1. курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары



бет12/81
Дата03.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#130563
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
силабус сабактан тыс

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері.

  2. Биология пәнін оқытудағы тәрбие түрлері.

Дәріс тезисі:

Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:

1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;

2. Патриотттық тәрбие;

3. Еңбек және экологиялық тәрбие;

4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;

5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.

Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.

Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.

Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет