Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық лайықтылығын табыс алу анықтайды.
Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші бұл табыстардың немесе түсімнің сомасы.
Табыс – бұл есептік мерзімде активтердің артуы немесе міндеттемелердің азаюы. Табыстар тек товарлар мен қызметтерді сатудан тікелей төлемдер ретінде алынбайды, олар пайыз, роялти, дивиденд түрінде де болуы мүмкін.
Демек, табыс:
Пайыз күйінде – бұл субъекттің ақшалай қаражаттарын пайдалану үшін төлемақы.
Роялти күйінде – бұл субъекттің ұзақ мерзімді активтерін пайдалану үшін төлемақы, мысалы, патенттер және т.б.
Дивидендтер күйінде – бұл таза табысты акционерлер арасында жарғы капиталындағы олардың үлестеріне қарай тарату.