7 Металлургия өндірісінде металл өндірудің технологиялық екі варианты бар. Металдық қалдықты толық жарату шарты бойынша пайдалану варианттардың қайсысында тиімді?
Кесте 6 – Металл өндірудің технологиясының нұсқалары
Нұсқалар
| А |
Б
|
Жарамды металл өнімінің шығуы
|
0,6
|
0,7
|
Қалдықтардың шығарылуы
|
0,3
|
0,1
|
Металдың қайтымсыз жоғалуы
|
0,1
|
0,2
|
Барлығы
|
1
|
1
|
8 Аяқталмаған өндірістегі айналым қаржыларының нормативін және шығындарының өсу коэффициентін келесі шарт бойынша анықта. Заводта шығарылатын өнімнің өндірісітік өзіндік құн құрылымы: шикізат, негізгі материалдар – 20%, сатып алынған шала фабрикаттар – 65%, жалақы және жанама шығындар – 15%. Жоспардағы өнімнің өндірістік өзіндік құны – 85 мың тенге, жылдық өнім шығару – 300 дана. Өндірістік циклдің ұзақтығы 30 күн. Шығындар келесі түрде бөлінген: шикізатқа және негізгі материалдарға – циклдің алғашқы 10 күні, шала фабрикаттарға – соңғы 10 күн, басқадай шығындар циклдің барлық 30 күні ішінде біркелкі бөлінген.
9 Кәсіпорындағы айналым қаржыларының салыстырмалы босатылуы мен айналымдылық көрсеткіштерін анықта, егер өнімнің жоспарлаған көлемі 80 млн. тенге және айналым қаржыларының нормативі 10 млн. тенге, ал фактілі өнім шығару көлемі 95 млн. тенге болса.
4 ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ
4.1 Теориялық мағлұматтар
Әрбір саланың еңбек ресурстары келесі санаттарға бөлінеді: жұмысшылар, басшылар, бас мамандар, қызметшілер, кіші қызметкерлер. Бір жұмысшының тиімді жұмыс уақыт қоры мына түрде есептеледі:
ФРВ = (Дк-Дп-Дв-Доо-Ддо-Дпр)х tсм - (Дв + Дп - Дот) х tc. (27)
мұнда Дк – күнтізбелік күндер саны;
Дп – мейрам күндер саны;
Дв – демалыс күндер саны;
До,Ддо – негізгі және қосымша демалыс күндер саны;
Дпр – басқалай күндер (ауырған және мемлекеттік міндет
орындаған күндер)
tсм – жұмыс ауысымының ұзақтығы;
Дв – демалыс алдындағы күндер;
Дп – мейрам алдындағы күндер;
Дот – мейрам және демалыс күндеріне сәйкес келген демалыс күндері;
Tc – мейрам немесе демалыс алдындағы қысқартылған уақыт.
Қызметкерлердің құрамы тізімдік және жұмысқа келу саны болып бөлінеді. Тізімдік құрамға барлық тұрақты және уақытша қызметкерлер, және іс сапардағы мен демалыстағылар қоса енгізіледі. Келу құрамы – тәулік ішінде жұмысқа келген қызметкерлер саны.
Жұмысшылардың қажетті санын анықтау:
А) еңбек сыйымдылығы бойынша
Nр=Nз х ti/ФРВ х Квн (28)
Nз – бағдарлама бойынша шығарылған өнім;
ti - өнім бірлігін дайындауға кеткен нормалы еңбек сыйымдылығының мөлшері, сағ/бір;
Квн – жұмысшылардың өнімділік нормасын орындауды ескеретін коэффициент.
Б) қызмет көрсету нормасы бойынша:
Nр=NқхNcм/Но (29)
Nқ – құрал-сайман саны;
Ncм – тәуліктегі ауысым саны;
Но – қызмет көрсету нормасы.
В) өнімділік нормасы бойынша
Nр= Qөн /Wт (30)
Qө – кез келген өлшем бірлігіндегі өндіріс көлемі;
Wт – бір жұмысшының сәйкес бірліктегі өнімділік нормасы.
Еңбек өнімділігі өнім бірлігін өндіруге жұмсалған уақыт – еңбек сыйымдылығымен және өндірілген өнім көлемімен өлшеніп, өндірістік қызметтің тиімділігін сипаттайды. Жалпы түрде мына қатынаспен анықталады:
Wт=Q/Np, (31)
мұндағы Q – шығарылған өнімнің заттай, құндық және еңбек бірлігіндегі көлемі;
Np – жұмысшылардың орташа тізбелік саны, адам.
Еңбек сыйымдылығы дегеніміз – бірлік өнімді немесе жұмысты өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының мөлшері. Еңбек сыйымдылығы келесі түрлерден тұрады:
Технологиялық еңбек сыйымдылығы – тек негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек шығындарымен анықталады. Өндірістік еңбек сыйымдылығы – барлық өндірістік жұмысшылардың (негізгі және көмекші) еңбек шығындарымен анықталады.
Басқарудағы еңбек сыйымдылығы – бас мамандар мен қызметшілердің еңбек шығыны.
Толық еңбек сыйымдылығы – барлық өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің еңбек шығынымен анықталады.
Жалақының негізгі екі нысаны – кесімді ақы және мерзімді ақы қолданылады. Кесімді жалақы түрінде еңбекақы жұмысшының өндірген өнім көлемі мен оның сапалы нәтижесіне байланысты төленеді. Оны келесі формуламен көрсетуге болады:
ЗПкес = tкесх Qф (32)
мұнда ЗПкес – кесімді жалақы нысаны;
tкес - өнім бірлігіне қойылған кесімді бағалау;
Qф - факт бойынша орындалған жұмыс көлемі.
Мерзімді жалақы нысаны - төлем жұмысшының қанша уақыт істеген еңбегіне негізделеді. Келесі формуламен есептеледі:
ЗПмер =Тсағх Тч (33)
мұнда ЗПмер – мерзімді жалақы нысаны, тенге;
Тсағ - сағаттық тариф қойылымы, тенге;
Тч - факт бойынша істеген сағат уақыт мөлшері, сағат.
4.2 Типтік есептер
1. Жұмыс уақытының тиімді уақыт капиталын анықтаңыз. Негізгі демалыс ұзақтығы – 18 күн, қосымша демалыс – 2, экологиялық демалыстың ұзақтығы – 10күн, басқа себептермен жұмысқа шықпау күні – 5, жұмыс ауысым ұзақтығы – 5 күндік жұмысаптасы 8,5 сағат. Есептеуге қажетті басқа мәліметтерді күнтізбеден анықтаңыз.
2. Есептік жылдағы жұмыс күшінің қозғалысы көрсеткіштерін есептеңіз. Кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік құрамы – 578 адам. Жыл ішінде: жұмысқа қабылданғаны – 27 адам, босатылғаны – 48, соның ішінде: өз қалауымен –10, штат қысқаруымен – 21, еңбек тәртібін орындамағаны үшін – 2 адам, зейнетақыға кетуге байланысты – 12 адам, әскерге шақырылуына байланысты – 3 адам болды.
5.2 Типтік есептер
1. Бірінші операцияда жұмыспен қамтылғандардың еңбек өнімділігінің сағаттық деңгейін анықта, егер осы операция бойынша бірлік уақыт мөлшері 36 минут, нормалық орындау коэффициенті 1,2 болса.
2. Жұмыс орнында еңбек өнімділігінің ауысымдық деңгейін анықта. Ауысым (8 сағ) ішінде әртүрлі себептермен тіркеоген уақыт шығыны 30 минут құрады. Өнім бірлігіне уақыт мөлшері – 0,5 сағат, осы мөлшерді орындау коэффициенті – 1,1.
3. Кәсіпорындағы жұмыс істеушілер санының өзгерісін анықта, егер өнім шығару өсімі 10%-ке жоспарланған болса, ал есептік кезеңдегі еңбек өнімділігі бастапқы кезеңмен салыстырғанда 4,5% өскен.
4. Еңбек өнімділінің жоспарланған өсуін анықтаңыз, егер зауыт базалық жылда өнімді 2,1 млн тенгеге өндіргені белгілі болса және өнім шығару 7% өссе, жұмысшылар саны 1300 адамнан есептік жылда 50-ға қысқарса.
5. Жұмысшы 8 сағат ішінде 56 өнім жасап шығарған. Норма бойынша 50 дана тағайындалған. Бір дана өнім өндіруге кететін еңбек сыйымдылығы қалай өзгереді?
6. Өндірістік бірлескен кәсіпорындар бойынша еңбек өнімділігі қанша пайызға өседі, егер келесі мәліметтер берілсе?
Кесте 5.2 – Кәсіпорындар көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Есептік жылдағы жұмысшы саны
|
6000
|
2600
|
4300
|
1750
|
Жоспарлы жылдағы жұмысшы санының өзгерісі, %
|
+8
|
+6
|
-3
|
+10
|
Еңбек өнімділігі деңгейінің артуы,%
|
11
|
7
|
15
|
4
|
7. Жалақының кесімді-сыйлықтық жүйесі бойынша жұмысшының бір айдағы еңбекақысын есепте. Бір ай ішінде 240 өнім өндірген, өнім бірлігін жасауға уақыт нормасы 0,9 сағат. Сағаттық тариф қойылымы 27,7 тенге. Өнім нормасын орындағаны үшін сыйлық 20%, ал норманы артық орындағаны үшін әрбір пайызға 1,5% кесімді жалақы сыйлығы тағайындалған. Жұмысшы күніне 8 сағаттық жұмыс бойынша барлығы 21 күн істейді.
5 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ. ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
5.1 Теориялық мағлұматтар
Өндіріс шығындары ұдайы өндірісте үлкен мәнге ие. Шығындар жіктелуі келесідегідей:
экономикалық белгілер бойынша (еңбекке қатысты);
экономикалық элементтер бойынша: құралды пайдалануға, ұстауға арналған смета; цех шығындары; жалпы зауыттық шығындар;
негізгі шығындар – бұйым дайындаудың технологиялық процессімен тікелей байланысты;
үстеме шығындар – кәсіпорынның жұмысы мен өнім өндіру үшін қажетті жағдай жасаумен байланысты шығындар;
өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу тәсілі бойынша: тура және жанама болып бөлінеді. Тура шығындар – нақты өнімді дайындаумен тікелей байланысты шығындар. Жанама шығындар - өнім өндіруге байланысты емес шығын және өзіндік құнға жатқызылады.
Өнім бірлігінің өзіндік құны S мына формалада анықталады:
S=Сжалпы /Q (34)
Сжалпы – жалпы шығындар, тенге;
Q - өндіріс көлемі.
Таза табыс кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды. Тиім таза табыс пен шығындар арақатысы арқылы есептеледі. Бұл үшін рентабельділік көрсеткіші қолданылады. Таза табыс мөлшері мына түрде есептеледі:
Дтаза = Добл –ПН (35)
ПН – табысқа салынатын салық;
Нст – салық қойылымы, 20%.
Шығындар рентабельділігі анықталады:
Rшығ =(Дтаза/Сжалпы)х100% (36)
5.2 Типтік есептер
1. Есептік жылы келесі шығындармен 1200 бұйым шығарылды: материалдарға – 660 мың тенге; отынға – 50 мың тенге; электроэнергияға 300 мың тенге; негізгі жалақы – 320 мың тенге; үстеме шығындар – 540 мың тенге.
Жоспарлы жылы шараларды енгізу нәтижесінде келесі өзгерістер болды: шығарылым көлемі 300 бұйымға өсті, жұмысшылар саны 10% артты, материалдық шығын мөлшері 8%-ке азайды, материалдар бағасы 5% -ке өсті, электр энергиясының бағасы 3%-ке өсті, жалақы шығынының өсімі еңбек өнімділігінің өсімінен 2 есе аз. Шараға дейінгі және одан кейінгі бұйымның өзіндік құнын және оның төмендеу мөлшерін есепте.
2. Бір бұйымның бағасы 2300 тенге болатын бір атаулы өнім шығарады. Ауыспалы шығын 1800 тенгені құрайды. Тұрақты шығынны орташа мөлшері 5500 мың тенге. Жалгерлік ақының өсуі нәтижесінде тұрақты шығын 8%-ке артты. Зиянсыздық көлем мөлшері қалай өзгереді?
3. Акционерлік қоғамға кіретін А және Б кәсіпорындарының жарты жылдық жұмыс нәтижелері келесідегідей (млн тенге):
|
А
|
Б
|
Тауарлық өнім көлемі
|
250
|
390
|
Тауардың толық өзіндік құны
|
200
|
300
|
Соның ішінде: тұрақты шығындар
|
60
|
180
|
ауыспалы шығындар
|
140
|
120
|
Кәсіпорын бойынша анықтау керек: тауар өнімінің бір тенгесіне келетін шығынды. Қорытынды жаса.
4. А және Б бұйымының жоспарланған көрсеткіштері:
|
А
|
Б
|
Шығарылым және өткізу көлемі
|
950
|
600
|
Бір өнімнің бағасы, тенге
|
125
|
65
|
Өнімнің өзіндік құны, тенге
|
100
|
50
|
Кәсіпорын жыл ішінде өзіндік құнды А бұйымы бойынша 5%-ке, Б бұйымы бойынша 2,5%-ке төмендетті. Көптеп сату бағасы өзгеріссіз. Барлық өнім бойынша жоспарлы өнім рентабельділігімен салыстырғанда факт бойынша рентабельділік өзгерісін анықта.
5. Өнім бірлігінің бағасы 380 тенге. 1-кварталда жалпы тұрақты шығындар 720 мың тг, бірлік ауыспалы шығындар 300 тг. 2-кварталда жалпы тұрақты шығындар 10%-ке азайған. Тұрақты шығындардың өзгерісі зиянсыздық көлем шамасына қалай әсер ететінін анықта.
6 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
6.1 Теориялық мағлұматтар
Күрделі қаржы жұмсалымы – жаңа құрылыстарға, қайта құруға, технологиялық қайта жарақтандыруға жұмсалған бір жолғы шығындар. Экономикалық нәтиже бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетуден алынған үнем, жалпы және таза пайда, ұлттық табыстың және пайда өсімі ретінде тұлғаланған шаралар жүргізудің нәтижесі.
Экономикалық тиімділік – осы нәтижені қамтамасыз ететін күрделі қаржы жұмсалымының 1 тенгесіне тиесілі экономикалық нәтиже. Күрделі қаржы жұсалымының экономикалық тиімділігі – оларды жүзеге асырудың мақсаттылығын көрсететін экономикалық нәтиже.
Дисконттау – әртүрлі уақыттағы қаржы түсімдерін ағымдағы құнның дисконттық қойылымы негізінде бір уақыт кезеңіне келтіру.
Таза дисконтталған құн NPV келесі түрде анықталады:
NPV= (37)
Р- ақша түсімдері
r – дисконт қойылымы, %
IC – инвестиция немесе күрделі салым
Рентабельділік индексі IR
IR=PV / CI (38)
PV –келтірілген түсімдер
PV= (39)
Егер IR>1, онда жоба рентабельді
Егер IR<1, онда жоба тиімсіз
Егер IR=1, онда басқа көрсеткіштерге назар салу керек.
Ішкі табыстылық нормасы IRR – бұл пайыздың есептік қойылымының әдісі NPV=0 болғандағы дисконт нормасын көрсетуге негізделген. Жоба тиімді, егер rIRR ≥ r шарты орындалса.
6.2 Типтік есептер
1 Кәсіпорын құрылысының мерзімін ескере отырып, үлестік күрделі қаржы жұмсалымын анықтаңыз. Құрылыстың сметалық құны 500 млн тенге, мерзімі – 5 жыл. Күрделі қаржының жыл бойынша бөлінуі: К1=80, к2= 70, к3=100, к4=100, к5=150 млн тг. Өнім шығару жылына 50 мың дана құрайды.
2 Қондырғы желісін ауыстырғанда қосымша күрделі қаржы жабдыққа қажет. Желінің қайсысы салыстырмалы қымбатырақ болатынын анықта. Қондырғы желінің құны 130 мың тенге, өнімділік жылына 75мың бөлшек.
3 Жобаның NPV неге тең? Инвестиция 10 мың $, әр жылы 8000$ түсімнен екі жыл уақытта орындалады. Дисконт қойылымы 8%.
4 Бірлік өзіндік құн неге тең? Өндірістік жалпы шығын 12 млн тг, Әкімшілік шығындар 8 млн тенге, шығарылған көлем 4 млн тг болса.
5 Келесі альтернативті жобалар бойынша NPV, IRR, өтелу мерзімі көрсеткіштерін есепте.
Кесте 6.1 – Жобалар бойынша түсімдер
Жобалар
|
Инвестиция
|
Түсім №1
|
Түсім № 2
|
Түсім № 3
|
А
|
-45
|
40
|
25
|
15
|
Б
|
-55
|
50
|
15
|
20
|
В
|
-35
|
30
|
20
|
5
|
Г
|
-25
|
10
|
10
|
40
|
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы:оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2012. – 367 б.
Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2015. – 791 б.
Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2009. – 464 б.
Андабаева Г.К. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2013 – 56 с.
Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы: практикум. - Алматы: Экономика, 2006. – 106 б.
Мейірбеков А.К., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы.: Экономика, 2013 – 252 б.
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. - Алматы: LEM, 2012. – 294 б.
Түсіпбеков Т., Теңізбаева Т. Кәсіпорын экономикасы (дидактикалық материалдар және көрнекті құралдар): оқу құралы [Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынады] - Астана: Фолиант, 2013. – 192 б. – (Кәсіптік білім)
Достарыңызбен бөлісу: |