1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет



Дата05.04.2022
өлшемі40 Kb.
#138010
Байланысты:
00004537-1c4d25ea


1 – нұсқа

1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.


А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.
2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.
А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.
3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.
А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.
4. Қосымшалы қос сөзді көрсет.
А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл. Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын
5. Күрделі сөзді көрсет.
А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім. Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.
6. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.
А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау. Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.
7. Бірге жазылатын сөзді көрсет.
А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы. С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны. Е) Бес жылдық, жылдан жылға.
8. Туынды түбірді тап.
А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.
9. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.
А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.
10. Туынды сөзді көрсет.
А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.
11. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.
А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден
12. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті тап.
А) Жатырмыз. В) Жатырсыңдар. С) Жатырсың. Д) Жатырсыз. Е) Жатырмын.
13. тұрған сөзді тап.
А) Жолдасым. В) Қағазың. С) Көшесі. Д) Мектептеріңіз. Е) Қалада.
14. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдерді көрсет.
А) Ертеңгілік, жөн-жосық. В) Ұзынды-қысқалы, ұрда-жық.. С) Ақмола, некен-саяқ. Д) Дүниежүзілік, бүкілхалықтық. Е) Жезқазған, Қорамсаұлы.
15. Жіктік жалғауының І жағының қосымшасын көрсет.
А) –пыз, -піз. В) –сың, -сің. С) –ды, -ді. Д) –ып, -іп. Е) –ған, -ген.


2 – нұсқа
1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.
А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.
2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.
А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.
3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.
А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.
4. Қосымшалы қос сөзді көрсет.
А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл. Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.
5. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.
А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.
6. Күрделі сөзді көрсет.
А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім. Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.
7. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.
А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау. Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.
8. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.
А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау. Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.
9. Бірге жазылатын сөзді көрсет.
А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы. С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны. Е) Бес жылдық, жылдан жылға.
10. Туынды түбірді тап.
А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.
11. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.
А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.
12. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.
А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден
13. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.
А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.
14. Дара сын есімді тап.
А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.
15. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті тап.
А) Жатырмыз. В) Жатырсыңдар. С) Жатырсың. Д) Жатырсыз. Е) Жатырмын.


3 – нұсқа
1. Тәуелдік жалғаудың ІІ жағында жекеше тұрған сөзді тап.
А) Жолдасым. В) Қағазың. С) Көшесі. Д) Мектептеріңіз. Е) Қалада.
2. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдерді көрсет.
А) Ертеңгілік, жөн-жосық. В) Ұзынды-қысқалы, ұрда-жық.. С) Ақмола, некен-саяқ. Д) Дүниежүзілік, бүкілхалықтық. Е) Жезқазған, Қорамсаұлы.
3. Жұрнақты сөзді көрсет.
А) Суында. В) Суға. С) Сумен. Д) Суды. Е) Сусын.
4. Жіктік жалғауының І жағының қосымшасын көрсет.
А) –пыз, -піз. В) –сың, -сің. С) –ды, -ді. Д) –ып, -іп. Е) –ған, -ген.
5. «Туынды сөз» тіл білімінің қай саласына жатады.
А) Пунктуация. В) Лексика. С) Фонетика. Д) Морфология. Е) Синтаксис.
6. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты тап.
А) Баспахана үйі. В) Биіктеу адам. С) Малды ауыл. Д) Сыпайы бала. Е) Кішкене төбешік.
7. Дара сөзді көрсет.
А) Өнеркәсіп. В) Ер-тұрман. С) Қарасу. Д) Өнімділік. Е) Үлкен-кіші.
8. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді тап.
А) Қызғылт. В) Көрме. С) Үрле. Д) Күлкілі. Е) Бағала.
9. Қай сөз жіктелмейтінін көрсет.
А) Көз. В) Келгем. С) Студент. Д) Жазды. Е) Сезімтал.
10. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсет.
А) Төзім. В) Үлкен. С) Шашпа. Д) Шолақтау. Е) Денелі.
11. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын көрсет.
А) Мырзашөл, қосаяқ. В) Атауыз, Алакөл. С) Қаражорға, Есекқырған. Д) Жетіқарақшы, ұлтабар. Е) Ақбозат, Темірқазық.
12. Барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді көрсет.
А) Жаздың. В) Зорға. С) Қолма-қол. Д) Біледі. Е) Әрең.
13. Жіктелген зат есімді көрсетіңіз
А) Көмек В) Жапырақтар С) Мектебім Д) Дәрігермін Е) Бала
14. Біріккен сөзді белгілеңіз
А) Ақтөбе В) Әке С) Паһ-паһ Д) Мүмкін Е) Жеңіс
15. Түбір сөзді табыңыз. А) Суретші В) Іні С) Оқушы Д) Кітапханашы С) Қалқатай

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет