СӨЙЛЕУ ПРОЦЕСІНІҢ АНАТОМИЯ – ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМІ
Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет және ол шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе болып саналады.
Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан /көбінесе сол жақ мидың/, ми қыртысы астындағы ядролардан ми өзегі ядроларының, солардың жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс ауыз сөйлеу процесіне қатысты бар еттер мен сіңірлер нервтерінен тұрады.
Адам сөйлеу үшін мидың әртүрлі бөлігі қатысады, дегенмен де ми қыртысының кейбір бөліктері басты роль атқарады. Олар ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми қыртысының шеке бөлігіне орналасқан /төменгі қыртысына/ Брок орталығы, адамның дауыс шығарып сөйлеу процестері осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігіне, Вернике орталығына басқа адамның сөйлеген сөзін есітіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық. Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін есітіп, түсінеді.
Ми қыртыстарының төбе бөлігі де естіген сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқан көру орталығы арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар балаларда ересек адамдардың сөйлеген кездегі оның бет-ауызының қимылын көзбен көріп, бақылау арқылы сөйлеу қабілеті арта түседі. Ми қыртысы астындағы ядролар адамның сөйлеген кездегі анық та, байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпалын тигізеді. Жүйке жүйелері ми қыртыстарын сөйлеу органдарымен байланыстырады.
Сөйлеу аппаратының барлық органдары /ағзалар/ мидан шығатын жүйкелермен қамтамасыз етілген. Олардың ең бастылары: ҮІІ, ІХ,Х ХІ, және ХІІ қос жүйкелер.
Үшкіл жүйке адамның жағын ашып-жабуға қатысы бар еттерді, бет жүйкесі /ҮІІ- қос/ - бетті әртүрлі қимылға түсіретін еттерді, ерінді және ұртты қимылға түсіретін еттерді, тіл-жұтқыншақ /ІХ-қос/ жүйкесі мен жылжымалы жүйке /Х-қос/ дыбыс сіңірлері мен көмекей еттерін, жұтқыншақ пен таңдай еттерінің қимылдауларын қамтамасыз етеді. Қосымша жүйке /ХІ-/ мойын еттерінің, ал тіс асты нерві /ХІІ/- тілдің әртүрлі қимыл жасауын қамтамасыз етеді.
Осы жүйке жүйелері арқылы адамның миындағы сөйлеу орталықтары /Брока мен Вернике/ шетте жатқан сөйлеу аппаратының органдарымен тікелей байланысып, бір-біріне серпіндерін /импульстарын/ жіберіп отырады. Осылайша адамның сөйлеу қабілеті пайда болады.
Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады.
1) демалу бөлігі
2) дыбыс шығару бөлігі
3) дыбысты құбылтып-өзгерту бөлігі, (артикуляциялық сөйлеу бөлігі).
Демалу бөлігіне адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Себебі адамның сөйлеу процесі дем алып-дем шығару процесімен тікелей байланысты. Адам әдетте дем шығару арқылы сөйлейді, өкпеге ауа толтырып алып, әшейін кездегі демалуымен салыстырғанда адамның сөйлеген кездегі демалуы, дем шығаруы өзгеше болады. Сөйлеген кезде адам дем алып-дем шығару процесі өте маңызды роль атқарады, дем шығару процесі дем алу процесімен салыстырғанда ұзаққа созылады. (1:20 тіптен 1:30), ересек адамдар бір минутта орта есеппен 16-18 рет дем алып дем шығаратын болса, сөйлеген кезде бары-жоғы 8-10 рет дем алып, дем шығарады екен.
-сөйлеген кезде өкпеге ауаны жай кездегімен салыстырғанда 4 рет көп жұтады.
-ауыз арқылы дем алады;
-сөйлеген кезде дем алу процесіне диафрагма қатысады.
Адамның сөйлеу қабілеті қыртыстары бар көмекейден тұрады. Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар сақиналардан құралған кең де қысқа түтікше, көмекей мойынның алдыңғы жағына өкпенің тыныс жолдарымен жалғасып жатады.
Көмекеймен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын қалқанша (надгортанник) орналасқан, соның арқасында жұтқан тамақпен сілекей көмекей қуысына түспейді. Көмекейдің ішіндегі кілегей қабығының қыртыстары шын дауыс сіңірінен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сіңірінен тұрады.
Адамның дауысы (фонация) қалай шығады?
Дауыс шыққан кезінде дауыс сіңірлері бір-біріне қабысып жақын тұрады. Дем шығарғанда ауа сол дауыс сіңірлерінің арасына қысылып өтіп, олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырылуы арқылы дауыс сіңірлері қайтып өз орнына келеді. Дауыс сіңірлерінің арасының осылайша ашылып-жабылуы дауыс шығаратын өкпеден сыртқа шығатын ауаның қысымы біткенше созылады. Осылайша фонация кезінде дауыс сіңірлері дірілдеп, көмекей қуысындағы ауаны да әртүрлі дірілге түсіріп, қозғап, соған байланысты әртүрлі дыбыс шығады. Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс сіңірлерінің бір бөлігі ғана қозғалысқа түседі. Адамның дауысы күшіне, жіңішке-жуандығына және тембріне қарай бөлінеді. Дауыстың күші дауыс сіңірлерінің қозғалу амплитудасына байланысты. Дауыстың жіңішке-жуандығы дауыс сіңірлерінің қозғалуының жиілігіне және дауыс сіңірлерінің ұзындығына, жуандығына және керілу дәрежісіне тікелей байланысты. Ал дауыстың тембрі көмекейдің формасына, көлеміне және құрылысына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |