1. Кіріспе Қазіргі заман педагогы тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және
Қазіргі заман педагогы тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық –коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Қазіргі заманғы ұстаз қандай болуы керек?
Жалпы ой-өрісін кеңейту, жалпы білімін көтеру
Өзіндік танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру
Кәсіби шеберлігін, пәндік біліктілігін жетілдіру
Педагог тұлғасына қойылатын талаптар:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады
Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттық ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді.К өп білу үшін көп оқу, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.
.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.с.с мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп–салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін
Өз бетінше білім жетілдіру көздері
Педагогика ғылымы жетістіктерін жүйелі оқып-үйрену
Өзіндік іс-тәжірибе мен арнайы сынақ жұмыстарын жүргізу
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеп,жинақтау
Жалпы мәдени білімін жетілдіру
«Оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына «адам – шындықты танушы тұлға» түсінігін қалыптастыруы керек. Ол үшін мұғалім оқытуды өзектілендірудің мынадай әдістемелік тәсілдерін білуі тиіс.
● мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
● қайшылықты практикалық іс-әркетте көрсете білуі;
● бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
● құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
● мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
● нақты сұрақтар қояды;
● тапсырмаларды бірігіп орындайды.
Білім жетілдіру жұмысының маңызды түрлері
Кәсіптік байқау-сайыстар,
олимпиадалар
Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар-тренингтер
Әдістемелік кеңестер мен пед.оқулар
Білім жетілдіру жұмысының негізгі формалары
Жұптық немесе ұжымдық әдістемелік ізденіс жұмыстары