1. курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет26/81
Дата03.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#130563
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
силабус сабактан тыс

9.1.11.Тақырыбы:Жануарлар биологиясы мазмұнындағы сабақтарды өткізудің ерекшелігі,әдістемесі

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу

2. Тәжірибенің жаңа нұсқасын әзірлеу

3. Тәжірибенің қойылу әдістемесіне өзгерістер енгізу



Дәріс тезисі:

Практикалық (сарамандық) жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушыларға теориялық білімді терең меңгеріп, эксперимент жасау дағдыларын дамыту. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау – анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің 11 маңызды құралы. Бұл сабақтар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты өткізіледі. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде қолданылады. Практикалық жұмысқа оқушылар алдымен теориялық білім алғаннан кейін ғана кірісе алады. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары практикалық және зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады. Практикалық жұмыс мектеп шеберханаларында, оқу тәжірибе учаскілерінде өткізіледі. Ал, зертханалық сабақтар биологиялық кабинеттер мен зертханаларда жүргізіледі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет