Жаз мезгілі келеді. Балалармен сәлемлеседі.Қонаққа келгенін айтады.
Тақпағын айтып береді.
Ойна шаттан
Шаттан балақай
Гүлдей жайна
Жайна балақай Нұрсұлтан
Біз кішкентай баламыз
Өсеміз үлкен боламыз
Анамызды қуантып
Жақсы бала боламыз Аделя
Жайқалып жапырақ
Құлпырып қызғалдақ,
Тұратын көз тартып
Жаз келді күн шуақ! Мұрат
«Көңілді жаз»биі бубин шашақтармен.
Балалар жаз мезгіліне арналған тақпақтарын айтады.
Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ! Амира
Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Жаз келді деп қуанып,
Шаттанады бүлдіршін! Ақәділ
Тәрбиеші:
Балалар, Жаз мезгілінің гүлдермен ойыны бар екен.
Ойын: «Жұбыңды тап»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген құштарлықтарын арттыу.Балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу,ұйымшылдыққа тәрбиелеу., белсенділіктерін арттыру.
Шарты: Әр балаға қызғалдақ гүл беру
Қызыл, сары,жасыл,көк,ақ.
Әуенге билейді ,әуен тоқтағанда.Түстеріне қарай топтасу қажет.
. Бәрі қатармен келіп, 2 топқа бөлінеді.Балапан мен көжектер .
- Ал балалар бүгінгі жарысқа дайынсыңдар ма?
- Иә!
- Дайын болсаңдар барлықтарыңа сәттілік тілеймін! Тек қана алға!
Шаттық шеңбері:
Әлемде тыныштық болсын
Денсаулығымыз мықты болсын
Күніміз жарық болсын
Аспанымыз ашық болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |