Гипертония ауруы.
Бұл ауруларда жаттығулар иық, мойын, қол бұлшықеттеріне арнап жасалады. 3-5 рет апатасына 20-30мин. тыныс алу жаттығуларымен алмастырып отырады. Гипертониямен ауырған жас адамдар жүгіру, велотренировкаға аптасына 4-5 рет ,20-30 мин жасауға болады. Үлкен жастағыларға жүгіру, велотренеровкалар (АД) қан қысымы, жүрек қағысын өлшеп қадағалай отырып жасалады. Қарсы көрсетілімі: 1) КРИЗ алғаннан кейін; 2) жүрек қан айналысының жетіспеушілігінде .
Жүрек қан тамыры жүйесіндегі жаттығулар;
1. Бір орында немесе бөлме ішінде жәйлап 1-2 минут жүру.60-70 қадам минутына.
2. Тұрған қалыпта екі аяқ иық деңгейіне, екі қол мықынға қойылады. «1-2» санағанда аяқтың ұшына көтеріліп, екі иықты артқа керіп тыныс алу, «3-4» қалыпқа келгенде тыныс шығару. 8-10 рет қайталау.
3. Тұрған қалыпта, иықты аяқ деңгейіне қойып, қолды денемен төмен ұстап, қолдың саусақтарын жұмып «1-2» қолды екі жанымен жоғары көтеріп,тыныс алу, «3-4» бастапқы қалыпқа келіп тыныс шығару. 8-10 рет қайталау.
4. Тұрған қалыпта, аяқты иық деңгейінде ұстап, екі қолды иыққа қойып, «1-2» қолды жоғары көтеріп тыныс алу. «1-2» қалыпқа келгенде тыныс шығару.10-12 рет қайталау.
5. Тұрған қалыпта, аяқты қосып «1» санағанда оң аяқты жанына қарай созып, басты оңға бұрып тыныс алу. «2» қалыпқа келіп тыныс шығару.»3-4» келесі жағына қайталау. Әр бағытқа 6-8 реттен.
6. Тұрған қалыпта аяқты иық деңгейіне қойып, екі қолды кеуде тұсында бүгіп ұстап, «1» санағанда кеудені оңға бұрып, қолды жазып тыныс алу. «2» қалыпқа келіп тыныс шығару. «3-4» сол жаққа қайталау. 6-8 рет әр бағытқа.
7. Тұрған қалыпта, екі аяқ иық деңгейінде ұстап, қолдарды жанға қарай созып, жұдырықты жұму. Қолдарды алға және артқа қарай айналдыру. Тыныс алу бір қалыпты. 5-6 рет әр бағытқа қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |