Ақан сері ат. Көкшетау мәдениет училищесі
Қор 382, 184 сақт. бірл., 1955-1992 жылдары
Көкшетау облыстық атқару комитетінің 1955 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен жабылған Көкшетау қазақ педаго-гикалық училищесі негізінде кітапханалық техникум ұйымдас-тырылған. Қазақ КСР жоғары және орта арнаулы білім беру Министрлігінің 1981 жылдың 16 маусымындағы бұйрығы негізінде мәдени-ағарту училищесіне атауы өзгертілген. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылдың 23 шілдесіндегі қаулысымен училищеге Ақан сері аты берілген. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылдың 28 мамырындағы қаулысымен мәдениет училищесі деп атала басталған. Қазақ КСР Мемлекеттік Комитетіне, 1991 жыл-дан мәдениет бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетіне бағынған.
Мәдениет мекемелеріне «мәдени-ағарту жұмыс», «кітапханалық іс» мамандықтары бойынша мамандарды даярлауын жүзеге асырған.
Кітапханалық техникумның жарғысы. Сырттай оқу бөлі-мінің бұйрықтары.
Педагогикалық, әдістемелік кеңестерінің, оқу-әдістеме-лік, пәндік, циклдік комиссиялардың отырыс хаттамалары.
Оқу-тәрбиелеу, мәдени-бұқаралық, спорттық жұмыс жоспарлары. Оқушылардың оқу, өндірістік тәжірибелерінің жоспарлары мен бағдарламалары.
Техникумның, училищенің, Мемлекеттік мамандырыл-ған комиссияның жұмысы, оқу жоспарлары мен бағдарлама-ларының орындалғаны туралы, курстар мен мамандар бойынша оқушыларды орналастыру туралы есептер, анықтамалар. Жас мамандарды орналастыру туралы құжаттар.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары. Жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша статистикалық есептер. Оқытушылардың тарификациялық тізімдері.
Кәсіподақ жиналыстарына, кәсіптік комитет отырыс-тарына хаттамалар.
Көкшетау қазақ педагогикалық училищенің сырттай оқу секторы
Қор 52, 22 сақт. бірл., 1938-1954 жылдары
1934 жылы ашылған. Қазақ КСР ағарту Министрлігінің 1954 жылдың 05 шілдесіндегі бұйрығымен қызметін тоқтат-қан.
Қазақ педагогикалық училищенің негізінде қызмет еткен, бастапқы мектеп мұғалімдерін даярлауды жүзеге асырған.
1934-1937 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Училищенің бұйрықтары, сырттай оқу секторының қызметіне қатысты. Оқу үлгерімі мен емтихандар бойынша хаттамалар.
Оқу, күнтізбелік жоспарлар, сабақ кестелері. Емтихан сессияларының нәтижелері, мемлекеттік емтихандардың қоры-тындылары, мамандардың даярлығы туралы есептер. Шығын-дар сметалары.
Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау машина-құрылыс техникумы
Қор 3, 55 сақт. бірл., 1956-1992 жылдары
КСРО прибор жасау мен автоматтандыру құрылдары Министрлігінің 1956 жылдың 02 шілдесіндегі бұйрығына сай құрылған. 1957-1959 жылдары Солтүстік Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің, 1960 жылдан Комитеттің, 1961 жылдан Қазақ КСР жоғары және орта арнаулы білім Министрлігінің, 1988 жылдан Қазақ КСР халыққа білім беру Министрлігінің, 1992 жылдан Қазақстан Республикасы білім беру Министрлігінің қарауында болған. Қазақстан Республика-сы білім беру Министрлігінің 1993 жылдың 18 мамырындағы бұйрығымен жабылып, функциялары жаңа құрылған политех-никалық техникумына тапсырылған.
Өндірістік кәсіпорындарға және құрылыс ұйымдарға «инструменттік өндіріс», «өндірістік және азаматтық құры-лыс», ғимараттардың санитарлы-техникалық құрылымы» мамандықтары бойынша кадрларды даярлаумен айналысты.
Техникум туралы қағида. Техникумның негізгі қызмет бойынша бұйрықтары. Педагогикалық кеңестің отырыс хатта-малары. Оқу жоспарлар.
Шығындар сметалары және штаттық кестелер. Жылдық бухгалтерлік есептер, шығындар сметаларын орындағаны туралы есептер. Статистикалық есептер.
«№ 11 кәсіптік-техникалық мектебі» мемлекеттік мекемесі
Қор 461, 46 сақт. бірл., 1997-2006 жылдары, Көкшетау қаласы
Көкшетау облысы әкімінің бірінші орынбасарының 1995 жылдың 17 қазанындағы өкімі негізінде № 20 мемлекет-тік құрылыс-өндірістік кәсіптік-техникалық училищесі құрыл-ған, 1997 жылдың 28 қазанынан № 2 кәсіптік-техникалық мектебіне, 1999 жылдың 14 маусымынан «№ 2 кәсіптік-техни-калық мектебі» ММ деп атауы өзгертілген. Ақмола облысы әкімінің 1999 жылдың 29 қарашасындағы шешімімен «№ 11 кәсіптік-техникалық мектебі» ММ деген атау берілген. 2003 жылдың 21 наурыздағы Ақмола облысының облыстық білім беру басқармасының бұйрығына сәйкес № 11 кәсіптік-техникалық мектебі «№ 11 кәсіптік-техникалық лицейі» ММ-не атауын өзгертті.
Кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, ведомство-ларға, халық шаруашылығы салаларына мамандырылған жұ-мысшыларды даярлаумен айналысады.
1995-1996 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Педагогикалық және әдістемелік кеңестердің мәжілісте-ріне, отырыстарына хаттамалар. Оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік жұмыстың жоспарлары.
Штаттық кестелер, бюджет бойынша шығындар смета-лары, табыстар мен төленетін қызметтерді жүзеге асырудан табатын қаражат шығындарын қаржыландыру. Жылдық бухгалтерлік есептер, салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша есептер.
«Балалар музыкалық мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
Қор 470, 30 сақт. бірл., 2002-2005 жылдары
1950 жылдың 07 желтоқсандағы № 10-925-17 Кокчетав облыстық атқару комитетінің шешімімен 1951 жылы жетіжылдық музыкалық мектебі құрылды, 1991 жылдың 21 ақпанынан балалар музыкалық мектебіне өзгертілді, 1999 жылдың 20 шілдесіндегі № 152 Көкшетау қаласының әкімі аппаратының білім беру бөлімінің бұйрығына сәйкес Көкшетау балалар музыкалық мектебі «Балалар музыкалық мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына (МҚКК) қайта құрылды.
Балалар мен жасөспірімдердің музыкаға мақсатты оқытуды, жалпы блім беретін мектеппен бірігіп оқушылардың кәсіптік орнын өзі белгілеуін құруды жүзеге асырады, олардың қабілеттіктерін іске асырады.
Негізгі қызмет бойынша мектеп бұйрықтары, педагогикалық кеңес отырыстарының хаттамалары, оқу-өндірістік жұмыстың жоспарлары.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары және міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары, табыстар мен төленетін қызметтерді жүзеге асырудан табатын қаражат шығындарын қаржыландыру жоспарлары. Жылдық бухгалтерлік есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
«Балалар көркем мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қор 472, 44 сақт. бірл., 2002-2005 жылдары
[1979 жылы] Кокчетав балалар көркем мектебі құрылды. 2000 жылдың 07 ақпандағы Ақмола облысының Әділет басқармасымен берілген, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі негізінде «Балалар көркем мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып тіркелді.
Балалар мен жасөспірімдерді бейнелеу өнерінің алуан түрлеріне мақсатты оқытуын жүзеге асырады.
Жоғары тұрған органдардың қаулылары, шешімдері, нұсқаулары, бұйрықтары, педагогикалық кеңес, оқу-әдістемелік пәндік комиссиялары отырыстарының,хаттамалары.
Мектеп жұмысының жоспарлары, есептері. Бітіру емтихандары мен жұмыстардың аудармалық қараулары туралы құжаттар (хаттамалар, емтихан тізімдемелері, есептер).
Штаттық кестелер, міндеттемелер мен төлемдер бойынша, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары.
Жылдық бухгалтерлік есептер, салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша, есептер, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
14. АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МЕКЕМЕЛЕРІ
Воровской ат. Көкшетау мемлекеттік типографиясы
Қор 278, 10 сақт. бірл., 1922-1925 жылдары
Көкшетау қаласында бірінші мемлекеттік типография [1922 жылы] ашылған, 1923 жылдың маусымынан Воровской атындағы. Ақмола губерниялық халық шаруашылығы кеңесінің бағынуында болған, 1923 жылдың сәуірінен – Губерниялық өндіріс басқармасына бағынған.
Газет, брошюра, бланкілік өнімдерді бастыруымен айналысты.
Губерниялық халық шаруашылығы кеңесінің және өндіріс басқармасының бұйрықтары, нұсқаулары. Өндірістік жоспарлар.
Типографияның жұмысы туралы есептер, мәліметтер, тексеріс актілері, мекемелермен, ұйымдармен хат алмасу.
Ұжымдық шарт. Типографияның жұмысшылары мен қызметкерлер тізімдері.
«Красный пахарь» газетінің редакциясы
Қор 425, 51 сақт. бірл., 1920-1924 жылдары, Көкшетау қаласы
1920 жылдың 01 шілдесінде құрылған. Газет РКП Көкшетау уездік бюросының және уездік ревкомының, ал 1921 жылдың шілдесінен еңбекші, шаруа және қызыл әскер депутаттары Кеңесінің уездік атқару комитеті мен РКП уездік комитетінің апталық органы болыпты. 1930 жылы «Колхоздық майдан» болып атала басталған.
Қаланың және уездің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірін баяндады.
1925-1930 жылдарғы құжаттары тапсырылмаған.
Көкшетау УРОСТА мен газет редакциясының бірлескен отырысына хаттама (1921). Газетке басылымға жолданған мақа-лалар, хаттар мен жазбалар, корреспондеттермен хат алмасу.
Редакциялық коллегияның қызметкерлер тізімдері, жалақылар бойынша тізімдемелер.
Көкшетау әкімі жанындағы «Көкшетау» газетінің редакциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қор 55, 69 сақт. бірл., 1930,1974-1994,1997-2009 жылдары
1930 жылдың 17 қыркүйегінде «Колхоз жолы» газеті – Көкшетау аудандық партия комитеті мен аудандық атқару комитеттің органы негізделген, 1944 жылдың 05 тамызынан ол Көкшетау облысытық партия комитеті мен облыстық атқару комитеттің «Көкшетау правдасы» болып атанған, 1990 жылдың 01 қаңтарынан – «Көкшетау» облыстық партия комитеті мен облыстық халық депутаттары Кеңесінің, 1991 жылдың 28 тамызынан – «Көкшетау» облыстық қоғамдық-саяси газеті. 1997 жылы Көкшетау облысының жабылуымен қызметін тоқтатқан.
1997 жылдың 07 шілдесіндегі Көкшетау қаласы әкімінің өкіміне сай «Көкшетау» қалалық газетінің редакциясы» мемлекеттік мекемесі құрылды. 2001 жылдың 26 сәуірдегі Көкшетау қаласы әкімінің шешімімен редакция «Көкшетау қаласының әкімі жанындағы «Көкшетау» газетінің редакциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (ШЖҚ МКК) қайта құрылды. 2009 жылдың 06 мамырдағы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен «Көкшетау» газетінің редакциясы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Арқа ажары» газетінің редакциясы» ШЖҚ МКК-на қосылу жолымен қайта құрылды.
Негізгі мақсаты – экономиканы реформалау, қоғамда тұрақтылық пен келісімді нығайту бойынша ҚР Президенті мен Көкшетау қаласы әкімінің саясатын өмірге іске асыру, қала өмірінің объективті және жан-жақты айқындау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, ынтымақтық пен адамгершіліктің үздік дәстүрлері негізінде халықты тәрбиелеу.
1931-1973,1995-1996 жылдарғы құжаттар тапсырыл-маған.
Редакция жарғысы, редакциондық коллегияның отырыс хаттамалары, редакцияның жұмыс жоспарлары.
«Колхоз жолы» газетінің бірінші нөмірлі даналары (1930), соңғысы – «Көкшетау» (1997). «Көкшетау правдасы» мерейтойлы шығарылымдары (1980, 1990), «Құрмет белгісі» орденімен газетті марапаттанғаны туралы құжаттар (1980). Қала, облыс, республика тарихы бойынша, белгілі қазақ ағарту-шылар, қоғамдық қызметкерлер, жазушылар, ақындар, халық шеберлері, мәдени орталықтардың жұмысы және т. б. туралы жарияланған, жарияланбаған хаттар мен мақалалар, естеліктер. М. Қожахметованың «Жан тәсілім» («Агония») романы қолжаз-басының бір бөлігі (1993-1994). Газет беттерінде жарияланған, қаза тапқан және хабарсыз жоғалған, оңалтылған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының тізімдері (1991-1992).
«Көкшетау» газетінің жұмысы туралы анықтамалар, ақпараттар, белгілі жазушылармен, композиторлармен хат алмасу.
Штаттық кестелер, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары.
Жылдық бухгалтерлік, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша, салықтар және бюджетке басқа да міндектті төлемдер бойынша есептер.
Кәсіподақ жиналыстарының, кәсіптік комитет отырыс-тарының хаттамалары.
Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау қаласының әкімі жанындағы «Степной маяк» газеті редакциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорны
Қор 129, 142 сақт. бірл., 1960, 1965-2005 жылдары
Көкшетау облыстық партия комитеті бюросының 1963 жылдың 18 сәуіріндегі қаулысына сай «Кокчетавская правда» облыстық газеті «Степной маяк» жаңа атауын алған, соған сәйкес газет редакциясының атауы да өзгерген. 1963-1990 жылдары газет облыстық және қалалық партия коми-теттерінің, облыстық халық депутаттары кеңесінің органы, ал 1991 жылдың қаңтарынан облыстық партия комитеті, облыстық халық депутаттары кеңесі мен облыстық атқару комитеттің болды. 1991 – 1992 жылдары – облыстық халық депуттар кеңесі мен облыстық әкімшіліктің. 1993 жылдан газет облыстық әкімшіліктің, еңбекші редакция ұжымының қоғамдық-саяси органы болып табылды, ал 1994 жылдың сәуірінен – облыстық мәслихаттың да. 1995 жылдың 17 қаза-нынан газеттің құрылтайшылары – Көкшетау облысының әкімі, облыстық мәслихат және редакцияның еңбекші ұжымы. Көкшетау облысының жабылуына байланысты 1997 жылдың 03 мамырында газет өз қызметін тоқтатты.
Көкшетау қаласы әкімінің 1997 жылдың 07 шілдесіндегі өкімімен «Степной маяк» Көкшетау қалалық газетінің редакциясы құрылған. 2000 жылдың 06 наурызындағы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сай «Степной маяк» Көкшетау қалалық газеті редакциясы» мемлекеттік мекемесіне өзгертілген, 2001 жылдың 30 мамырынан –«Көкше-тау қаласының әкімі жанындағы «Степной маяк» газеті редакциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорынға.
Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар, жергілікті өкімет органдардың қызметі бойынша қала халқын хабардар ету, қала өмірін газет беттерінде объективті және жан-жақты баяндау, қазақ-стандық патриотизмін тәрбиелеу.
Қорда «Кокчетавская правда» газеті редакциясының 1960 жылғы құжаттары бар.
1963-1964 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Редакцияның жарғылары (1997, 2000, 2001), редакция-ның негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Редакциялық колле-гияның отырыс хаттамалары. Жылдық жұмыс жоспарлары.
Газеттің мерейлі оқиғаларына шыққан газеттер мен буклеттер даналарының түпнұсқалары, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлерге, ақындарға, жазушыларға, облыс және қала өміріндегі маңызды оқиғаларға арналған, мекемелер мен ұйымдардың құру тарихы бойынша және т. б., жарияланған және жарияланбаған мақалалар, хаттар, естеліктер.
Штаттық кестелер, табыстар, шығындар жоспарлары, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарлама-ларды қаржыландыру жоспарлары, бюджет бойынша шығындар сметалары.
Қаржылық-шаруашылық қызметі, салықтар мен басқа міндетті төлемдер бойынша, тауарларды, жұмыс пен қызмет көрсетуін мемлекеттік сатып алу туралы жылдық есептер. Еңбек және қызметкерлерді босату туралы болжамдары бойынша статистикалық есептер.
Ұжымдық шарттар. Кәсіподақ жиналыстарына, кәсіптік комитет отырыстарына хаттамалар.
15. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРГАНДАРЫ МЕН МЕКЕМЕЛЕРІ
15.1. Мәдениет басқармасының органдары
«Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Қор 411, 281 сақт. бірл., 1961-1982, 1984, 1987-2006 жылдары
Көкшетау облыстық атқару комитетінің 1962 жылдың 22 ақпанындағы шешіміне сай құрылған. 1997 жылдың 15 шілдесіндегі Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен мәдениет бөлімі Көкшетау қалалық мәдениет департаментіне қайта құрылды. 1999 жылдың 25 ақпандағы Көкшетау қаласы әкімінің шешіміне сәйкес мәдениет департаменті жойылған және «Көкшетау қаласының әкімі жанындағы қалалық мәдениет бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды. 2004 жылдың 31 желтоқсандағы Көкшетау қаласы әкімінің қаулысымен мәдениет бөлімі «Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне атауын өзгертті.
Клубтардың, мәдениет Үйінің, кітапханалардың, мұра-жайлардың және қаланың басқа мәдениет-ағарту мекемеле-рінің жұмысын басқарды.
Қорда В. В. Куйбышев атындағы Көкшетау қалалық бақшаның 1956-1961 жылдарғы құжаттары бар.
Мәдениет бөлімінің кеңесі, көркем әуесқойлығы қарау-ларының жюрилер отырыстарының хаттамалары.
Бөлімнің, кітапханалардың жұмыс жоспарлары, көркем әуесқойлығы қарауларын өткізу, мерейтойларды тойлау, жос-парлары, концерттердің бағдарламалары, қатысушылардың тізімдері. Бөлімнің, кітапханалардың, мәдени-ағарту мекеме-лердің жұмысы туралы еасептер, анықтамалар, ақпарат, мәліметтер.
Бөлімнің штаттық кестелері, ведомстволарға бағынған мәдени-ағарту мекемелердің, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары, жылдық бухгалтерлік, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша, салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша есептер.
Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің мәдениет бөлімі
Қор 406, 40 сақт. бірл., 1953-1969 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
Көкшетау аудандық атқару комитетінің шешімімен аудандық кинофикация мен мәдени-ағарту жұмысы бөлімде-рінің бірлесуі нәтижесінде 1953 жылдың 01 шілдесінде құрылған.
Аудан жерінде мәдени-ағарту мекемелердің жұмысына басшылық атқарған.
Мәдениет бөлімі кеңесінің қаулылары. Мәдениет бөлім-дері мен мекемелерінің жұмыс жоспарлары, есептері, есептеу-лері, оларды орындауда ақпараттық анықтамалар.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер, еңбек бойынша есептер.
Кадрлар бойынша есептер, тарификациондық тізімдер.
15.2. Мәдениет және өнер мекемелері
Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
Қор 463, 146 сақт. бірл., 1977-1980,1983-2005 жылдары
Көкшетау қалалық атқару комитеттің 1977 жылдың 30 қыркүйегіндегі шешіміне сай орталықтандырылған кітапха-налық жүйе құрылған. Көкшетау қаласы әкімінің 1998 жылдың 18 наурызындағы өкімімен қалалық ақпараттық кітапхана жүйесіне (ҚАКЖ), 1999 жылдың 27 тамызынан «Көкшетау қаласы ақпараттық кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекеме-сіне қайта құрылған. Көкшетау қаласының әкімі 2004 жылдың 14 маусымында бекіткен жарғыға сай мекеме Көкшетау қала-сы мәдениет бөлімінің, ал 2005 жылдың 11 ақпанынан Көкше-тау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қала-лық ақпараттық кітапхана жүйесі» ММ болып атала бастал-ған.
Қала халқына ақпараттық қызмет көрсетуін жүзеге асырады.
1981-1982 жылдарғы құжаттар сақталмаған.
Қағида (1991), мекеменің жарғылары (1999, 2004), негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
Өндірістік мәжілістеріне, «Кітапхана мен ғылыми-техни-калық ақпараттың органдары – еңбекші ұжымына» ғылыми-тәжірибелік конференциясына (1979), қорларды күштірек ұйымдастыруына, ашуына, ақпараттық толықтығы мен пайда-лануына конкурс нәтижелері бойынша комиссия отырысына (2005) хаттамалар.
Жылдық жұмыс жоспарлары, Көкшетау қаласының 180 жылдығына арналған шаралардың жоспарлары. Жылдық есептер, қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің жұмысы, кітапханалық қызмет көрсетуін ұйымдастыру туралы ақпарат-тар.
Тауарларды, жұмыс пен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыру бойынша комиссия отырыстарының хаттамалары. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары. Штаттық кесте-лер, табыстар мен шығындар сметалары. Бухгалтерлік есептер, мемлекеттік сатып алуын жузеге асыру туралы, салықтар мен басқа міндетті төлемдер бойынша. Статистикалық есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
В. В. Куйбышевтің республикалық мемориалды мұражайы
Қор 163, 163 сақт. бірл., 1949-1999 жылдары, Көкшетау қ.
Қазақстан КП ОК 1947 жылдың 21 қазанындағы қаулысына және Көкшетау облыстық атқару комитеттің 1948 жылдың 06 мамырындағы шешіміне сай құрылған. Қазақ КСР Мәдениет министрлігіне бағынуында болған. Облыстық атқару комитетінің 1988 жылдың 13 қазанындағы шешімімен облыстық атқару комитетінің мәдениет бойынша комитеті-не жергілікті бағынуына, ал 1997 жылдың 03 мамырынан Көкшетау облысының жабылуына байланысты, Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы мәдениет департаментіне тапсы-рылған. Көкшетау қаласы әкімінің 2000 жылдың 02 наурызын-дағы өкімімен «Көкшетау» мұражайлық бірлестігіне қосылуымен жабылған.
Негізгі міндеттері: ғылыми-зерттеу, жинақтаушы, көрмелік-экспозициялық, ғылыми-тәжірибелік қызмет.
Коллегияның қаулылары, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрықтары. Мұражайдың жарғысы (1993).
Жылдық жұмыс жоспарлары, көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, олардың баяндалуы, жәдігерлердің сипаттамалары, ғылыми-теориялық конференциялардың құжат-тары, В. В. Куйбышевтің өмірі мен қызметі туралы мақалалар, пікірлер кітабы. Негізгі қызметі бойынша жылдық есептер.
Штаттық кестелер, бюджет бойынша сметалар, жылдық бухгалтерлік есептер.
Кәсіподақ жиналыстарына, кәсіптік комитет отырыста-рына хаттамалар.
«Көкшетау» мұражай бірлестігі» мемлекеттік мекемесі
Қор 274, 70 сақт. бірл., 1995-2004 жылдары
Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы 1995 жылдың 04 қыркүйектегі Көкшетау облысы әкімінің өкімі негізінде ашылған болатын. Жанама деректер бойынша, 1997 жылдың желтоқсанында мұражай негізінде «Көкшетау» мұражай бірлестігі» мемлекеттік мекемесі құрылғандығы анықталды, оның құрамына тарихи-өлке мұражайы, әдебиет және өнер мұражайы, ұлттық тарих мұражайы кірді. 2004 жылдың 31 желтоқсандағы «Облыс мұражайларын қайта құру және оларды облыстық бюджетке тапсыру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен мұражай бірлестігі Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Мәлік Ғабдуллин мұражайы», «Көкшетау қаласы тарихының мұражайы», «Әдебиет және өнер мұражайы» мемлекеттік мекемелеріне бөліну жолымен қайта құрылды.
Негізгі міндеттері: ғылыми-зерттеу, жин
Мекеменің ғылыми кеңесі отырыстарының хаттамалары, мұражай қағидалары (1999, 2004).
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, жұмыс жоспарлары, негізгі қызмет бойынша есептер, басшы ауысқан кезде құрастырылған, мұражай бірлестігі балансынан негізгі қаражаттың қабылдау-тапсыру актілері.
Штаттық кесте, шығындар сметалары, бюджетке міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспары, бухгалтерлік, салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша есептер, негізгі қызмет сұрақтары бойынша статистикалық есептер.
Көкшетау көркем-өндірістік шеберханасы
Қор 419, 42 сақт. бірл., 1962-1971 жылдары
КСРО Көркем қорының 1961 жылдың 14 маусымындағы бұйрығы негізінде 1962 жылы құрылған. Қазақ КСР Көркем қорына бағынған.
Декоративтік-ресімдеулік жұмыстарды атқарған.
Шеберхананың Көркем кеңесі отырыстарының, шығар-машылық секцияның хаттамалары.
Өндірістік жоспарлар және оларды орындауы туралы есептер. Еңбек бойынша, өнімді шығару туралы есептер.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық қар-жылық есептер, статистикалық есептер.
Жалпы кәсіподақ жиналыстарының, жергілікті комитет отырыстарының хаттамалары.
16. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР
16.1. Кәсіптік одақтар
Көкшетау қалалық мемлекеттік сауда-саттық пен қоғам-дық тамақтандыру қызметкерлерінің кәсіптік одағының комитеті
Қор 351, 19 сақт. бірл., 1951-1952 жылдары
1951 жылдың 01 қаңтарында құрылған. Көкшетау об-лыстық кәсіптік одақтар Кеңесіне бағынған.
Ведомстволарға қаралатын салалық кәсіптік ұйымдар-дың жұмысын басқарған.
Қалалық комитет президиумының, жергілікті ұйымдық кәсіподақтар комитетінің отырыстарына, жалпы кәсіподақ жиналыстарға хаттамалар. Қалалық комитет президиумының жұмыс жоспарлары.
2-інші қалалық сауда-саттық пен қоғамдық тамақтан-дыру қызметкерлерінің кәсіподақтары конференциясында қалалық комитеттің жұмысы туралы есеп баяндамасы, делегат-тардың сауалнамалары (1952). Сауда-саттық пен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жұмысы туралы анықтама-лар, хат алмасу. Қалалық және жергілікті ұйымдық комитет-терінің қаржылық, статистикалық есептер.
Достарыңызбен бөлісу: |