Босанғаннан кейінгі жаттығулар: 1)Шалқадан жатып, аяқты созып, қолды денемен түзу ұстап, 2 қолды бастан асыра көтеріп керуетке тигізіп тыныс алу, қалыпқа келгенде тыныс шығару 3-4 рет қайталау.
2) Шалқадан жатып, аяқты созып, қолды денемен түзу қойып, оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып, оң қолмен керуеттің сол жағынан ұстап тыныс шығару. Бастапқы қалыпқа келгенде тыныс алу. Осылай келесі аяққа қайталау. Әр бағытқа 3-5 реттен. Асықпай баяу жасалады. 3) Шалқадан жатып, аяқты түзу ұстап, екі қолды кеудеге қойып, қолды жанына қарай жазғанда, алақанды ашып тыныс алу, қалыпқа келгенде тыныс шығару. 4-6 рет қайталау.
4) Шалқадан жатып, денеңі және аяқ қол бұлшық еттерін толық босаңсытып, 1 минут жату. Тыныс алу бір қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |