Талдау тәжірибесінде «резервтер» терминінің екі мағынасы қолданылады.
Біріншіден, резервтер кәсіпорынның үздіксіз қызмет атқаруына қажетті ресурстардың қоры болып табылады (шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, жанармай және т.б.). Олар қосымша қажетті болады деген мөлшерде шығарылады.
Екіншіден, резервтер өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер болып саналады. Осыдан резервтерді қорлар ретінде және өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер ретінде, яғни екі әр түрлі ұғым ретінде қабылдауға болады және екі ұғым арасын дұрыс бөлмеу терминологиялық жаңылуға әкеледі.