1. курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет24/81
Дата03.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#130563
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Байланысты:
силабус сабактан тыс

9.1.10.Тақырыбы: Өсімдік организмінде өтетін физиологиялық процестерді оқыту сабақтарының әдістемесі

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Биология ғылымы – эксперименталдық ғылым.

2. Тәжірибелік сабақ өткізудің әдістемесі

Дәріс тезисі:

Биология ғылымы – эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық, практикалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймыз. Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ екендігін айта кеткеніміз жөн. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасалмағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізу ге мүмкіндік жасалып отыр. Биология пәні нен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу барысында МЖББМС (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жаратылыстану» білім саласы п әндерінің оқу бағдарламаcы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген), жалпы білім беретін мектептер туралы нормативтік құжаттар, «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыру Ережесі» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі №375 бұйрығы) басшылыққа алынады [1-3]. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет