1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет36/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

5.
 
Егемендік құқығы
, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы; 
6.
 
Қауіпсіздікке деген құқығы
, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның 
зияндылығынан қорғау құқығы; 
7.
 
Игілікті мұрагерлікке беру құқығы; 
8.
 
Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы; 
9.
 
Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау 
құқығы; 
10.
 
Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы
, яғни қарызды төлеуге 
игіліктермен жазалау мүмкіндігі; 
11.
 
Қалдықтық сипат құқығы
, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді 
қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы. Сонымен, меншіктің экономикалық 
категория ретіндегі мәні мынаған келіп саяды, яғни 
меншік 
– бұл адамдар арасындағы 
материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы 
күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Меншік қатынастары меншік объектілерін 
иемдену жөнінде меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. 
Меншік 
субъектілері 
– бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар, 
оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет және 
басқару органдары жатады. 
Меншік объектісі 
– бұл осылар арқылы меншік 
қатынастары туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік 
объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал- жабдықтары, мүлік, 
ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, ұлттық 
құндылықтар, т.б. жатады.
Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Олардың 
әрқайсысының бірнеше нысандары бар. 
Жеке меншік 
– бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың 
иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік 
емес болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет