9. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз.
A) «Ақындарға».
B) «Дүние мен өмір».
C) «Бостандық туы жарқырап».
D) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».
E) «Жастарға».
10. Ақан серінің өлеңін көрсетіңіз.
A) «Ақ сиса».
B) «Сырымбет».
C) «Жанбота».
D) «Тау ішінде».
E) «Қорлан».
11. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.
A) 1930 ж.
B) 1926 ж.
C) 1925 ж.
D) 1927 ж.
E) 1920 ж.
12. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.
A) «Фантазия».
B) «Мен таулықпын».
C) «Анау – аспан, мынау – бақ».
D) «Поэзия».
E) «Қара өлең».
13. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.
A) Бунақ.
B) Ұйқас.
C) Тармақ.
D) Шумақ.
E) Буын.
14. «Шыңырау» повесіндегі бас кейіпкерді табыңыз.
A) Ермек.
B) Еңсеп.
C) Ахмет.
D) Омар.
E) Байсал.
15. Алдар көсе аңызында: - Естіген өтірік, көрген шындық,- деп айтатын кейіпкерді табыңыз.
A) Кемпір.
B) Алдар.
C) Хан.
D) Бай.
E) Бізбикеш.
16. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз.
A) «Күлше қыз».
B) «Мақпал мен Сегіз».
C) «Айман-Шолпан».
D) «Қыз Жібек».
E) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».
17. "Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін" деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.
A) Мұса биге.
B) Батырға.
C) Жолдасына.
D) Ханға.
E) Би Темірге.
18. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
A) “Күмбір, күмбір кісінетіп”
B) “Мұнар күн”
C) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”
D) “Асқар, асқар, асқар тау”
E) “Жиырма деген жасыңыз”
19. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен » деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз.
A) «Қалың мал».
B) «Кім жазықты».
C) «Қамар сұлу».
D) «Көкшетау».
E) «Дала».
20. С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» туындысында Нұрмағанбетке Балуан Шолақ деген атауды кім қойғанын табыңыз.
12. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз.
A) Ш.Айтматов.
B) Р.Ғамзатов.
C) Ғ.Гулям.
D) Ғ.Мүсірепов.
E) М.Әуезов.
13. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.
A) І.Есенберлин.
B) О.Бөкей.
C) Ә.Нүрпейісов.
D) М.Шаханов.
E) Ш.Мұртаза.
14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.
A) Түрмеден қашып келеді.
B) Адасып келеді.
C) Жаулардан қашып келеді.
D) Туған жеріне келеді.
E) Мал ұрлау үшін келеді.
15. ’’Жамиғат-тауарих’’ кімнің еңбегі екенін табыңыз.
A) Әбілғазы Бахадүр.
B) З.М.Бабыр.
C) Қадырғали Жалайри.
D) М.Х.Дулати.
E) Мұхаммед Салих.
16. Өзі іздеген сұлу қызды құмырсқаның көмегімен тапқан кейіпкері бар ертегіні табыңыз.
A) «Ер Төстік».
B) «Аяз би».
C) «Алтын сақа».
D) «Құмырсқалар, аралар-қиыспас дос құдалар».
E) «Күн астындағы Күнікей қыз».
17. Жәнібектің:
- Інісі өлген қандай екен? - деген сұрағына Жиреншенің қайтарған жауабын белгілеңіз.
A) Оң қанатың қайырылғаны.
B) Асқар тауың құлағаны.
C) Ағар бұлағың суалғаны.
D) Бауыр еті күйгені.
E) Сол қанатың қайырылғаны.
18. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.
A) Өлеңдерін тарату.
B) Шұрайлы жер іздеу.
C) Игі жақсыларды жинау.
D) Өзінің кәсібі.
E) Саяхат жасау.
19. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
A) Доспамбет.
B) Асан қайғы.
C) Жиембет.
D) Шалкиіз.
E) Қазтуған.
20. С.Мұқановтың ’’Ботагөз’’ романының 2-бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.
A) ’’Тарауда’’.
B) ’’Жолда’’.
C) ’’Таң атарда’’.
D) ’’Тұңғиықта ’’.
E) ’’Күн күлімдегенде’’.
21. Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасында оқыған қаламгерді табыңыз.
A) М.Жұмабаев.
B) М.Әуезов.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Ж.Аймауытов.
E) І.Жансүгіров.
22. Ғ.Мүсіреповтің 1950-70 жылдары аралығында жазған шығармасын белгілеңіз.
A) «Ақан сері-Ақтоқты».
B) «Алғашқы адымдар».
C) «Ақлима».
D) «Амангелді».
E) «Өмір жорығы».
23. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.
A) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.
B) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.
C) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.
D) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.
E) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.
24. Новелланың анықтамасын белгілеңіз.
A) Кейіпкерлері болмайтын, тек суреттеуге құрылатын
әңгіме.
B) Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын
шешіммен аяқталатын әңгіме.
C) Тек махаббат тақырыбын суреттеген шығарма,
D) Әңгімеге қарағанда көлемді шығарма.
E) Әңгіменің бір түрі, бірақ көлемі өте қысқа.
25. ’’Диуани лұғат-ат түрік’’ атты жинақ қай ғасырда жарық көргенін белгілеңіз.