www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
мінез танытқан Құлманбеттен өзінің шындыққа негізделген тасқынды өткір өлеңдерімен
басым түседі.
«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт»
деп Жамбыл Құлмамбеттің мақтаған байлары мен саудагерлеріне қарама қарсы ел
тәуелсіздігі үшін күрескен Сұраеншы, Саурық батырларды нағыз халық қалаулары деп
көрсетеді. Бұлардыі қасиетті есімін ардақ тұтып, Құлмамбет дәріптеген байлардың шетінен
озбыр, надан болғанын мінездеп береді.
Екіншіден, бұл, менің ойымша, әрбір ақын өз руын мақтайтын салтқа қарсы жасалған
жаңа бетбұрыс еді. Сонымен қатар, қазақтың айтыс өнеріндегі жаңаша көзқарас пен
өзгелерге ұқсамайтын өзіндің ерекшелігі деп есептеймін.
Үшіншіден, бойындағы сабырлық мінезін таныта отырып, қарсыласын жеңу мақсатында
емес, халықтың асыл мұралары шежіре, аңыз, тарихи оқиғаларды айтыс шеңберіне
кірістіріп, оған дастандық мазмұн сыйғызып, халыққа дәріптеуі, айтыстың тағыда бір
ерекшелігі деп атап өтуге болады.
Қорыта келе, ауыз әдебиетінің көркемдік дәстүрінен үлгі алған Жамбыл мен
Құлмамбеттің айтысын халықтың айнасы, әрі нағыз айтыс шеберлігі деп атауға болады.
Жаңашылдықты көздейтін ақын осы айтыс өнерінде ерекшелігімен танылып, халықтың
санасында жатқан мәселелерді қайта жаңғыртқандай әсер қалдырды. Сонымен қатар,
тарихта аты қалған ұлы тұлғаларды танытып, бізге өнеге болсын деп осындай асыл мұраны
қалдырып кеткендей.
Достарыңызбен бөлісу: