3. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі). Қоғамның саяси жүйесі Қазақстан жеріне әртүрлі кезеңдерде тағдырдың жазуымен қоныс аударып келіп, тұрақтанған өзге ұлт өкілдері баршылық. Олар бүгінгі күні әлемдік қауымдастыққа Қазақстан Республикасы атауымен енген елдің азаматтары ретінде өмір сүруде. Көпшілігі кеңестік тоталитарлық жүйе үстемдік құрған шақта күштеп көшірілген халықтар еді. Олар тағдырдың тәлкегіне ұшырап қуғындалып келгенде, жергілікті қазақтар өз жағдайлары аса мәз болмаса да, қолдан келген көмектерін жасап, аман-есен тұрып кетулеріне жәрдемдесті. Бірқатар ұлттардың өкілдері саяси қуғындау аяқталып, құқықтары қайта келтірілген уақытта Отандарына қайтты. Кейбіреулері тұрақтап қалды. Қазіргі уақытта олар Қазақстан азаматтары ретінде барлық салада еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосуда.
Еліміздің тәуелсіздік алған уақытынан бері қазақ халқы өзге ұлт өкілдерімен саяси тұрақты және ұлтаралық келісімде өмір сүруде. Бұл ширек ғасырға жуық уақыт аралығында этносаралық қарым-қатынастың Қазақстандық үлгісінің қалыптасқандығын байқатады. Ал, елдегі азаматтардың ортақ Отан сүйгіштігі мен ұлтаралық келісімі, ол бейбіт және тату өмір сүрудің нәтижесінде қалыптасатындығы сөзсіз.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздегі ұлтараралық қатынасқа байланысты: «Ұлтаралық келісім өте нәзік, кәдімгі адам ағзасының қантамырлары жүйесі. Оның бір жерінде кідіріс болған кезде адам денсаулығын жоғалтады. Мемлекетте де дәл осылай. Біздің жылдағы барлық жетістіктеріміз елдегі осы тұрақтылық пен тыныштықтың арқасында болып отыр. Бұл біздің негізгі ұстанымымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің бүкіл тәжрибесі – әлемдік тұрақтылыққа қосылған үлес болуы тиіс. Еліміздегі тыныштық мәселесі – бұл менің жеке мәселем емес. Қазақстанның бүкіл халқының мәселесі, мемлекеттің мәселесі, біздің болашағымыздың мәселесі», - деп жазған еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жарқын оқиғаның бірі республиканың қоғамдық-саяси аренасында этносаралық қатынастың жаңа институты – Қазақстан халықтарының Ассамблеясының (қазіргі Қазақстан халқы Ассамблеясы) құрылуы болды. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы елді мекендеген барлық ұлттық-мәдени орталықтар мен этностық қоғамның барлық өкілдерін біріктірді. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультациялық-кеңес берушілік орган мәртебесіне ие. Бұл органның пайда болуы халық арасында да, этникалық азшылық арасында да қолдау тапты. Ассамблея өз жұмысын бастағаннан кейін, этникалық азшылықтың көптеген ұлттық-мәдени орталықтары алғаш рет өздерінің тілін, дәстүрлерін жаңғыртуға және оны мемлекеттің қолдауымен жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері тұрады.