1 Кейс-стади форматындағы "Цифрлық Қазақстан "медиа-мәдениеті және моделі: болашақ қазіргі заман аясында" жағдайын талдау



Дата19.10.2023
өлшемі49,52 Kb.
#186869
түріБағдарламасы
Байланысты:
асмп 11


1) Кейс-стади  форматындағы "Цифрлық Қазақстан "медиа-мәдениеті және моделі: болашақ қазіргі заман аясында" жағдайын талдау.
Цифрлық мемлекет – бұл азаматтар мен бизнес үшін кез келген уақытта онлайн қолжетімді, ашық және қолайлы мүмкіндіктер.
Біріншіден, «Цифрлық Қазақстан» арнайы бағдарламасын әзірлеу үшін қазақстандық кемеңгер ғалым Б.А. Қойшыбаевтың 9 жасушадан тұратын «Қойшыбаев жасушасы» деп аталатын кешенді әдісін пайдалану қажет: ортасында зерделеу нысаны орналасқан, 4 жасуша - бір-бірімен тікелей байланысқан элементтер (техника) және 4 жасуша - зерделенетін нысанға белгілі бір деңгейде қатысы бар компоненттер (технология).
Екіншіден, үлгілік шешімдерге негізделген ескі әдістер, жүйелі, қызметтік, функционалдық, құрылымдық, алгоритмдік ескі көзқарастар Президенттің Жолдауда жүктеген міндеттерін жүзеге асыратын шамада емес. «Цифрлық Қазақстан» деп аталатын күрделі жүйені имитациялық модельдеуге негізделген жаңа әдіс, жаңа функционалды-құрылымдық көзқарас арқылы жүзеге асыруға болады.
Үшіншіден, әмбебап әдіс ретінде имитациялық модельдеу тәуекел мен белгісіздік жағдайында шешім қабылдау үшін жүктелген міндетті жүзеге асыруға, модельдер әзірлеуге, нақты модельдеуді бағалауға, тәжірибелерді жоспарлау мен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Төртіншіден, «Цифрлық Қазақстан» арнайы бағдарламасын құру негізіне профессор О.И. Мухин жасаған «Стратум» компьютерлік бағдарлама тілін алған жөн. Себебі күрделі жүйелерді имитациялық модельдеудің әмбебап тілі ретінде бірегей құрал.
Бесіншіден, «Цифрлық Қазақстан» бүкіл бағдарламасын басқару үшін ғарыштық корабльдердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің бас құрылымын әзірлеуші Побиск Кузнецовтың күрделі ақпараттық арнайы жүйелерді басқаруға арналған «СПУТНИК» және «СКАЛАР» жүйесін пайдалану қажет.
Алтыншыдан, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бас конструкторын тағайындау қажет. Бұған мысал ретінде Сергей Королевтің кезінде кеңестік зымыран-ғарыш техникасының бас конструкторы болғандығын атап өтуге болады.
Жетіншіден, «Жасанды ақыл» терминінің бірыңғай түсінігі ретінде 1956 жылы Джон Маккарти енгізген терминді қабылдау қажет. 1958 жылы ол әзірлеген Lisp бағдарламалау тілі компьютерлерді немесе компьютермен бақыланатын роботтарды немесе адам сияқты ойлай алатын компьютерлік бағдарламаларды жасауда дұрыс қадам болды. Сонымен, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы («Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау):
Бағдарламаның міндеттері: 1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру: 2. Көлікті және логистиканы цифрландыру. 3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру. 4. Электрондық сауданы дамыту. 5. Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту. 6. Мемлекет – азаматтарға. 7. Мемлекет – бизнеске. 8. Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру. 9. "Ақылды" қалалар. 10. Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту. 11. АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 12. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру. 13. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау). 14. Инновациялық даму алаңдарын қолдау. 15. Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту. 16. "Венчурлік" қаржыландыруды тарту. 17. Инновацияға сұраныс қалыптастыру.
Цифрлы технология бұдан бөлек денсау­лық сақтау және білім беру сала­ларын­да да қол­даныста. Биыл оны жетіл­діру мақ­са­тын­да Қазақ­стан мектеп­терінде электрон­ды күн­делік қолданысқа енгізіл­мек. Соны­мен қатар, педагогтар да атқарған жұмыс­та­ры­ның есебі мен жос­парларын қағаз кү­йін­де емес, электронды үлгіде тапсыра алады.
Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғы­­сы келмеген әрбір азамат, маман­дар, ғалым­дар мен студенттер ұялы байла­ныс, теле­коммуникация, сандық ТВ, кең­жолақ­ты интернет, ақпараттық техноло­гиялар, Е-үкі­мет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеу­меттік медиа саласындағы өзекті тақы­­рыптардан тыс қалуына болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет