1. мастит, сүт безінің қабынуы



Дата29.03.2022
өлшемі247,42 Kb.
#137230
Байланысты:
хир сит есеп


  1. Әйел 40 жаста сол сүт безінің ауырсынуына шағымданады. Анамезде: жоғарыдағы көрсетілген бірнеше рет қайталанған. Кезеңді түрде концервативті ем алған. 3 рет операция жасалған (абцесті ашу). Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы таңертең 37-37,5 оС көтеріліп тұрады. Сүт безінің терісі құрғақ, емізікшеде көптеген майда жарылулар анықталады. Сол сүт безінің ареола аймағында гиперемия байқалады. Сипағанда жергілікті гипертермия және көлемі 4,3 см инфилтрат анықталады. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Аурудың этиологиясы, диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу ұсынасыз? 3. Жергілікті және жалпы емнің жоспары

1.мастит, сүт безінің қабынуы
2. этиологиясы: стаффилококк, стрептококк, лактостаз, сүттің ұзақ уақыт тұрып қалуы;
зерттеулер: УДЗ, бактериологиялық егу
3. жергілікті емі:наркоз жасап Барденгейр бойынша тіліктер жасаймыз, интрамомарлы іріңдіктерді алып тастаймыз, антисептиктермен жуып құрғатамыз, некроздалған тін болса алып тастаймыз; жалпы емі: антибиотик, окситакцин, дротаверин

  1. 50 жастағы ер науқас отадан кейін 3-ші тәулік (наркозбен жасалған лапаратомия) Оң құлақ маңы безінің ауырсынуына, сөйлегенде және шайнағанда күшейеді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуының 37-37,4 оС Жергілікті қарағанда сол аймақта аздаған гиперемия, ауырсыну анықталады. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Аурудың этиологиясы, ауру даму үшін не ықпал етті ? 3. Хирургиялық ем жасау үшін көрсеткіш бар ма? 4. Консервативті емнің жоспары

  1. Оң құлақ маңы безінің паротиті

  2. Наркозбен жасалған лапаротомия әсерінен түскен инфекция

  3. Хирургиялық ем жасау үшін көрсеткіш жоқ

  4. Кабынуға қарсы Антибиотикпен және симптоматикалық ем, диета(сұйық тағамдар), поливитаминдер, УЖЖ, төсектік режим

  1. Жұқпал аурулар бөлімшесіндегі жатқан 55 жастағы науқаста қатты сусызданудың арқасында сол ұрты ісініп, ауырсына бастады. Дене қызуы 39-40 оС жоғарлап, терісі күлгін көкшіл түс болды. Төменгі жақ буынының қимылы шектеліп, аурысыну күшейе бастады. Сипағанда флюктуация анықталды. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Аурудың этиологиясы, ауру даму үшін не ықпал етті ? 3. Хирургиялық ем жасау үшін көрсеткіш бар ма? 4. Консервативті емнің жоспары

  1. Сол жақ сілекей безінің паротиті (ауыр түрі)

  2. АІИ әсерінен

  3. Бет нервінің тармақтарының бағытын есепке ала отырып параллель тілім жасалады, абцестіалып тастап, антисептикпен өңдеп дренаждаймыз

  4. Операциядан кейн антибиотик, сусызданған науқасқа инфузионды терапия, жоғары құнарлы тамақ

  1. 45 жастағы науқас емханадағы хиругқа мына шағымдармен келді: сол ұрт аймағының ауырсынуына , шайнағанда және сөйлегенде ауырсынуының күшеюіне. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,2-37,5 оС. Анамнезінде құлақ маңы сілекей безінің 2 рет таспен бітелуін стоматологтар анықтаған. 1 жыл бұрын құлақ маңы безінің абцесін ашқан. Қарағанда: сол ұрт аймағында ісіну, аздаған гиперемия айырсыну анықталады. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Аурудың этиологиясы? 3. Қандай ауруға байланысты науқасқа ота жасалған? 4. Консервативті емнің жоспары

  1. Сол жақ құлақ маңы безінің паротиті (орташа түрі)

  2. Парамиксовирус тұқымдасы пневмофилис


  1. Науқас оң құлақ маңы сілекей безінің жедел іріңдеуімен хирургия бөлімшесіне жатқызылды. 1. Аурудың этиологиясы? 2. Науқас қандай оталық емге мұқтаж. 3. Анатомиялық құрылымдарды зақымдамас үшін тіліктің бағыты қалай жасалу керек. 4. Жалпы емнің жоспары.

  1. Оң құлақ маңы сілекей безінің паротиті

  2. Бет нервінің тармақтарының бағытын есепке ала отырып параллель тілім жасалады, абцестіалып тастап, антисептикпен өңдеп дренаждаймыз

  3. Операциядан кейн антибиотик, сусызданған науқасқа инфузионды терапия, жоғары құнарлы тамақ



  1. Науқасты жалпы әлсіздік, бас ауырсыну, бұлшық еттердің ауырсынуы, қалтырау, дене қызуының 39,3 оС-қа дейін көтерілуін шағымданады. Осы белгілер байқалғаннан 2 күннен кейін ауырсыну оң балтыр аймағына өтті. Ауырсыну сығып ауырсынады. Тізе буыны жартылай бүгілген. Сипағанда оң балтыр аймағының ауырсыну байқалады. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2.Қосымша зерттеу тәсілдері? 3.Рентгенологиялық зерттеудің пайдасы бар ма? 4.Аурудың себебі неде? 5.Науқасқа қандай ем тағайындайсыз?

  1. Оң балтыр аймағының остеомиелиті

  2. КЖА, ЗЖА

  3. Рентгенологиялық зерттеудің пайдасы

  4. Іріңді бейарналық қоздырғышы, стафилококк

  5. Хирургиялық: жараны ашып жұмсақ тіндерді кесіп дренаждаймыз; консервативті: антибиотик, иммунотерапия, инфузионды терапия

  1. Науқас оң тізе аймағының қатты ауырсынуына, қимылдағанда күшеюіне шағымданады. Қарағанда буын көлемі ұлғайған, тізе тобығының баллотировние анықталады. Буынды сипағанда қатты ауырсынады. ҚЖА айқын лейкоцитоз бар. 1. Тізе тобығының «баллотировние» белгісін сипаттаңыз. 2. ҚЖА-ң қалыпты лейкоциттік деңгейі. 3.Аурудың диагнозын көрсетіңіз. 4.Аурудың рентгенологиялық көрінісін сипаттаңыз. 5. Аурудың мүмкін болатын хирургиялық емін көрсетіңіз.

  1. Баллотирование- тізе буынына сұйықтық жналуынан тізе тобығын басқан кезде ішке кіріп кейін кайта келуін айтамыз

  2. 4,0-9,0*10*9

  3. Оң тізе аймағының Іріңді артриті

  4. Рентгеналогиялық сипаты: буын саңылауларының кеңейгенін, зақымданған буындағы сүйектердің эпифизарлық шеттеріндегі остеопарозды табады

  5. Артротамия- буын қуысындағы іріңді сұйықтықты фибринозды клеткаларды эвокуациялайды дренаж енгізіледі

  1. Науқас 78 жаста. Үйінде артериялық қысымның жоғарылауына байланысты туысқаны папаверин инекциясын бұлшық етке салған. 8 сағаттан кейін науқаста дене қызуы 38,9 оС-қа дейін көтерілген. Науқаста мазасыздық, беймаздық байқалады. Науқас түні бойы ұйықтамады, таңертең жедел медициналық жәрдем көмегімен аурухананың қабылдау бөлімшесіне алып келді. Науқастың жалпы жағдайы өте ауыр. Науқастың есі бұлыңғыр, науқас жер мен уақытты айыра алмайды. Артериялық қысым 170-76 мм. сынап бағанасы. Пульс 117 рет минутына. ырғағы бұзылған. Тыныс алу жиілігі 24 рет минутына. Көздің склерозы сарғая бастаған. Несеп 46-47 мл сағатына. Инекция салдырған аймақта айқын ісіну, сипағанда крепитация байқалады. Терісі көкшілденіп, гиперемияланған. 1. Сіздің алғашқы диагнозыңыз. 2. Сырқаттың этиологиясының дамуы. 3. Бұл инфекцияның қоздырғышы қандай. 4. Сіздің іс-әрекетіңіз.


  1. инекциядан кейінгі анаэрбты инфекция

  2. клостридиалды инфекция




  1. Науқас 30 жаста. 15 сағат бұрын сол санынан пышақпен жарақат алды. Бөлімшеге 1 сағат бұрын келіп түсті. Санның медиалды көлемі 4,1 см жара анықталғанда, жара тереңдігі 2,5 см, жара антисептикалық ерітінділермен өңделіп, алғашқы хирургиялық тігіс салынды. Безредко тәсілі бойынша сіріспеге қарсы сарысу енгізілді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы өте ауыр. Науқас жараның сығып ауырсынуына шағымданады. Дене қызуы 37,8 оС, артериялық қысым 135/80 мм. сынап бағанасы. Пульс 94 рет минутына. Науқаста психикалық қозулар анықталады. Қарағанда жара аймағы қатты ауырсынады. Жара шеттері ісінген, тігістерді алғаннан кейін жараның түбі құрғақ сұйықтықтар жоқ. Көрініп тұрған бұлшықет түстері қайнаған ет тәріздес. Жараның шеттерін басқан кезде тіндерден газ көпіршіктері шығады. Сипағанда крепитация байқалады. 1. Қандай инфекция туралы ойлау керек. 2. Науқастың қоздырғыштарын атаңыз. 3.Қандай ота түрін істеу керек. 4. Науқасқа инфузиялық ем керек пе? 5. Антибактериялық ем неге бағытталған.

  1. Газды гангрена

  2. қоздырғышы Clotridium perfringens

  3. шұғыл аперация: көрсетілген жараны кеңірек кесу, шандырлық қойнауды тіліп тастау, некрозданған тіндерді жою, лампа ыстық тілімдер жасалады. Жара үстіне перекись батырылган дәкені кояды, ауыз жағдайда ампутация

  4. инфузиялық ем қолданылады

  5. газды гангренаның қоздырғыштарына қарсы



  1. 22 жастағы науқас оң сан аймағында пышақпен жарақат алған. 3 күн бұрын медициналық көмек алған. Науқас ұйқысыздыққа, тәбетінің болмауына, үлкен дәретінің шықпауына шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі 27 рет минутына. Тахикардия 101 рет минутына. Көп терлегіштік, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды және құрғақ сырылдар анықталады. Несептің мөлшері 36 мл сағатына. Дене қызуы 39,1оС. Қарағанда сол санда 5 см сызықты жара анықталады. Тереңдігі 3 см, жара шеттері ісінген, гиперемияланған, жарадан серозды-іріңді бөлінділер анықталады. Қарағанда науқаста әр түрлі бұлшық еттің 30 секундқа ретсіз жиырулары анықталады. Осы кезде науқастың жалпы жағдайы нашарлады. Акроцианоз дамыды. 1. Науқаста қандай ауру дамыды? 2.Бұл аурудың алдын алу жолдары барма? 3. Сырқаттың атын атаңыз? 4.Бұндай жаралар кезінде не істелу керек? 5.Науқастың ауруы немен асқынды?

  1. Жарақаттық Сіреспе

  2. Жоспарлы: 0,5 мл. анатоксинді енгізіп, ревакцинация (0,5мл. анатоксин) бір ай және 1 жылдан кейін жасалады.. Жедел түрінде бұрын екпе өткендерге 0,5 мл. анатоксин

  3. Сіреспе

  4. Сіреспемен ауырған науқасты жеке, қараңғы, тыныш палатаға орналастырып Жергілікті тырысула кезінде транквилизатор (диазепам) нейролептик (дроперидол) Диагноз анықталысымен дереу 2-3 тәулік ішінде Безредко тәсілімен сіреспеге қарсы сарысудың тиісті емдік дозасын қолданады. Үлкен адамдардың тәуліктік дозасы 100000 – 150000 ХБ (халык аралық бірлік), нәрестелерге 10000 – 20000 ХБ, ересек балаларға 20000 – 80000 ХБ.



  1. Хирургтың қабылдауына зауытта жұмыс істейтін 30 жастағы науқас қаралды. Сол қолдың екінші саусағының ауырсынуына, қызаруына, ұйқысыздыққа шағымданды. Қарағанда сол қолдың екінші саусағының ортаңғы фалангасында ісіну гиперемия байқалады. Сипағанда ортасы жұмсақ инфильтрат анықталады. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2.Хирург қандай ем қолдану керек? 3. Қандай жансыздандыру тәсілі қолданылады? 4.Науқасты әрі қарай қалай емдейді? 5.Жұмыстан босатылу туралы қағаз керек пе?

  1. Буындық репорация

  2. Қабынудың серозды инфильтративті фазасында спирттік ванналар трипсин хемотрипсиннің электрофарезі, антибиотикатеропия, УЖЖ

  3. Жергілікті

  4. Отадан кейін антибиотикатеропия

  5. Жоқ берілмейді

  1. Науқас 26 жаста. Үй бикесі. Хирургқа оң аяқтың бірінші саусағының ауырсынуына шағымданып келді. Қарағанда сол аймақта терінің қызарғаны, аздап ісінгені байқалады. Тырнақ пластинкасы медиалды қыры грануляциялық тінмен қапталған. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Қандай ем тағайындалады? 3. Бұл патологияның себептері неде? 4. Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз?

  1. Оң аяқтың бірінші саусағының өскін тырнағы

  2. Резекция жасап, некрозданған тіндерді алып антисептиктермен өңдеу

  3. Тар аяқ киім, аяқ басының деформациясы, майтабан, тырнықты өте қысқа етіп кесу

  4. Күбіртке,



  1. 22 жастағы науқас хирургия бөлімшесіне асқазан- ішек жолдарынан қан кету клиникасымен келіп түсті. Гемоглабин 52 г/л. Кезекші дәрігер қан құю керектігін көрсетті. Цоликлондармен қан тобын анықтау кезінде бірінші және үшінші ойықшаларда аглютинация байқалды. 1. Науқастың қан тобын атаңыз? 2. Бірінші және үшінші ойықшаларда қандай цоликлондар болу керек? 3. Екінші және төртінші ойықшалардың цоликлондарын атаңыз? 4. Науқасқа не құю керектігін көрсетіңіз?

  1. Науқаста || қан тобы

  2. Анти – А цоликлоны және анти – В цоликлондарымен агглютинация жоқ болса, онда қан 0 (I) топқа жатады. Егер тек анти – В цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан В (3) топқа жатады

  3. Егер тек анти – А цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан А (2) топқа жатады Егер анти – А цоликлоны және анти – В цоликлондарымен агглютинация бар болса (+), онда қан АВ (4) топқа жатады.

  4. науқасқа шұғыл түрде 2 немесе 4 қан тобындағы қан құю қажет



  1. Жол апаты болған жерге жедел медициналық жәрдем келді. Еркек клиникалық өлім жағдайында жатыр. Жүрек-өкпе реанимациясы басталды. Көмекті 2 құтқарушы көрсетуде. 1. Клиникалық өлімнің белгілерін атаңыз? 2. Өкпе-жүрек реанимациясында 2 құтқарушының реттілігін көрсетіңіз?3. Құтқарушылар өкпенің вентиляциясы үшін қандай тәсілдер қолдану мүмкін. 4. Жүрекке тікелей емес массаждың техникасы? 5. Реанимациялық шаралардың нәтижелілігін қандай белгілерден анықтайсыз?

  1. Жүректің қызметін тоқтатуы, көздің жарыққа әсер етпеуі, көз қарашығының кеңеюуі, тыныс тоқтау, пульс болмау, естің тоқтау, АҚ болмауы.

  2. 1-ші адам 1 рет жасанды дем береді, 2-ші адам 5 рет жүрекке массаж жасайды.

  3. Адам есін жинайды




  1. Хирургиялық бөлімшеге сол санның ортаңғы үштігінде оқ жарақатымен науқас келіп түсті. Жараның жоғарғы жағында жгут байланған. Жедел медициналық жәрдемнің дәрігері жарақат болған жерде науқаста көп артериялық қан кету болғанын айтты. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Науқас бозғылт, енжар, мұздай тер шығады. Сипағанда аяқтың басы мұздай. Тыныс алу жиілігі 24 рет минутына, пульс 140 рет минутына, артериялық қысым 90-50 мм сынап бағанасы. 1. Науқастың бұл жағдайы не деп айтылады? 2. Жағдайын ауырлық дәрежесіне қарай жіктеңіз? 3. Бұл жағдайда біріншілік көмекті көрсетіңіз? 4. Зардап шегушінің емі қалай болады?

  • Геморрагиялық шок

  • 3-ші дәрежелі

  • Қан кетуді тоқтату ауысыну сез. Басу, сынықты иммобилизациялау, алмастырушы трансфуззионды терапия, АҚ қалыпқа келтіру, шокқа қарсы қан алмастырушы ерітінділер жасау



  1. Жол транспорттық оқиғаға жедел медициналық жәрдем келді. Жеңіл автокөліктің ішінен құтқарушылар жас еркекті алып шықты. Зардап шегуші есі тежелген. Сыртқы ортаға реакциясы баяу. Қай жеріңіз ауырады деген сұраққа кеудесінің оң жағын саусағымен көрсетеді. Көйлегінде қанның дақтары бар. Науқас ентігіп тұр, тыныс алу жиілігі 28 рет минутына, пульс 130 рет минутына, артериялық қысым 80-50 мл сынап бағанасына. Қарағанда оң кеуде қуысының алдыңғы беткейінде жыртылған жара анықталады. Аздап қанауда. Жарадан ауа ішке қарай созылуда. 1. Науқастың диагнозын атаңыз? 2. Зақымдалуға жауап ретінде науқаста қандай белгілер дамыған? 3. Алговер индексі дегеніміз не?Науқаста ол қаншаға тең? 4. Ол нені көрсетеді? 5. Жедел медициналық жәрдем дәрігері шұғыл түрде қандай ем қолдану керек.

  • 1. оң кеуде қуысының пневмоторакс

  • 2. есінің тежелуі, жиі тамыр согуы, артериялық қысым төмендеу, диспноэ (газ алмасуының бұзылуынан)

  • 3-4 Алговер индексі бойынша қан жоғалту мөлшері туралы айтуға болады. Индекс 1 ге тен болғанда, АҚК 20 пайыз индекс 1 ден жоғары болғанда 30-50 пайыз құрайды

  • 5. Акклюзионды повязка- кеуде клеткасынан ауаның шықпауын қамтамасыз ету, тыныштандыру

  1. 3 сағат бұрын науқас сатыдан құлаған. Кеуденің оң жағының ауырсынуына шағымданады. Ауырсынудың күші орта. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты түстес. Тыныс алуы беткей, ауырсынуға байланысты терең тыныс ала алмайды. 5,6,7 қабырға аралықты сипағанда ауырсыну күшейеді. Ісіну, гематома, сүйек крепитациясы анықталмайды. Тыңдағанда барлық аймақта резикулярлық дыбыс анықталмайды. 1. Науқаста қандай зақымдану бар? 2. Зақымдалуды қандай жарақаттардан айырып алу керек? 3. Науқасты қандай физикалық зерттеу тәсілдерімен зерттеу керек. 4. Қосымша диагностикалық тәсілдерді атаңыз? 5. Біріншілік көмекті көрсетіңіз?

  1. 5-6-7 қабырғаларында жабық сынығы

  2. Пневматоракс

  3. Палпация, перкуссия, аускультация

  4. Кеуде Рентгенограммасы

  1. Науқас 56 жаста жолдан өтіп келе жатырғанда көлік қағып кеткен. ЖМЖ дәрігері қарағанда сол сан аймағында бірден ауырсынуға шағымданады. Санның көлемі ұлғайған, деформацияланған. Патологиялық қимыл анықталады. Сол аяқ оң аяқтан 6,0см қысқарған, аяқ басы сыртқа айналып кеткен. Сол аяқ басяның сырт бетіндегі артерия пульсациясы толымы қанағаттанрлық. 1. Науқасқа қандай алғашқы диагноз қоясыз? 2. Зақымдалушыға біріншілк көмек неден басталу керек? 3. Қабылдау бөлімшесінде қосымша қандай зерттеулер жүргізу керек? 4. Бұндай зақымдалуда қандай емдеу тәсілдерін білесіз? 5. Бұндай зақымдалуда қандай зақымдалулар кездесуі мүмкін?

    • 1-Сол жақ сан сүйегінің жабық сынығы

    • 2-шина қою немесе Науқасты қимылсыз қалыпта тыныштандырып ауру басатын препараттар енгізіп жақын арадағы травма пунк жеткізу

    • 3-Рентгенологялық зерттеу

    • 4-Зақымданған аяқты гипстеу хирургиялық араласулар

    • 5- сынық аймағында нервтер зақымдану, жүмсақ тіндер зақымдануы,

  1. Науқас биіктен сол қолын тіреп түскен. Сол иық сүйегінің ауырсынуына шағымданады. Мәжбүр қалыпта, қолын қимылдата алмайды. Сол иық сүйегінің ортаңғы үшітігінде айқын ісіну, теріде қан ағулар анықталады. Сипағанда ауырсынады, сол иық сүйегінің ортаңғы үшітігінде патологиялық қимыл, крепитация анықталады. 1. Диагноз қойыңыз? 2. Науқасқа транспортты иммобилизация жасаңыз? 3. Бұл зақымдалуда абсолютті және салыстырмалы белігілерді атаңыз? 4. Қандай абсолютті белгі қалып кеткен бұл ситуациялық есепте? 5. Қандай шина қолданасыз атын жазып көрсетіңіз?

    • 1. сол иық сүйегінің ортаңғы үштігінде ашық сынық

  • 2.Стандартты сатылы (лесничный) шинамен транспорттық иммобилизация.Иық сүйек деңгейінде екі крамер салады. Біреуін қолдың іш жағынан, екіншісі сырт жағынан қояды.Соның бәрін бинтпен орайды.

  • 3.Абсолютті белгілері:патологиялық қимыл, крепитация. Салыстырмалы белгілері: сипағанда ауырсыну, айқын ісіну теріде қан ағу.

  • 4.Деформация – қолдың конфигурациясы өзгереді.

  • 5. крамер шина, Стандартты сатылы (лесничный) шина



  1. Сол білектің ортаңғы үштігінің ауырсынуына шағымданған науқас жарақат бөлімшесіне қаралады. Бір сағат бұрын таяқпен осы аймаққа соққы алған. Қарағанда: Сол білектің ортаңғы үштігінің дөрекі бұрыштық деформациясы, айқын ісінуі анықталады. Сиапғанда бірден аурысынып, патологиялық қимыл анықталады. Қолдың абсолютті ұзындығы қысқарған. саусақ қимылдары және а radialis пульсациясы сақталған. 1. Диагноз қойыңыз? 2. Бұл зақымданудағы ем принципін түсіндіріңіз 3. Емнің басқа түрлерін атаңыз? 4. Бекіткеннен кейін қандай ем жасайсыз? 5. Ем барысында мүмкін болатын кеш асқынуларды атаңыз?

  • 1. сол білектің ортаңғы үштігінің жабық сынығы

  • 2.Ем принципі қантамырларды және нервті зақымдамай иммобилизация

  • 4.Операция жасау

  • 5.Қантамырлардың зақымдануы, нервтің зақымдануы, бұлшықеттің мыжылуы



  1. Науқасты автокөлік қағып кеткен. Қарағанда: балтырдың ортаңғы үшітігінде деформация анықталады. Көлемі 10,0х3,0см аздап қанаған жара анықталады. Аяқ басы сыртқа қарай айналған. Балтырдың ортаңғы үшітігінде патологиялық қимыл анықталады. Аяқ басының саусақтарының қимылдары, сезімталдығы сақталған. Аяқ пульсациясы қанағаттанарлық. 1. Диагноз қойыңыз? 2. Бұл жағдайда біріншілік көмек көрсетудің принциптері

  • 1. балтырдың ортаңғы үштігінің ашық сынығы.

  • 2.Сүйектің сынған жеріне тыныштық қалып беру, науқасты шоктан сақтау, дереу медициналық мекемеге жеткізу



  1. 10 күн бұрын тері жамылғысының 29% от жалынымен күйік шалған науқас. Жағдайы ауыр. Денен қызуы -40С0 дейін жетеді. Жарақат алған беткей тығыз қара қабыршақпен қапталған, іріңдеу білгісі жоқ. Тахипноэ 22 рет /мин . Өкпеде әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Бадамша бездер және жұтықыншақтың артқы қабырғасы қызарған, фибринді жамылғымен жамылған. Лейкоцитоз -27х109/л, гемоглобин 80 г/л. 1. Науқас күйік ауруының қай сатысында? 2. Терінің күйігінен басқа термиялық зақымдалуқандай өзге белгелрін көріп отырсыз? 3. Күйік дәрежесін бағалаңыз 4. Науқасқа некроэктомия жасалу керек пе? Ерте немесе кеш? 5. Бұл жағдайда қандай жергілікті ем қолдау керек?

  • 1.Күйіктің үшінші сатысы, септикотоксикамия

  • 2.Дене қызуының көтерілуі 40 С, тахипное 22 рет минутына, өкпеде әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Бадамша бездер және жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, фибринді жамылғымен жамылған.Лейкоцитоз- 27х109/л, гемоглобин 80 г/л

  • 3.Күйіктің үшінші дәрежесі

  • 4.Науқасқа некроэктомия жасалу қажет, ерте кезінде жасалады.

  • 5. Анальгетиктер антигистамигндер жүрек қызметін жақсарту, преднизалон, инфузионды трансфузиялық ем.



  1. 1 сағат бұрын қабылдау бөлімшесіне іштің алдыңғы қабырғасыынң жарасымен науқас алып келді. Біріншілк қарау кезінде жара оң қабырға астында орналасқан. Көлемі ұзындығы 5,0 см дейін сызықты жара, жара шеттері тегіс, тері шеттері зақымдалмаған, жара ластанған, ішінде қан ұйындылары бар. Тереңдігі іштің тік бұлшық етіне дейін. Интенсивті емес қан кетулер жалғасуда. 1. Бұл жараны қалай жіктеуге болады? 2. Мүмкін болатын асқынулар 3. Хирургиялық бөлімшеде қандай емдік іс әрекетті қолдану керек? 4. Бұл науқасқа қандай хирругиялық ем қолданасыз? 5. Қандай жалпы ем тағайындайсыз?

  • 1. Сызықты жараның 3-ші фазасы

  • 2.Қан кету, абцесс немесе флегмона, гематомалар байқалуы мүмкін

  • 3-4. Қан тоқтату, жараны антисептиктермен оңдеу, некроздлған тіндерді алу, хирургиялық тігіс жасап, дәкемен орау

  • 5.Қан тоқтататын ем, күш қуат беретін дәрілер, инфекцияның алдын алу



  1. Оң жамбас аймағының инъекциядан кейінгі абцссестің ашуына байланысты науқас жергілік және жалпы ем алды. Қазіргі таңда жара көлемі 10,0х4,0см тереңдігі 5,0см дейін, бөлінділер жоқ, айқын қызыл грануляциялқ тін анқыталады. Қоршаған тіндердің қабыну белгілері жоқ. 1. Науқаста жараның қандай жазылу түрі? 2. Қандай тігіс салуға болады? 3. Егер жарада дөрекі тыртықты тігіс болса қандай тігіс салар едіңіз?

  • 1.Екіншілік жазылу

  • 2-3. тігіс салмайды, грануляциялық тін бар



  1. Наусқастың оң санының үлкен флегмонасы жергілікті анестезиямен ашылды. Отадан кейін науқастың жалпы жағдайы жақсарды. Бірақ 2 күннен соң жағдайы қайта нашарлап, дене қызуы 390С жоғарлап, ауырсыну күшейді. Қарағанда : санның терісі қызарған, ісінген, санның сыртқы беткейінде үлкен инфильтрат анықталады. Оның үстінде сызықты келген жара көлемі 3,0 см, оған күшпен ірің түсіп жатыр. 1. Жараны жіктеңіз 2. Ем кезінде қандай қателіктер жіберілген? 3. Қандай хирургиялық ем ұсынасыз? 4. Жергілікті емнің жоспарын жазыңыз? 5. Қандай жалпы ем қажет?

  • 1.Іріңді жара

  • 2.Антибиотик тағайындалмаған

  • 3.Инфильтратты ашып өңдеу

  • 4.Қабынуға қарсы ем, антибиотикатерапия

  • 5.Интоксикацияға қарсы ем



  1. Бөлімшеге күйік шогының өте ауыр түрімен науқас түсті (30% терең күйік ). Пульс 120 рет. мин. АҚ-80/40 мм сын .бағ. Гемоглобин-150 г/л; гемотокрит 48 %; Инфузияға мед бикелер перифериялық венаны таппай жатыр. 1. Гемотрансфузия жасауға көрсеткіш бар ма? 2. Ем үшін қандай қаналмастырғыштарды ұсынар едіңіз? 3. Егер перифеиялық вена табылмаса, инфузия үшін қандай қарапайым тәсілді ұсынар едіңіз? 4. Инфузияның қандай тәсілдерін білесіз? 5. Плазма құюға көрсеткіш бар ма?

1.Термиялык шок 2-дарежели, инфузия керек емес


  1. Жедел қан кетумен өте ауыр халдегі науқас түсті. Дәрігер шұғыл түрде гемотрансфузияны сыздықтата құя бастады. Бірнеше минуттан соң науқас бел аймағының ауырсынуының күшеюіне шағымданады. Науқас бозғылт болды. АҚ60/40 мм сын бағ түсті.

  • Бұл белгелерді қалай сараптайсыз?

      • Гемотрансфузиялық шок кезінде 2-3 мин сон ауыр коринистер байкала бастайды, жүрек қағысы жиілейді, тыныс алу жогарылыйды, тери бозгылттанып, бел аумагы ауырады.

  • Дәрігер міндетті қандай сынаманы орындамады? Гемотрансфузия алдында жеке сәйкестікке сынама жүргізу. Гемотрансфузияға дайындалу барысында қан тобымен резус факторды анықтап болған соң жеке сәйкестікке байқау өткізіледі. Екі реакция жасалады: А) АВО жүйесімен жеке сәйкестікке байқау өткізу. В) резус фактор бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізу

      • Гемотрансфузия алдында биологиялық байқау өткізу. Егер донормен реципиент қандары жеке сәйкестікке сәйкес болса, онда биологиялық сәйкестікке байқау өткізіледі. Бұл үшін системаны флакондағы қанмен толтырады, инені науқастың көк тамырына салады. Ағынды түрде науқасқа 10-15 мл қан жібереміз. Клапнды қысып қойып 3 минут бойы бақылау жүргіземіз. Егер аллергиялық реакциялардың немесе асқынулардың белгілері болмаса (пульстің, тыныс алуының жиілеуі, ентікпе, бетінің қызаруы т.б.), тағы 10-15 мл қанды ағынды түрде жіберіп, системаны тоқтатып 3 минут бойы бақылаймыз. Сосын үш рет қайталаймыз. Егер үш реттен кейінде науқаста реакция белгілері болмаса, бұл қан биологиялық сәйкес саналады және гемотрансфузия жасауға мүмкіншілік береді. Флакондағы қанды тамшылатып, минутына 60 тамшыдан жібереміз. Егер биологиялық байқауда реципиентпен донордың қаны сәйкес болмаса, науқас тынышсызданады, тахикардия, ентікпе, бетінің қызаруы, қалтырау немесе ыстықтау, өкпенің қысуы, ішінің ауырсынуы тәрізді белгілер пайда болады. Екі бел аймағының ауырсынуыда тікелей белгісі болып табылады.

  • Эритроциттерді құюды дайындау процесін кезеңді түрде сипаттаңыз

      • қан құюға көрсеткіштерді анықтау; құйылатын қанның мөлшерін белгілеу; қан құюдың әдісін таңдау; қан құю үстінде және одан кейін болатын асқынулардың алды-алу;

  • Қан және оның бөлшектерін құю кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін

      • донор мен реципиент қанының АВ0 жүйесі және резус-фактор бойынша сәйкессіздігі — 92%;

      • құйылған қанның сапасыз болуы (бактериялармен ластануы, гемолиз, ұзақ сақтаудан және температуралық режимнің бұзылуынан болатын белок денатурациясы) -6,5%;

      • қан құюдың техникасын бұзу (ауа эмболиясы, тромбоэмболия) — 0,5%;

      • реципиенттің трансфузиялық анамнезіне назар аудармау (қан құюға қарама-қайшылықтардың болуы, бөгде денелік белокқа организмнің реактивтілігінің жоғарылығы, организмнің сезімталдығы) — 1%;

      • реципиенттің организміне қанмен бірге жұқпалы дерттер қоздырғышын енгізу (сифилис, СПИД, вирустық гепатит).

  1. Сол жамбас аймағындағы инъекциядан кейінгі абцесті ашу емін науқас алуда. Қазіргі таңда жараның көлемі 12,0х4,0 см. Тереңдігі 6,0 см. Ірің тоқтаусыз ағып, некроз тіндері сылынуда. Айналасындағы тіндер ісінген, қызарған. Инфильтрацияланған. 1. Науқастағы жараның жазылу түрі қандай? 2. Жара жазылудың қай кезеңінде? 3. Қандай жергілікті ем сіз ұсынар едіңіз? 4. Дренаждау қандай түрін ұсынарсыз? 5. Жалпы ем керек пе?

Жауабы;

  • 1.Жараның асқынып жазылу түрі

  • 2.Жара жазылуының 2-кезеңіне жатады

  • 3.Жарадан микробтарды жою,дренаж салу,некрозды тіндерді жою,қабынуға қарсы ем тағайындау

  • 4.Дренаждың резенке түрі тағайындалады.

  • 5.Антибиотикотерапия;тетрациклин,неомицин,полимиксин,

  • Антисептиктер сонымен қатар қабынуға қарсы дәрілер қолданылады.



  1. Баскетбол ойыны кезінде ойыншылардың бірі дөрекі ойнаған салдарынан ағаш еденге басын ұрып алды. Қысқа уақытқа есінен танды, содан соң өзіне келді. Көңіл күйі жаман емес. Бірақ басының ауырсынуына, жүрек айнуға шағымданды. 3 сағаттан кейін басының ауырсыну күшейіп, құса бастады. Есі бұлыңғырланып, біртіндеп жоғалта бастады. Тыныс алу 25 рет мин. Пульс 56 рет. мин. АҚ-100/70 мм сын .бағ. Көз қарашықтарның көлемдері әр түрлі. Оң қолы мен аяғының күші бірден азайған. 1. Қандай жарақатқа күдіктенуге болады? 2. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу тәсілін ұсынасыз? 3. Қандай зерттеу тәсілі көп ақпарат береді? 4. Емдік іс әрекет қалай болуға тиіс? 5. Бұл зақымдалу белгісі қалай айтылады, ол науқаста неге дамыды?

  1. Мидың соғылуы

  2. рентгенограмма

  3. КТ, МРТ

  4. Консервативті дегидротациялық терапия, антибактериалды препараттар

  1. 1 сағат бұрын жол апатын түскен науқасты қабылдау бөлімщесіне алып келді. Науқас есінде емес. Мұрыннан және құлақтан алқызыл қан кетуде. Пульс 108 рет. мин. АҚ-110/70 мм сын .бағ. Оң көз қарашығы солдан үлкенірек. Беті ассимитриялы, тахипное байқалады. Жүрек, кеуде, іш қуысында зақымдану жоқ. 1. Қандай жарақатқа күдіктенуге болады? 2. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу тәсілін ұсынасыз? 3. Диагноз нақтыланған соң қандай ем жасалуы тиіс? 4. Жарақаттың дәрежесін айтыңыз 5. Жарақаттың ұзақ қандай салдары болуы мүмкін

  1. Бас сүйектің сынуы

  2. пальпация, КТ, МРТ 

  3. 1.Қан кеткен жағдайда оны тоқтату, бөгде заттардан тазарту. 2.Ауырсынуды басатын аналгетиктер. 3.Құсу пайда болған кезде құсуды басатын препараттар. 4.Сүйек деформациясы болған жағдайда, ота жасау бассүйек трепонациясы. 5, Белдік пункция пайдаланылады

  4. 2-ші дәреже

  5. 1. Қан тоқтамаған жағдайда постгемморагиялық шок. 2. Жарақат болған жағдайда инфекцияның түсуі. 3. Ми қан тамыр айналасының бұзылысы. 4. Комаға түсу. 5. Өмірлік маңызы бар орталықтардың зақымдалуы (тыныс алу, көру т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет