiнiң етеккiрлiк (менструалдық), жыныстық, секреторлык және ұрпақ өрбіту (репродуктивтiк) әрекеттерiнiң функционалдық ерекшелiктерi пысықталады.Бұрынғы жүктіліктердің саны мен ағымына, олардың нәтижесiне (бала босану мен тусiктер), алдындағы бала босанудағы асқынуларға, нәрестенiң жай-күйiне көңіл аударылады. Сұрауды ағымдағы жуктiлiк туралы деректердi алумен аяқтайды.Жүкті әйелдi жалпы тексеруде мыналар өлшенеді: - дене қызуы (температурасы);
- дене массасы;
- бойы;
- артериалды қысымы
Одан әрi дене бітімі, тері жамылғылары, көзге көрiнетiн шырышты қабықтар, сут бездерi, iш пошымы бағаланады. Алғашкы тексеруде барлық екі қабат әйелдерден ақуыз бен глюкозаға зәр талдауы, қан тобы мен Rh фактор, қынап жұғындысын зерттеу, мерез бен АИТВ жұқпасына серологиялық тексеру жүргізіледі.Арнайы акушерлік тексеруге сырткы және iшкi тексеру, қосымша әдістер жатады.
3. Фертильді жасатағы әйелдерді тексеру қалай жүзеге асады?
"Акушерлік гинекологиялык белімшені ашу туралы" ҚР ПІБ МО ауруханасының бас дәрігерінің 15.08.2014 ж Ng304 бұйрығына сәйкес жүкті әйелдерді жүргізу бойынша акушерлік гинекологиялық белiмше ұйымдастырылды және өз жұмысын 2014 жылдың 1 қазанынан бастады.Акушерлік гинекологиялық бөлімше ҚР ПІБ МО емханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тіркелген тұрғындар контингентiне қызмет көрсетеді әйелдер - 9783, оның ішінде фертильді жастағы әйелдер - 7508 (77%). Тіркелген аумағы жок.АГБ жүкті әйелдер мен тіркелген контингенттін босанған әйелдеріне білікті мамандандырылган акушерлік-гинекологиялық жәрдем корсетеді.Антенаталдык бакылаудын максаты жүктілікке және бала тууга психологиялық дайындық және қолдау, бала туудың әлеуметтік және психологиялык компоненттерін жақсарту және түсіну, жүктілік барысын бақылау. жүктілік асқынуларын уақтылы диагностикалау, емдеу және емдеуге жаткызуга жолдау. Әйелге сенiмдi ақпарат беру. ана болуга кошу үрдісіне отбасы мүшелерін белсенді тарту, Белiмшеде 21 қызметкер жұмыс істейді:
1- АГБ меңгерушісі Дәрігер акушер-гинеколог, 4 дәрігер акушер гинеколог. 1 терапевт, 1 удз дәрігері, 1 гинеколог-эндокринолог, 1 генетик, 1 неонатолог, 1 психолог, 7 акушер, 1 мейірбике, 1 санитар. 1 шаруашылык бикесі.
Дәрігерлердің санаттык пайызы 100%, орта медицина кызметкерлері - 100%, жалпы медицина кызметкерлері-100% (2015ж-94%).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет