17
2.
Қалай өндіру керек? – қандай ресурстарды және технологияны пайдалану арқылы
өндірілуі тиіс?
3.
Кім үшін өндіру керек? – шығарылған тауар немесе қызмет кімге арналады,
олар қалай бөлінеді, оларды кімдер сатып алады?
Қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру мәселесін шеше отырып,
экономикалық теория экономикалық таңдау мәселесімен соқтығысады, яғни осы жерде
экономикалық теория 2 аксиомаға сүйенеді:
1.
Адамдардың шексіз қажеттіліктері;
2.
Ресурстардың шектеулілігі.
Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. Өндіріс адамның
табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын
қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді:
1)
өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани игіліктерді жасау
үдерісі.
2)
бөлу – өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.
3)
айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі.
4)
тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.
Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:
1.
Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-
техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және
басқалары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: