1. курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет32/81
Дата03.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#130563
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Байланысты:
силабус сабактан тыс

9.1.14.Тақырыбы: Тәжірибелік алаңда сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

  2. Оқу.тәжірибе учаскесінің оку.тәрбиелік маңызы

Дәріс тезисі:

Мектеп жанындағы үлескідегі жұмыстардың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы зор. Өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылар бойында қоршаған тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, еңбекке деген дағды қалыптасады. Олар әдемілікті бағалап, түсіне білуді үйренеді.. Мектеп маңындағы үлескіде жұмыс істеу процесінде биология ғылымының тәжірибемен байланысы айқындалып, пәнаралық байланыстардың нығаюына жағдай туады (биология, химия, география, сызу). Бұл оқу құралында өсімдіктерді сипаттаумен қатар гүлзарлар, газондар, рабаткалар, бардюрлердің құрылым-схемалары, әр түрлі көгалдандыру типіне қатысты өсімдіктер тізімі косымша беріліп отыр. Мектеп маңындағы жер үлескісінің табысын жиналған өнімнің сандық нәтижесімен ғана емес, ол нәтиже де қажет бола тұрса да, оның оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі нәтижесімен бағалау керек, басқаша айтқанда, мектеп үлескісі оқу сапасын қаншалықты арттырғандығы, жоғарғы сынып оқушылары қаншылықты жұмыс істеу дағдыларын үйренгендігі, төменгі сынып оқушылары қаншалықты жұмыс істеуге әдеттенгендігі жөніндегі нәтижесімен бағалау керек. Сондықтан мектеп маңында оқушылармен еңбек ететін ұстаз, тек қана агрономияның қарапайым негіздерін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагог болуы керек. Ең алдымен үлескі территориясын ұйымдастырудың, тұқым себудің, отырғызудың ойластырылған педагогикалық жоспары құрылуы керек. Оқушылар мектеп үлескісінде өздерінің биологиядан алған теориялық білімдерін тірі өсімдіктер мен жануарлармен жұмыс істей отырып тереңдетеді, бекітеді. Олар өсімдіктерді өсіру әдісі және жануарларды күтіп баптау туралы түсінік ала отырып, белгілі бір жүйеде жұмыс істеуге дағдыланады. үлескіде жұмыс жасай отырып оқушылар ұйымдастырушылыққа, ұжымда жұмыс істеуге, еңбек мәдениетіне, эстетикалық сезімге, өсімдіктерді көбейту арқылы табиғатты қалпына келтіруге қажетті дағдыларды меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет