6. «Ацилакт» препараты
Құрамы
Препарат сахароза-желатин-сүт ортасы қосылған қоректік ортасында лиофилизацияланған Lactobacillus acidophilus 100аш, NK1, К3Ш24 ацидофильді штаммдарының тірі, антогонистік белсенді лактобактерияларының микробтық массасы болып табылады. Препараттың бір дозасының құрамында: ацидофильді лактобактериялардың кемінде 107 - сі, сахароза - 8 %; желатин - 1 %; майсыздандырылған сүт-20 %. Ерекше иісі бар ақшыл-сары немесе ақшыл-сұр түсті кристалды немесе кеуекті масса.
Дәрі түрлері: таблеткалар, қынаптық суппозиторийлер, ұнтақ ("құрғақ Ацилакт"). Вагинальды суппозиторий құрамында кемінде 10 000 000 тірі ацидофильді лактобактериялар (бір дозасында) бар. Таблеткада кемінде 10 000 000 тірі ацидофильді лактобактериялар (бір дозасында) болады.
Өндірушілер: "Фермент" ЖШҚ және "Ланофарм" ЖШҚ (Ресей).
Достарыңызбен бөлісу: |