www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
дейтін секілді. Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар. Ал менің өмірімде босқа өткен
уақыттар болды ма, соған шолу жасасам.
Әрине, олардың көп болғаны белгілі. Кей кездері барлығымызда мынандай жағдай
болады: ұйқыдан тұрған кезіңде көңіл күйің жоқ, еш нәрсеге зауқын жоқ, жай жата бергің
келеді. Менде бұндай жағдай бір емес бірнеше рет болды десем де болады. Егер сол
уақытымды бос кетірмей, кітап оқысам, пайдалы іспен айналыссам… Егер сол кезде ғылым
үйренгенімді, мүмкін, қазір білгенімнен де артық нәрсе білер ме едім… Өкініш те бар, бірақ
өткен күніңді қайтара алмайсың. Сондықтан менің жоспарым өткеніме өкінбей, алдыма
мақсат қойып, уақытымды бос өткізбей, бұл дүниеге бір кірпішімді қалау.
Егер біздің банктегі жеке есепшотымызға әр күні таңертеңгісін 86400 еуро аударылса,
бірақ бұны жиырма төрт сағат ішінде жұмсап үлгермесе, жоқ болып кететін болса, қалай
жұмсар едік? Оны жақсы білеміз. Әр пенденің тірліктегі бір күнінде 86400 секунд бар. Соны
жақсылап қолдануымыз керек.
1.
Алдымен неге уақыт бөлген жөн?
2.
Еңбекке уақыт бөл, бұл – табыстың көзі.
3.
Ойлауға уақыт бөл, бұл – күш-қуаттың қайнары.
4.
Демалуға уақыт бөл, бұл – тың болудың кепілі.
5.
Оқу үшін уақыт бөл, бұл – білімнің іргетасы.
6.
Құлшылыққа уақыт бөл, бұл – ізгіліктің жолы.
7.
Басқаларға қарайласуға уақыт бөл, бұл – бақыттың бұлағы.
8.
Жақсы көру үшін уақыт бөл, бұл – өмір шындықтарының бірі.
9.
Армандауға уақыт бөл, бұл – рухты жұлдыздарға жеткізеді.
10.
Күлу үшін уақыт бөл, бұл – өмір жүгін жеңілдетудің тәсілі.
11.
Жоспар үшін уақыт бөл, бұл – жоғарыда айтылған тоғыз істі жүзеге асыру үшін
керекті уақытқа ие болудың құпиясы.
Қорытындылай келсем, өткен күн – тарих, келешек – көмескі. Уақыт – адамға берілген
нағыз сый. Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар. Мен болмасам кім, қазір болмаса
қашан демеуге шарамыз жоқ. Уақыт адам баласының азына ие болып, көбіне мұқтаж
болған нәрсесі. Барлығында жиырма төрт сағат бар. Бірақ баршасы бұны ұтымды
қолданбайды. Уақыт қордаланып жиналмайды, кері қайтарылмайды. Қарызға алуға және
беруге болмайды. Сыйға тартылмайды. Мирас ретінде қалдырылмайды. Уақыт деген –
біздің өміріміз.
Достарыңызбен бөлісу: