#1 мектептегі психологиялық Қызметті ұйымдастырудың Әдіснамалық-Әдістемелік мәселелері



бет5/12
Дата06.02.2022
өлшемі55,65 Kb.
#80029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1 МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ

Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
- дарынды оқушылар;
- озат оқушылар;
- үлгермеуші оқушылар;
- «қиын» оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет