1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет135/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

5.
 
Халықаралық несие. 
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде несие берудің жаңа нысандары пайда 
болды. Оларға лизинг, факторинг және фарфейтинг жатады. 
Лизинг 
– машиналарды, құрал-жабдықтарды және басқа да материалдық 
құралдарды ақшалай емес формада жалға беру. Кейіннен, жалға берілген құралдардың 
құны бірте-бірте төленіп болған соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. 
Лизингтің қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке меншік 
құқығы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің құнын толық өтелгенше оны 
пайдаланады. Лизингтік келісімдер 1 жылдан 15 жылға дейін созылуы мүмкін. Әдетте, 
фирмалар техниканы өздері емес, лизингтік компаниялар арқылы береді. Лизингтік 
компаниялар қызметін әртүрлі ұйымдар – банктер және 
олардың бөлімшелері, өнеркәсіптік корпорациялардың филиалдары мен еншілес 
компаниялары атқарады. 
Факторинг 
– бөтеннің қарызын сату-сатып алу немесе сенімхат арқылы 
коммерциялық операциялар жүргізу. Бұл жерде банк фирманың «дебиторлық есеп-шотын» 
қолма-қол ақшаға сатып алады, кейін фирманың сатқан тауары немесе көрсеткен қызметін 
нақты сатып алушыдан қарызды өндіріп алады. 
Фарфейтинг 
– қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг, 
қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жыл аралығын қамтиды. Несиенің, несиелік 
қатынастардың және несиелік механизмнің негізінде несиелік жүйе – банктер пайда 
болды. 
«Банк» 
ұғымы 
итальян сөзінен аударғанда 
«орындық» 
деген мағынаны білдіреді. 
Банк 
– уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, жұмылдырып, оларды үстеме 
пайыз арқылы орналастырумен айналысатын экономикалық институт. Банктің 
ресурстары ішкі ресурстар, сыртқы ресурстар және эмитенттік ресурстар болып бөлінеді. 
Ішкі қаржылар- ға акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ бөлінбеген пайда 
жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігін сырттан тартылған салымдар немесе 
депозиттер құрайды. 
Банк жүйесі 
– бұл қандай да бір елде белгілі бір тарихи кезеңдерде орын алатын бір-
бірімен өзара байланысқан әртүрлі банк түрлерінің жиынтығы. 
Нарықтық экономикасы дамыған әлемнің барлық елдерінде, сондай-ақ Қазақстанда 
Орталық банк және коммерциялық банктер түріндегі екі деңгейлі банк жүйесі 
қалыптасқан. 
Орталық банк. 
Орталық банк екі жақты жағдайымен сипатта- лады. Бірінші 
жағынан, оның қызметі мемлекетпен реттеледі, ал екінші жағынан, ақша-несие саясатын 
жүргізуде дербестілікке және тәуелсіздікке ие болады. Орталық банктің негізгі 
қызметтеріне 
-
банкноталарды эмиссиялауы (басып шығаруы) және оған деген монополиялық 
құқығы, тұрақты өтімділікті қамтамасыз етуі; 
-
коммерциялық банктердің минималды резервтерін шоғыр- ландыруы, оларға 


110 
несиелік қолдау көрсетуі, коммерциялық банктердің қызметін бақылауды жүзеге асыру; 
-
экономиканы ақша-несие саясатының әдістері арқылы реттеу; 
-
үкіметтің бос ақша ресурстарын депозиттер түрінде сақтау, үкіметті несиелеуде 
және төлемдер жүргізуде делдалдық қызмет атқару жатады. 
ХVII ғасырда құрылған Англияның банкісін ең алғашқы пайда болған орталық 
банк деп санайды. Осы банктің құрылу тәжірибесін 
дамыған елдердің барлық орталық банктері алып отыр, бірақ әрбір елде орталық 
банктің өзіндік ұлттық ерекшеліктері де бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет