1. Үлестірім заңы берілген Х дискретті кездейсоқ шамасының сандық сипаттамаларын табыңыз



Дата12.12.2021
өлшемі6,74 Mb.
#99837
Байланысты:
7 тапсырма теор


7-тапсырма

1. Үлестірім заңы берілген Х дискретті кездейсоқ шамасының сандық сипаттамаларын табыңыз:



Х

-4

6

10

р

0,2

0,3

0,5

2. Егер X жәнеY кездейсоқ шамаларының математикалық күтімі белглі болса, онда Z кездейсоқ шамасының математикалық күтімін тап.

а) Z=X+2Y, M(X)=5, M(Y)=3;

3. Х дискретті кездейсоқ шамасы үш мәнді қабылдайды: х1=4 мәнін р1=0,5 ықтималдылықпен; x2=6 мәнін р2=0,3 ықтималдылықпен және х3 мәнін р3 ықтималдылықпен қабылдайды. Егер М(Х)=8 болса, онда х3 пен р3 мәндерін табу керек.

4. Х дискретті кездейсоқ шамасының қабылдайтын мүмкін мәндері берілген: х1= -1, х2= 0, х3= 1, сондай-ақ бізге M(X)=0,1, M(X2)=0,9 белгілі.

Кездейсоқ шаманың мәндер қабылдау ықтималдылығын р1, р2, р3 табу керек.

5. Жәшіктегі 10 деталдің үшеуі стандартты емес. Жәшіктен кездейсоқ түрде екі детал алынды. Алынған деталдардың ішінде стандартты емес деталдардың санын білдіретін Х кездейсоқ шамасының сандық сипаттамаларын табу керек.

6. Х және У кездейсоқ тәуелсіз шамалар. D(X) = 5, D(Y) = 6 берілсе, Z = 3Х - 2Y кездейсоқ шамасының дисперсиясын табыңыз.

7. Үлестірім заңы берілген Х дискретті кездейсоқ шамасының сандық сипаттамаларын табыңыз.

a) Х 4,3 5,1 10,6

р 0,2 0,3 0,5

8. Егер әр сынақта А оқиғасының пайда болу ықтималдығы 0,2- ге тең болса, онда 5 тәуелсіз сынақта А оқиғасының пайда болу санын білдіретін Х дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын табыңыз.

9. Жәшiктегi бұйымдардың 10 пайызы боялмаған. Кездейсоқ алынған 4 бұйымның iшiнде Х – боялмаған бұйымдар санын білдіретін кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын табыңыз.

10. Екi мерген нысанаға бiр-бiрден оқ атқан. Бiрiншi мергеннiң нысанаға тигiзу ықтималдығы 0,6-ға, екiншi мерген үшiн 0,8-ге тең. Нысанаға тию санын білдіретін кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын табыңыз.









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет