1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет6/40
Дата17.12.2021
өлшемі491 Kb.
#102195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
лекции-Маркетинг-каз

3 Тақырып. Маркетингтік орта.

1. Маркетингтік орта.

2. Макроорта.

3. Микроорта.

4. Медиаорта тақырыбы СӨЖ-на беріледі.
1. Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеніне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.

Маркетингтік қоршаған ортаны 2-топқа-бөлуге болады:

1. Бақылауға мүмкін болатын факторлардан тұрады. Олардың ең негізгісін маркетинг комплекісінде топтауға болады. Маркетинг комплекісі дегеніміз - бұл белгілі бір нарық қажеттіліктерін камтамасыз етуге және алдағы қойған мақсатқа жетуге пайдаланылатын өзара байланыстары бақылауға болатын факторлар жиынтығы.

Маркетинг комплекісі негізгі 4 элементтен тұрады:

1. Тауар - бұл мекеменің нарыққа ұсынатын өнімі;

2. Баға - тауарды сатып алуға қажетті ақшалай сома;

3. Өткізу әдістері - өнімді тұтынуға жеткізіп беруге бағытталатын маркетинг қызметі;

4. Ынталандыру әдістері - тұтынушыны мекеме қызметін немесе тауарын сатып алуға үгіттейтін маркетинг қызметі.

2. Бақылауға мүмкіндігі жоқ факторлар- бұл мекеменің сыртқы ортаны мынадай топтарға бөледі:

1. Микроорта- бұл мекеме қызметіне тікелей қатысы бар және қызметке ықпал ететін элементтерден тұрады.

2. Жабдықтаушылар, яғни мекеме қызметіне қажетті шикізат және басқа да ресурстарын қамтамассыз етеді. Жабдықтаушылармен қалыптасқан тиімді байланыс мекеме қызметінің барлық деңгейіне ықпал етеді.

3. Бәсекелестер- нарықтағы осы мекеме типтес яғни ұқсас қызметі бар мекемелер.

4. Делдалдар- бұл мекеме өнімін, яғни өндірушіден тұтынушыға өнімді жеткізіп беру қызметін атқаратын мекемелер.

5. Тұтынушылар бұл тауарды немесе қызметті әрі қарай өңдеуге немесе жеке тұтынушыға сатуға тауарды өткізу бағасымен сатып алатын азаматтар немесе ұйымдар. Сатып алу мақсатына қарай тұтынушыларды бірнеше топқа бөлуге болады:

1. Өндірістік тұтынушылар тауарды әрі қарай өңдеуге сатып алатын жеке адамдар немесе ұйымдар.

2. Аралық тұтынушылар тауарды әрі қарай өткізу үшін сатып алатын жеке ұйымдар немесе адамдар.

3 Соңғы тұтынушылар тауарларды жеке қолданыс үшін сатып алатын мекеме немесе адамдар.



2. Макроорта кәсіпорындарының әрекетіне жалпы біріңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды.

Макроортаның құрамын былай бейнелеуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет