1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі


Партиялық жүйелер және олардың негізгі түрлері, принциптері



бет13/28
Дата19.12.2022
өлшемі60,67 Kb.
#163272
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
саясат сессия
положение о республ.конференции по сестр.профессии, мәліметтер 3, unemployment
20. Партиялық жүйелер және олардың негізгі түрлері, принциптері.Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі. Партия деген сөз латын тілінде “бөлек”, “бөлшек” деген мағынаны білдіреді. Партия ұғымын анықтауда әлі күнге дейін тұрақты бір пікір қалыптаса қойған жоқ. Мәселен, Б. Констан партия негізінде бір идеологиялық доктринаға топтасқан адамдар тобын жатқызса, М. Дюверже мемлекет жүйесінде іс-әрекет жасайтын ұйымды – партия деп қарайды. Ал марксшілдер партияны белгілі бір таптың мүддесі үшін күресетін оның алдыңғы, саналы бөлігі деп есептейді. Әртүрлі пікірлерге тән ортақ ойларды ескере отырып, біздіңше, мына анықтамаға тоқтаған абзал.Партия – үкімет билігін белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін іске жолына пайдалануға ұмтылған адамдардың ерікті ұйымы.Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқаруын айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл – адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Бұл құрылым қазір әлемнің отыздан астам мемлекеттерінде жұмыс істейді.Көппартиялы жүйенің сипаттамасы мынада: мұнда әрбір партия сайлауда көпшілік қолдауына ие болу үшін сол партияның идеялық-саяси бағытын бұқараға білдіруге тырысады. Осылайша халықты өздеріне сендіру арқылы басқа партиялардың қисындарын жоққа шығарады. Осыған тән басқа бір сипаттамасы азаматтардың саяси қолдауына ие болуға ұмтылған саяси субъектілердің неғұрлым көп болуы. Бұл плюралистік демократияның негізін жасайды. Саяси мәселелер баспасөзде жан-жақты жарык, көреді. Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау екі партияның бірі өзінен өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Себебі, ол үкіметті заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ол мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді. Өйткені ол орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады. Бипартиялық көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге билеген басқа партияларға аудара салмайды. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ, әдетте, олар шешуші рөл атқармайды және жеңіске жетерлік мүмкіндіктері де жоқ. Дегенмен, мұндай жүйенің өміршендігін аты аталған елдердің өмірі дәлелдеп отыр.Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициалық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазір Қытай,КХДР,Кубада бар. Партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыңғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. партия арқала шешімдер қабылдағанда азаматардың барынша мол қажеттіліктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет