1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата аналар және мектеп бітіруші түлектер!



Дата31.05.2023
өлшемі10,62 Kb.
#178074
Байланысты:
Документ Microsoft Word (5)
31.03.20


(күйшілер)
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!

2-жүргізуші: Бүгінгі жастық пен сұлулықтың, достық пен адалдықтың мерекесіне қош келдіңіздер.


1-жүргізуші: Қимас сезім жүректерде алаулап,


Түлектермен қоштасардай атырап,
Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,
Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.
Ендеше бүгінгі салтанатты жиынымызды ашу үшін сөз мектеп директорына: Кариева Шолпан Дәулетпекқызына беріледі

2-жүргізуші: Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 2023 жылғы түлектер мерекесі ашық деп жариялаймыз.


(музыка)

1-жүргізуші: Бүгін бәріміз үшін маңызды күн. 11 жылдың барлық уайымы, қиыншылығы, қайғысы, қуанышы жинақталған.

2-жүргізуші: Мектебім — алтын ұям, құт босағам,


Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдын – деп Касенова Кариманың орындауында « » әнін қарсы алыңыздар

1-жүргізуші: Жолдайды мектеп мүдірі,


Түлектерге ақ тілек.
Өмір деген үлкен жолда,
Ақ жол тілеп, бақ тілеп дей келе алғашқы сайымызды бастайық! Сынып жетекші өз оқушысын басқа оқушылар арасынан қолымен ұстап табуы тиіс. 11”А” сынып жетекшісін және бірнеше баланы шақырамыз.
2-жүргізуші: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы деп келесі “музықалық орындықтар” ойынына көшейік. Музыка қосылады, кім орындыққа отырып алуға үлгермесе сол ойыннан шығады.
1-жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты.
Ортада “Фантазия” үлгілі би ансамблінің мүшесін тәжік биімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені дей келе келесі қызықты ойынымызға өтейік. Ойын шарты бойынша 10 қатысушы шығады сосын белгілі бір түсті затты алып келеді. Кім соңғы алып келсе сол ойыннан шығады.

1-жүргізуші: Мектебім - мәңгі бапкерім,


Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз. Ортада “ “ әнін ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар!( медляк)
2-жүргізуші: Мектебім — алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Мектебім — жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен? дей келе 11 сыныптың слайд шоуын кошеметпен қарсы алыңыздар
1-жүргізуші: Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір - деп мектебіміздің түлектеріне ыстық лебіздерін білдіріп, ақ баталарын беру үшін құттықтау сөз ұстаздарымызға береміз.

2-жүргізуші: 1-жүргізуші: Ұстаздарымыздың ақ тілегі қабыл болсын!


Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,
Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.
Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,
Тек биіктен көріне беріңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Біздің түлектерге тілейтінім тек нық қадамдармен өз мақсаттарына жету.


1- жүргізуші: Қош сау болыңыздар!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет