1. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы. Иммунопрофилактиканың құқықтық және этикалық негіздері


COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібі



бет19/24
Дата08.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#157181
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Эпидемиология №2рк



25. COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібі.


COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар тәуекел дәрежесіне байланысты жақын және ықтимал байланысқа бөлінеді. COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы кезінде:
-бір тұрғын үйде Сovid-19 жағдайымен бірге тұратын адам;
-Сovid-19 жағдайының қатты инфекциялы ауыратын науқаспен қорғалмаған тікелей байланысы бар адам (мысалы, жөтелу, қол алысу және т. б.);
-ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй – жайда Сovid-19 ауыратын адаммен (мысалы, сыныпта, жиналыс бөлмесінде, ауруханада күту бөлмесінде және т. б.) бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;
-Сovid-19 науқастарына тікелей күтім жасауды қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа адам COVID-19 науқастарының биоәртүрлерімен ұсынылған ЖҚҚ-сыз немесе ЖҚҚ қолдану қағидаларын ықтимал бұза отырып жұмыс істеген зертханалық мамандар;
-Сovid-19-бен ауыратын адамнан кез келген бағытта екі орындық қашықтық арасында ұшақта, қалааралық автобуста, пойызда отырған , сондай-ақ Сovid-19 науқасы ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелерімен байланыста болған адам;
Эпидемиологиялық байланыстың болуы ауру басталғанға дейін 14 күн ішінде қаралады.
Ықтимал байланыс:
-Ұшақта, поезда, автобуста Сovid - 19 науқасымен бірге болған, бірақ онымен жақын байланыста болмаған адам;
-ЖҚҚ пайдаланбай (мысалы, сыныпта, жиналыс бөлмесінде, ауруханада күту бөлмесінде және т.б.) жабық үй-жайда болған адам COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан да көп 1,5 метрден астам қашықтықта.
Байланыста болған адамдарды тасымалдау тәртібі:
1. Байланыста болған адамдарды карантинге тасымалдау арнайы көлікпен, мүмкіндігінше жүргізуші кабинасын салоннан оқшаулай отырып, байланыста болған адамдарға арналған қорғаныс маскаларының қорымен, медициналық қалдықтарды жинауға арналған бір реттік құралдармен жүзеге асырылады.
2. Медицина қызметкерлері, арнайы көлік құралының жүргізушісі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарында (ЖҚҚ) жұмыс істейді.
3. Арнайы көлік құралдары байланыстағы адамдарды әрбір тасымалдауға дейін және одан кейін жууға және дезинфекциялауға жатады, қызметкерлердің қорғаныш және жұмыс киімдері тасымалдау аяқталғаннан кейін дезинфекцияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет