1.3 Банк кызметін реттеу әдістері
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған "Банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:
- пруденциялық нормативтер белгілеу;
- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
- банктердің қызметін тексеру;
- банктің қаржылық жагдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;
- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.
Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.
Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есеитеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді./12,24-33/
Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк белгілейді.
Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен келеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан
Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2004 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы" ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:
1) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4) өтімділік коэффициенті;
5) ашық валюталық позиция лимиті;
6) негізгі қорларга және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін
Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ак ондай сатып алу кез келген пруденициялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.
2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті Меншікті капитал (К) - бұл I деңгейлі капитал мен II деңгейлі капитал (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.
Банк инвестициясы - акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар сомасы./13,25-31/
Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:
- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс;
- жоғары аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінің "А" категориясына енуге тиіс;
- жоғары аталған заңды тұлғалардың қарыз рейтингі Standard & Poors және басқа халықаралық рейтиштік агенттіктердің "А" рейтингінен төмен болмауға тиіс.
Бірінші деңгейлі капитал (К1) мыналардан құралады:
- төленген жарғылық капитал;
- қосымша капитал;
- өткен жылдардағы белінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер);
- шегерілген (-):
- материалдық емес активтер (Халықаралық қаржы есебіне Халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі кызметінің мақсатына алынған лицензияланған бағдарламалық қамсыздандыру);
- өткен жылдардағы зиян;
- ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық сомасы.
Екінші деңгешгі капитал мыналардан құралады:
- ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;
- бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;
тәуекелді есепке алып елшенген активтер сомасының 1,25%-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;
- бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%-нан аспайтын сомадағы банктің субординарлық қарызы;
Банктің субординарлық қарызы - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін, банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:
1) депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;
2) банктің немесе онымен байланысты аффилиирленген тұлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде қамтамасыз етуілмеуте тиіс;
3) алдын ала (толық немесе жартылай) өтелумеуге тиіс;
4) банктің таратылуы барысында соңғы кезекте қанағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында).
Банктің субординарлық қарызы - бастапқы қаістару мерзімі 5 жылдан жоғары болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлық қарыз.
Облигация субординарлық қарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін, егер, ол ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес шығарылса.
Банктің субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке алынады және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:
1-ші жылы - субординарлық қарыздың 80% сомасы;
2-ші жылы - субординарлық қарыздың 60% сомасы;
3-ші жылы - субординарлық қарыздың 40% сомасы;
4-ші жылы - субординарлық қарыздың 20% сомасы;
5-ші жылы - субординарлық қарыздың 0% сомасы,
Меншікті қаражаттардың (меншікті капиталдың) жеткіліктігі төмендегідей екі коэффициенттің көмегімен есептеледі:
Банктің бірінші деңгейлі капитачының барлык активтер сомасына қатынасы 0,06 - дан кем болмауға тиіс
К I - ИК
кі =---------------- (1)
А
Мұндағы:
К I - бірінші деңгейлі меншікті капитал;
ИК - банктің акцияға жұмсаған инвестицшшары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық қарызы;
А - банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.
Банктің меншік капиталының тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге қатынасы 0,12 -ден кем болмауы тиіс.
К
к2 = -------------- (2)
Ар-Пс
Мұндағы:
К - банктің меншік капиталы;
Ар - тәуекел дәрежесіне қарай топтаскан активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы. Теуекел дөрежесіне байланысты өлшенген активтерді . есепке алу барысында кастодиандық келісім-шарт негізінде банкке қабылданған ақшалар есепке алынбайды;
Пс - арнайы резервтер (күменді және үмітсіз активтер бойынша құрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни, төуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер сомасының 1,25, % асатын сомасында).
3. Бір қарыз алушыга келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері Бір қарыз алушы - ҚР-ның заңдарында немесе жасалғаң келісім-шартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды түлға.
Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері мьшалардың сомасынан түрады:
1) банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға қатысты банк талабы;
2) соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген; қарыз алушыға қатысты банк талаптары;
3) ҚР заңдарында немесе жасалған келісім-шартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік төуекелмен байланысты) талаптар; (-) шегерілген,
қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның ішінде:
- банк қарамағына берілген депозиттегі ақшасы, ҚР Үкіметі және Ұлттық банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағздары, құйма бағалы металдары, Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің "А" рейтингін иеленетін банк кепіл-хаттары;
- ҚР Үкіметі және Ұлттық банкіне қатысты талаптары;
- Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің "ВВВ" рейтингінен төмен емес ұзақмерзімді қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік шотарына қатысты талаптары.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері қарыз алушының міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы есептеледі:
Т
кЗ = --------- (3)
К
Мұндағы:
Т – тәуекел мөлшері (несие лимиті); К - банктің меншік капиталы.
кЗ -тің мәні мынадай екі жағдайда қарастырылады:
- Банкпен ерекше қарым-қатынастағы қарыз алушылар үшін, - 0,10-ден аспауға тиіс;
- Басқа да қарыз алушылар үшін - 0,25-ден аспауы тиіс (соның ішінде 0,10 - баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген бланктік несиелер, сондай-ақ оффшорлық аймақ аумағында тіркелген Казахстан Республикасының бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша).
4. Ағымдағы өтімділік коэффициенті.
Өтімділікті бақылап отыру мақсатында банктер ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есебін береді.
Өтімділік коэффициенті екі коэффициент көмегімен анықталады:
- банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4.1); банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті (к4.2).
Ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең төменгі мәнін Ұлттық банктің басқармасы бекітеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық шамасының талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4.2) төмендегідей түрде есептеледі:
Аор
К4.1=-----------, (4)
Мор
Мұндағығы:
Аор- өтімді активтердің орташа айлық шамасы; Мор - талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;
К4 - ағымдағы өтімділік коэффициенті
Өтімділігі жоғары активтерді есептеуге мыналар жатады:
- қолма-қол ақшалар;
- мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ етімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
- құйма қымбат бағалы металдар;
- Ұлттык банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің "А" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
- Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің "А" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген "овернайт" займдары.
Талап етілуге дейінгі міндеттемелерге мыналар есептеледі:
- клиенттердің және банк-корреспонденттердің талап етуге дейінгі депозиттері;
- "овернайт" банкаралық несиелері;
- есеп айрысу мерзімі көрсетілмеген басқа да талап етуге дейінгі міндеттемелер.
Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті (к5) үш ай мерзімнен аспайтын етелу мерзімі бар активтердің орташа айлық шамасының үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі:
Аор
К4.2 =----------------- (5)
Мор
Мұндағығы:
Аор- өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердін орташа айлық шамасы;
Мор - үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;
к5 - қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті.
Өтімділік коэффициентін есептеуде мынадай баптар есепке алынбайды:
1) стандартты активтерден басқа активтер;
2) сенім туралы келісім-шартына сәйкес және касто-диандық келісім-шарт негізінде банктің сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдықтары;
3) Ұлттық банктің офшорлық аймақ тізіміне енбеген, офшорлық аймақта тұратын бейрезиденттерге қатысты талаптар./14,55-71/
Достарыңызбен бөлісу: |