№1 Махамбеттің «Қара нарға»


Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жаз



бет3/5
Дата25.12.2021
өлшемі77,8 Kb.
#105001
1   2   3   4   5
Байланысты:
51 эссе гуманитар бағыт

Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жаз.

Қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтанов -қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келіп қосылған ұрпақтың өкілі. Оның соңғы қалам тартқан және де прозасының ең биік шыңы –«Шырағың сөнбесін» романы.

Ал енді жалпы романның негізгі құрылысы және романдағы кейіпкер, яғни әйелдер психологиясы жайлы талдап, сөз қозғайық.Егер де Тахауи осыған дейін,отыз жастың маңайында жүрген шағында ұсынған «Қаhарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, енді елу жасқа толар шағында қағазға түсірген мына «Шырағың сөнбесін» романында соғыстың неліктен болмауы керектігін , адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етеді. Және айта кететін бір жәйт :соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда әйелдердің көзімен суреттейді, сол себепті сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең, асқан бір шеберлікпен бейнелеп берген бұндай роман қазақ прозасында жоқтың қасы деп айтсам қателеспеймін. Бұл роман -қазақ әдебиетінің әскери жанрындағы санаулы жәдігерлерінің бірі. Соғыс басталып кеткен кез. Көрген күнінің бәрі қасірет, алғанының бәрі азап, баласын құшақтап қалған жесір әйел. Соғыс басталғанда эвакуацияға ұшыраған әйелдердің ішінде осы Назира да болады.Әрине бұл бір сөзбен айтқанда.Оқи, көре , аңғара келгенде көп-көп тағдыр, талай табиғат, характер қақтығыстары ашылады. Бұрын кітап бетіне , не театр сахнасына , кино экранына түспеген неше алуан деталь, қат-қабат тірлік. Оқиға ,жалпы, Назираның ауызыннан да баяндалады. Бәрі осы кейіпкердің көзімен беріледі. Соғыс, ел басына тускен ауыр жағдай әйел, бала -шағаның өзіне бейбіт күн кешуге мұрша бермейді.Жұрт қалай шегінсе де , алдынан соғыс шығады. Жағдайдың өзі кімді болсын ,қақпалап апарып қан майданға салып жіберді. Романда жеке-жеке тоқталуды қажет ететін кейіпкерлер толып жатыр. Бірақ бәріне бірдей тоқталып кету мүмкін емес .Роман желісіне бінеше ұрпақтың өкілдері қатысады. Осының өзі романға үлкен ауқым , кең тыныс беріп тұр.

«Шырағың сөнбесіннің» тілі шұрайлы-ақ. Бейнелі сөздер , орынды қолданылған мақал-мәтелдер жиі ұшырайды. Жеңіл ,жақсы оқылады. Оқушы көңіліне қанат бітіреді. Тұсамайды. Кейіпкердің жан дүниесіне үңілу , психологиялық тұрғыдан іс-әрекеттерін дәйектеу осы романда анық кездеседі. Дәуір шындығын , оған қатысты басқа да әрқилы тарихи кезеңдер ақиқатын сабақтастыра қараған роман – қазақ әдебиетінің биік белесі болды . Сондықтан да Тахауи Ахтанов шығармалары қазақ әдебиетінің жарқын , қуанышты биіктеріне айналды.

38 Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?

Өр рухты қазақ халқының өріндей өткір ұрпағы қаншама! «Дос болғанға құшағы ашық туыспыз,Қас болғанға қиып түсер қылышпыз»,-деген Абылай бабамыздың бұндай сөздерінен ұлтымызға тән ұлылықты ұғынамыз.Отаны үшін жан аямай күрескен Абылай ханның ізін жалғастырған қаһармандар аз болмады.Сол батыр ұрпақ тізімінің көш басында Бауыржан Момышұлы тұр десек,артық айтқанымыз болмас.

Елінің ертеңі үшін жауынан тайсалмай соғысқан ерлерді жырламау үрпаққа сын.Сондай асқан ерлік пен ендіктің жыршысы – Әзілхан Құршайықовтың асқан шеберлігінен туған «Ақиқат пен аңыз» роман диалогі.

Әзілхан Құршайықов аталмыш туындысында Бауыржан Момышұлы бейнесін өте жоғары дәрежеде аша алды деп септеймін.Неге десеңіз,шығарманың кереметтігі соншалық,кітаптан алғашқы беттерінен-ақ Бауыржан атамызға тәнті болып,батырды жаңа қырынан таныта түседі.

Сұхбат мақсатымен басталған бұл диалогтің халық жүрегінен ерекше орын тепкен романға айналарын кім білген? Батыр атамыздың Отанына соншалықты берілгені,тәртіп пен тәрбиені өмірлік ұстанымы еткені мәні тәнті етті.Оны өрісің мынадай сөзжерінен аңғаруға болады:

«Тәрбиелі – тәртіңтің құлы,

Тәртіпті – сөздің құлы».

Роман – диалогті оқи отырып,батыр Бауыржанның сергелдеуге түспейтін салқынқанды екенін,қандай да бір оқыс оқиға,төтенше жағдай орын алса да дегбірсізденбей,байыппын шешетінін оңай аңғара аламыз.Батырдың сұсты қабағы мен рухты сөздері әрбір жауынгердің жүрегіне от жақты, жасытпады. Отанына,оның ұлағатын ұландырына риясыз берілген батыр барша қатарластарына,қол асты сарбаздарына үлгі болды.Тіпті,өмірдегі әкесі тұтқан,ұлылар санатына қосқан командирі генерал-майор Покатиловтің қазасын да үнсіз жабығып,қайғысы қабатқа жасырған бауыржанды асқан сабырлы,екерше болыпты деп есептемеске болмас.

Қорытындылай келгенде,жазушы Әзілхан Құршайықов батыр бейнесін өз дәрежесінде аша білді. Кем – кемігі,асыра сілтеуі жоқ бүл шығарма біз үшін ұлағатты қаһарман атамыз Бауыржанмен танысу рөлін атқарды.Батырдың әрбір сөзімен жәгер алып,өзіңе үлгі ететін.Батыр болса дәл біздің Бауыржандай болсын,шіркін!

40 М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз.

Ғашықтық тақырыбы қай ақынның болмасын шығармашылығында ойып орын алатын тақырыптардың бірі. Кім қай дәрежеде түсінгеніне,қаншалықты қадіріне жеткеніне қарамастан «махаббат» дегенде әркімнің де елең ететіні сөзсіз.М.Шаханов атамыздың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі басқы мақсат – махаббат сенімін дәріптеу деп білемін. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінде отбасылы әртіске қызының ғашық болып қалғанына қайғырып келген шешесі автордан оған көмектесуін сұрайды.Осы мәселені шешу үшін автор Естай мен Қорлан махаббатын еске алып,ғашықтық сезімін ерлікке теңейді. Естай мен Қоранның бір-біріне деген сезімінің қартайғанда да сөнбеуі,махаббатың өмірге деген құштарлықты,адамға деген құрметті оятатын әрі нығайтатын ғажайып күшке айналатынын Естай махаббатты арқылы жеткізуі арқасында өлеңнің тартымдылығы арта түскен.Автор сөз жоқ,махаббатқа кінәлауға асықпау керектігін айта отырып,мұндай ұлы сезімді,әрбір адамның еншісіне берілмейтін керемет қасиетті қорғауға үндейді. Бұл өлеңнің негізгі сюжеті маған да ой салды.Бейшара нан ілпештеп өсірген қызының өзін сүйген жігіттерді жүрегі селт етпестен мазақ етіп,ал өзі болса отбасылы бір әртістің соңынан жүгіріп жүргенін айтып жылап келді емес пе?Осы күнде де қанша қыздар қанша әртіс,әншілерге ғашық.Ғаламтор парақшалары арқылы олармен хабар алысып, сезімдерін білдіріп жатады.Ал осы қыздардың бәріне «ғашықтық кез келгенге тартылмайтын сыбаға» деп ақыл айтар болсақ не болмақ?Ұлы сезімді ұлықтау,дәруптеу жөн, дегенмен де «қыздың жолы - жіңішке» болғандықтан, қазақ қызы өз сезімін құпия ұстаған.Қазақ қызы – болашақ ұлтты құрайтын, ұрпақты дүниеге келтіретін жан.Сондықтан да дәл мұндай жағдайларда қыздарға жан-жақты ойлана отырып бір шешімге келу дұрыс сияқты.Осы арайда Ақұштан апамыздың мына өлең жолдары өте орынды сияқты:

Болмау керек сүюдің жолы жаңа

Қыз үлесі қашанда болу Ана.

«Жаным» деген жігітті жек көрмеңдер,

Өзі сүю қыздардың соры ғана!

Себебі, өзі сүюдің кесірінен тастанды балаларды өмірге әкеліп жатқан қыздардың көбеюі де соның бір мысалы емес пе? М.Шаханов ғашықтықтың шынында да ғаламат сезім екенін дәріптеу үшін Естай махаббатын әсерлә жеткізе білген.Бірақ кез келген мәселеге бір жоқты қарауға болмайды деп ойлаймын,себебі әр адам бұл сезімді басынан әр түрлі күйде өткізеді.Әркімнің тағдыры әр түрлі болғандықтан ұлы сезімді жүрек түкпірінде аялап ұстау керек.

41 С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.

«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда жетпіс үшке толған,мүшел жастағы әже Балзия мен оның немересі Аманай басты кейіпкерлер ретінде бейнеленген.Себебі,әңгіменің негізгі бөлімі осы екі кейіпкерден басталады.Ол екеуі жер жаннаты Жетісуды іздеп тау аспақшы болады.Бірақ қаусаған кәрі адамға Жеісуды іздеп не пайда? Неліктен Балзия немересі Аманайға «Сәукеле» тауы жайлы айтты?Әрине,оның бір ғана себебі бар.Ол – Балзияның туылған жері.Аманай да Жетісуда туылған болатын.Томар – Омар неге Балзияның елге жетуіне күмәнданды?Ол Балзия әжейге кім болып келеді?..

Жалпы туындының негізгі ой түкпірі – патриотизм,яғни туған жерге деген сағыныш,туған жерге деген ыстық сезім.Қойылған сауалдарға оралар болсақ.Томар-Омар Балзияның көршісі,жақын араласып жүретін қарт досы десек те болады.Томар-Омар күмәндәну себебі – Балзия жетпіс үш жастағы әже бір өзі кішкентай баланы қасына ертіп алып,ауырып,төсектен әрең тұрып,әрең жүргеніне қарамастан,аштықты ескерместен сонау алыс Жетісуға жолға шығуы.Ал Жетісуға барар жолда алдыда биік асу бар.Ол – Сәукеле тауы.Оның басын адам өте алмайтындай мәңгілік мұздықтар алып жатыр.Балзия мен Аманай батылдық танытып бұл асуды да бағындырады.Аманай тек батыл ғана емес,сөзге берік,ержүрек,ақылды бала болған..Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп әжесі айтқанда,ол намысқа тырысып,ешкімге тіс жармағандығынан аңғара аламыз.Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған,белгісіз қырлы туған жерге деген махаббатты жатыр.Сондықтан болар,әжесімен бірге қыр асыл,тау басты...

«Отанды,ұлтты,әдебиетті,оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ.Тынымсыз,жанашыр,табанды әрекет керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай,бұл әңгімеден Балзияның қанша ауырса да,жаны қиналса да оның бәріне мойымай төтеп беріп,өнері келген шағын сезіп туған жеріне бастап барар жолын тапқандылығынан оның табандылығын,қайсарлығын,көрегендігін біле аламыз.Оқиға соңында оның жартастан құлап,су ағынымен туған жерінде көз жұмғандығы баяндалады.Қорыта айтар болсақ,басты кейіпкерлердің бірі Томар-Омардың да қорыққаны осы болатын.

№43 Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет?

Қазақ әдебиетіне 1960 жылдары келіп қосылған бір шоғырталанттың ішінде бүкіл қазаққа танылған тулға – Қабдеш Жұмаділов болатын.Өзі қатарластарынан біршама ерекшеленетін.Бұл ерекшелік оның өмір шағында ғана емес,шаығармаларынан да көрініп тұратын.

Алғашқы қадамын поэзиядан бастап,шағын жанр арқылы романға келген Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің дамуындағы өзіндік орны бар қаламгер.Жазушыны өз замандастары «Қара сөздің Қабдеші», «тағдыры бөлек шарланбоз», «тағдырлы тұлға» деп атаған.

Қабдеш Жұмаділов өзі туып өскен жері- Қытай жеріндегі Шығыс Түркістанның тарихы – сол кезде де тарих ғылымында да,әдебиетте де жеті зерттемеген мәселе болатын.

Қазақ тарихындағы Шығыс Түркістан тақырыбы алғаш Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш» роман – дилогиясында көрініс тапса, «Тағдыр» романында жалғасты.Бұл романда жазушы қытайдағы екі мың жылдан аса уақыт өмір сүрген монархиялық патшалық өкіметтің 1911 жылға дейінгі тарихи жағдайларына байланысты қазақтардың өмірін,күресін қайраткер тұлға Демежан арқылы көрсетеді.Романның сюжеттік-композициялық тұтастығын дәнекерлеп тұрған негізгі арна да – Демежан,сонымен бірге оның қиянатшыл,әділетсіз Маншың өкіметіннің зорлығына қарсы күресі.Демежан төңкеріс жасап,көтеріліске шықпаса да , әділетсіздікпен күресудың өзге амалын таңдаған.Ол халқының ауыз бірлігін,елдігін ақтап қалу жолында тер төгеді.Шығармадағы Демежан характерінің қалыптасуын көрсететін әлеуметтік даулар толып жатыр.Солардың қай – қайсысы болмасын Демежан образын толықтыра тұседі.Мысалы,Демежанның аймақтық әміршісі Ши-Амбыдан жер,су сұрауы,шекараны бөлу комиссиясының мүшесі ретінде ел ішіндегі қоғамдық мәселелерге араласуы,қарым – қатынасы,халдайлармен арадағы қақтығысы сияқты толып жатқан сюжеттік желілер романның композициялық бітімін құрайды.Шығармадағы Демежан төңірегінде өрбіп отырады. . Жазушы орталық кейіпкер ретінде Демежанды бейнелесе,ол өмір сүріп отырған қоғамының әлеуметтік ортаның шындыңын көрсетуге тырысқан.

Қабдеш Жұмаділов қазақ дәстүрінен орын алған екі әйел алуды,бәйбіше мен тоқалдың арасындағы қарым – қатынасты күндестікке,бақталастыққа әкеліп тіремей,адамдық қасиеттерді зерделеу негізінде таныта алған.

«Тағдыр» - ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген роман.Ол қазақ әдебиетінің өз қойнауынан шыққан туынды. «Тағдырды» оқып отырғанда қазақтың кең даласына сүңгіп кеткендей рахат кешесің

44 Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз.

Қашаған Күржіманұлы – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өзінен бұрынғы Абылай мен Махамбет қалыптастырған дістүрдің нәрлі өнегесіне қаныға,оны әрі қарай ілгері дамытқан әйгілі ақын.

Қашаған ақын сыншыл,тура,өткір,сықақ мәнді шығармаларымен танылған айтулы бұқара жыршысы.Жыр саңлағының қай өлеңін алып қарасақ та жер қойнауында кездесетін маржан тастар секілді өте құнды.Оның ерекшелігі сол халықпен бірге қойнаған өмірдің ортасында жүреді.

Ал қалдырған шығармалары жинала келек халықтық мұраға айналған.Қащаған өлеңдерінде надан,дін-бұзар молдалар мен сарң байларды аяқсыз әшкерелеген.Сондай өлеңдердің бірінде:

Кейбір байлар шатаурап,

Өтірік науқас мажаурап.

Жарлыны көрсе шаңқылдап

Көкесін сөзбен

Аузы қисық болса да,

Орынсыз сүйтіп күш қылады,- деген сөздерге назар аударсақ байларды сынап жазған.Сол ездегі үстемтап шаруаларға,кедейлерге көрсеткен жамандығын,жасаған әртүрлі әділетсіздіктерін ешкімнен қамықпай бетке айтқан.Әдетте біз бай деп дәулеті тасып шалқыған,төрт түлігісай,қалталы адамдарды айтамыз.Байлардың арасында да өнерге,ғылымға көмек көрсетуп,өамқорлық танытып,демеулік жасайтындары болады. Расында өнер – білімге қолдау көрсеткендер де бар,сонымен қатар азды көпті жасаған жақсылығын жер-көкке сыйғызбай мақтанып,қайырымды істерін өзінің атақ абыройын көтеру үшін пайдаланатындар да жоқ емес.Мұндай «Алтындай жомарттарды» қазіргі тілде меценаттар деп айтады.Осы айтылып отырған жағдайлардың бәрін менің пайымдауынша Қашаған ақын өзінің отты өлеңдерінде жазды.Қай уақытта болмасын,бүрынғы немесе қазіргі заманда да бай мен кедей арасында міндетті түрде айырмашылық болады.

Қорытындылай келе,Қашаған қалқан қағыстырып,қылыш сермесе де, бүкіл өмірі күреспен өткен.Ол көргенсіздікпен,әділетсіздікпен , қаскөй қатігездермен,надандықпен күрескен ақын,әрі заман сырын сезіне алған жыршы.

46 Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

«Алаш идеясы» - қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы.Өйткені Аоаш-халқымызды бесігінде тербетіп,есейп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.Алаш-ұлттық өзін бөлінбес тұтас жер,яғни территория ретінде сезінуі.Алащ-ұлттың аспан асты,жер үстәнде өз орны бар ел ретінде өз емшісі мен үлесін анықтау харакеті.

Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді.Алаш жаңа елдігіміздің байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтықтарихында еңұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр.Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай үақытта ғана қамтыған.Аз болса да ғасырға тең уақыт.

Алаштың серкелері - Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Тынышбайұлы,Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар Алаш зиялылардың алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.

Алаш жеке партияның ғана меншігі емес. Алаш – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған алғашқы толыққанды үкіметпен саяси партия.Бүкул ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз.Алаштың аманатын санамызға сіңіру.Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші,тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды.

Қорыта айтқанда,Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да басты идеяларының бірі болуы тиіс.Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш,ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол арқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келды,болабереді де.Алаштың жолы Алаш қайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары – бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұғырлы етер берік ұстамдардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал

47 Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Тәуелсіздік – халықтың үні,ұлттың тілі мен ділі.Тәуелсізддік – ххалықтың тойы,елдің тойы.Қалың қазақ,алты алаш туған күн,мерейтой.Қаз тұрып,қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өмірмен уақытқа кестірген кезден бастап,осынау 25 жылдың бедерінде айшалық жерді алты ре аттаған алып секілді,дәуір жалынын мығым ұстаап,тізгінін бекем қаға білді – деп,елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Туған Отанымыз жержүзілік қауымдастық терезені тең мүшесі ретінде даму жолына түсті.Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны,оған өзімнің куәгер болғанынмыз – біз үшін шексіз қуаныш.Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етемін.Біздің қолымызда қанның емес,тердің иісі бар.

Атап айтсақ,тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық щарттарға сай бекітілді.Мемлекеттік рәміздеріміз,Ата заңымыз,ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып,жаңа Астанамыз дүниеге келді.Астана – Қазақстанның ең таңдаулы қаласы, тәуелсіздігіміздің жемісі болуымен қатар,әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін сойындаттық.Астанамызда осындай аз ғана уақыттың ішінде көпеген ірі экономикалық саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізеді.

Өз басым тәуелсіздіктен кейіни туылған өкілі бола тұра,бұл егемендіктің қайндай жолмен келгенін жақсы білемін.Қазақстан үшін,қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді.Ол ата – бабамыздың ақ найзаның үшымен,ақ білектің күшімен жеңген соғысы.

О,өмірге жаңа сәби келді.Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы. Өлгеніміз тіріліп,өшкеніміз жанғанда,осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде.Тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік етеді.Осы бесіктен күні ертеңгі тағдыры үшін боздақтарым жанын қиған.Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?Ағы мен қарасы,жақсы мен жаманы,жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырды сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.


48 Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз.

Жастар- еліміздің ертеңі мен болашағы,келер күннің айнасы.Бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі өзекті міселелердің біріне айналған.Расында, заман көрсеткіші жастар болса,бұл біраз ойланарлық мәселе.Қазіргі таңда,көркем мәнездә яки ерсі мінезді жастарды тез ажыратып,тануға болады.Жастар мәдениеті мен әдебі екі топқа бөлінді десек қарсы пікір болмас.

Менің пікірімше,бұл бұрыннан қалыптасқан,жастар өз мінезіе заманымен ұштастырып,сан-қилы бағытта өркендетеді.Мәселен,Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінденгі ұл-қыздардың қылықтарын кездестіруге болады ма?Екі заман кезеңіне салыстыра талдауу жасайық.

Біріншіден,бүгінгі жастар бойындағы немқұрайлылық пен жағымсыз қылықтарын қарастырайық.

Жастардың мәдениетіне тосқауыл қоятын бірден-бір себеп-тілдің шоршақтығы,мәдениеттен жұрдай болуы және надандық.Шортанбайдың өз өлеңіндегі айтпағы да осы еді.

«Ұл-қызыңнан үміт кетті,

Айырылдық құда,досыңнан»- дей отырып, өз заманасының жастары қараңғы екендігіне ой тастайды

Екіншіден,жастарымыздың,яғни,ұл-қыздарымыздың бір-біріне деген қарым-қатынасы.Мәселен,қазіргі ұл балалар қыздарды бұрынғыша құрметттеп,аялап қарамайды.Әрине,бұған себепші қыздырдың өзі.

Жамандықтың белгісі:

Ұлың көңілі бір бөлек,

Қызыңның көңілі бір бөлек,

Өзіңнің көңілің бір бөлек...,-деген өлең шумақтарынан-ақ зар заманша ұқсастықты байқасақ болады.

Үшіншіден,салыстыра қарайтын болсақ,сол қаман жастарының надан болуының бірнеше себептері бар.Ол – орыстарды отаршылың саясаты.Ал,бүгін ше?! Бүгінгі жастар азат елде,бей-қам өмір сүруде.Олай болса,бүгінгі жастардың «зар заман» жастарынан үлкен бір кемшілігі осы.

Жалпы,қорытындылай келе,екі заман легінің ұл-қыздарының қалықтарын салыстыра отырып,мынадай шешміге яки тұжырымға келдім десек болады:заман қандай болсын,жастар бәрі бір жақсы жіне жаман болып бөлінуін доғармайды.Бүгінгі жастардың бойынан «Зар Заман» өлеңіндегі ақын санаған ұл мен қыз қылығы кездеседі.

Негізгі түйінге тоқталар болсақ,ұл мен қыздарымыздың көзін ашып,зар заман өтіп кеткендігін аңғартуымыз керек.

49.Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.



«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз» ( М.Дулатов) дегендей, ұрпақ аузында Абай сөзі... Көбінесе ұлы ақын «улы сия,ащы тілін» заман адамының ұнамсыз бейнелерін әшкерелеуге арнады. Мақсаты, ұрпағын түзу жолға салғысы келді. Енді ғасырлар өтсе де, ақын сөзінің жаһұттай жарқырай түсуінің құдіреті неде деген ойды қаузап көрейін. Мүмкін Абай дәуіріндегі кейіпкерлер бізде де кездесер, әлде заман адамы өзгерді ме...

Ойымды ақынның «Жігіттер, ойын-арзан, күлкі- қымбат»өлеңі бүгінгі өркениетті заманда мәнін жоғалтып алған жоқ па деген сұрақпен өрбіткім келіп отыр. «Жоқ» дейді ішкі ойым. Себебі адамдар арасындағы адал достық, әділеттілік, мейірбандық, татулық мәселесі- қай заманда болсын құнын жоғалтпайтын ұғымдар. Ал, Абай бұл өлеңінде жастарға:

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!,- деп шын адамгершілік жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық,бояма мінезден сақтандырады. Ал біздің заманымымызда да «бояма мінезділер» көп. Дәуренің жүріп тұрса, алдыңды орап, шылауыңа жармасатындар жетерлік. Сондықтан оларды Ұлы ойшылдың сөзімен емдесек, өз пиғылдарынан ұялар ма еді деп ой түйгім келеді.

Абайдың өлең жолдарын оқыған сайын тереңіне құныға түсем. Көрсеқызар, екіжүзді жастардың бейнесін «улы сиямен» әшкерелегеніне айызым қанады. Мысалы,

Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе,-деген сөзі бүгінгі таңда тек құлқынның құлына айналып бара жатқан замандасымның бейнесін ашып тұрғандай. Ғасыр өзгерсе де, адамның пиғылы,пендешілігі көп өзгеріске түсе бермейтініне таң қалам. «Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас» деп ақын сынаған бір күндік қызықты ойлаған жігіттер мен қыздар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Жылтыраққа ұмтылған «көбелектердің» кеселінен қаншама бала жетім, тастанды атанды. Қаншама шарана нәжіс пен қоқысқа лақтырылғанын шыққыр көзіміз көріп жүр. Бұдан асқан азғындық бар ма жер бетінде! Осы қатыгездіктің алдын алу үшін « баланы жастан» деген халқымның сөзіне сүйеніп, Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылын ана сүтімен бірге дарытуымыз қажет.

Өлеңде халқын сүйген ақын үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар сезімінің тұрақтылығынан іздеді. Өздерін жаһанданудың жастарымыз деп кеудесін қағып, еркін махаббатты сылтау етіп жүргендерге ақынның мына өсиетін айтқым келеді.

Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

Тату болса, райыс үстіндегі үй.

Санасы бар адамға мұнан артық сөз қажет емес.

Мен, менің замандасым ақын үнін естідік, санамызды сол үнмен суардық. Әр заманның өз сұрқылтайы бар екеніне көз жеткіздік. Ойымды қорыта келе, «Мәңгілік елімнің» босағасы берік болсын десек, ақын сөзін шамшырақ етіп ұстай білейік, ағайын.
50Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет