1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары



бет14/18
Дата08.09.2017
өлшемі3,04 Mb.
#30374
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Вавровская Э. Б.
Қор 458, 64 сақт. бірл., 1937-2006 жылдары, бөлек құжаттар - 1925 жылғы
Вавровская Элла Брониславовна (туғ. 13.05.1927) – ха-лыққа білім берудің қызметкері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі (1982), пионерлер қозғалысының ардагері, ЖЛКЖО ОК «Ең жақсы пионерлер вожатаясына» белгілерімен (1956, 1974), медальдармен (1968, 1987, 2005) марапатталған, Көкшетау қаласындағы № 2, 4, 5 мектептерінің пионервожатаясы (1948-1959,1966-1968), № 6 мектебінің ән мен күй пәнінің мұғалімі (1968-1973).
Э. Б. Вавровскаяның өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиографиялар (1948,1990), жеке істер (1948,1959), ең-бек кітапшасы (1945), орта музыкалық мектепті, Мәскеу сырт-тан тыс оқу өнерлер халықтық университетін, Халық шығарма-шылығы Орталық Үйі жанындағы сырттан тыс оқу курстарын бітіргені туралы куәліктер (1943,1961-1967), белгілерге куәлік-тер: «Ең жақсы пионерлер вожатаясына», «Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі», «Алтын жұлдыз» (1956, 1972, 1982, 2001), және медальдарға: «Тың игеру үшін», «Еңбек ардагері», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» (1968,1987,2005), ақталғаны туралы анықтама (1997), құрмет грамоталары (1970, 1972,1984,1990), мерейтой және еске салу даталарға арналған салтанатты жиындарға шақырулар (1960,1982-1992), құттық-таулар (1964, 1976-2001); педагогикалық қызметтің құжатта- ры – Э. Б. Вавровская басқарған пионерлер ұйымының жұмыс нәтижелері туралы қаулы (1951), алғыс білдіру туралы бұйрық-тар (1956), жұмыс жоспарлары, есептер (1960-1966), сөз айтуда-ғы мәтіндер (1950, 1967-1986), сынып сағаттардың, ойындар-дың, шаралардың әзірлемелері (1948,1967,1973), еңбек күнделі-гі (1991); шығармашылық қызметтің құжаттары - мақалалар (1965,1998,1999), естеліктер (1975, 1995,2005), мектептің қуыр-шақ театрына сценарийлер (1961, 1963).

Э. Б. Вавровскаяның «Вожатый» журналы, «Дружные ребята» газеты редакцияларына хаттары (1951-1958).

Э. Б. Вавровскаяға хаттар: Т. И. Некратованың, Мемле-кеттік оқу-педагогикалық баспасөздің, облыс пионеровожатый-ларының, Володар балалар үйінің тәрбиеленушілердің, туыс-тары мен таныстарының (1950-1969, 1982-1994).

Э. Б. Вавровская туралы құжаттар: мақалалар мен жазба-лар (1967-1987, 1999-2005), Г. М. Булычеваның естеліктері (2006).

Э. Б. Вавровская жинаған құжаттар: Қазақ КСР ағарту ісі Министрлігінің бұйрықтар мен нұсқаулар жинағы, пионерлер жұмысын ұйымдастыруда тәжірибелік кеңестер жинағы (1954, 1968), әндердің, өлеңдердің мәтіндері (1960-1991), «Жұлдыз» пионерлер ұйымының бағдарлама жобасы (1993).

Э.Б. Вавровскаяның ата-анасының құжаттары: ақталғаны туралы анықтамалар, құрмет грамоталары, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі мүшесінің куәлігі (1951-1960, 1979, 1982).

Қазақ, орыс тілдері.

Гладкова Г. С.
Қор 152, 27 сақт. бірл., 1949-1982,1988,2000 жылдары
Гладкова Галина Сергеевна (туғ. 10.03.1927) – мұрағат-тық мекемелердің қызметкері, ғылыми қызметкер, Көкшетау облыстық ішкі істер басқармасы мұрағаттық бөлімінің инспекторы (1948-1951), Көкшетау облысы мемлекеттік мұрағатының бастығы, директоры (1951-1982).
Г. С. Гладкованың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – жеке іс (1951-1982), қалалық партконференциялары деле-гатының мандаттары (1954, 1957), құрмет грамоталары (1962, 1963, 1980); қызметтік құжаттары – монографиялар (1969, 1979), ақпараттық анықтамалар (1965), дипломдық жұмыс (1963), Көкшетау қаласының негізі қаланғанының 140 жылдығына дайындаған баяндамасы (1964), Көкшетау облысы мемлекеттік мұрағатының қорларындағы құжаттардың аннота-циялары және Омбы облысының мемлекеттік мұрағатына сапары туралы шимай жазбалар. Шығармашылық қызметтің құжаттары: Аймақтың тарихына, мерейлі және маңызды даталарға арналған мақалалар (1965, 1968, 1970, 1977).

Г. С. Гладкованың мемлекеттік мұрағат қызметкерлері-мен, облыстың мұрағаттық қызметкерімен, Целиноград қала-сында өткен республикалық семинардың қатысушыларымен, т. б. бірге түскен фотосуреттері (1949, 1950, 1956, 1957, 1963, 1964, 1968, 1978, 1988).

Г. С. Гладкованың өлеңдерінің қолжазбасы (2000).
Гореликова В. М.
Қор 428, 31 сақт. бірл., 1964-1987,1999-2000 жылдары
Гореликова Вера Макаровна (туғ. 17.09.1929) – халыққа білім беру қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдар-мен марапатталған, халықтық ағарту ісінің үздігі (1971), Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі (1975), тарих пәнінің мұғалі-мі (1950-1962, 1986-1997), оқу бөлімінің меңгерушісі (1962-1963), мектеп директоры (1963-1986), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (1999).
В. М. Гореликованың өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – автобиографиялар (1973, 1999), жеке парақ (1999), куәліктер - «Халықтық ағарту ісінің үздігі» (1971), «Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстазы» (1975), Көкшетау қалалық халық депута-тары Кеңесінің депутатының (1980, 1984, 1987) және т. б., құр-мет грамоталары (1977-1986), қалалық партия комитеті мен қалалық атқару комитетінің сәлемдесу адресі, Көкшетау қала-сының әкімі мен қалалық мәслихат хатшысының алғыс хаты (1979, 2000), «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мектеп ұжымының жиналыс хаттамасы және қала-лық мәслихаттың шешімі (1999); педагогикалық және қоғамдық қызметтің құжаттары – сөз айтуда мәтіндер (1974-1983); баян-дамалар (1975, 1977, 1986), «Совместная деятельность школы, семьи и шефствующего предприятия по коммунистическому воспитанию учащихся» монографиясы (1978).

В. М. Гореликованың фотосуреттері, жеке және қалалық пионерлер парадының, Халықтар Достығы мектептік мерекесі-нің қатысушыларымен, Щучинск қаласының бірінші пионер-вожатыйы П. А. Руденкомен, т. б. бірге түскен (1964-1985).


Давлетов А. Д.
Қор 474, 30 сақт. бірл., 1944-1945, 1947, 1950, 1957, 1965-1967, 1971-1974, 1976, 1980-1987, 1989, 1993, 1995, 1999-2000, 2003-2005, 2007-2010, 2012 жылдары
Давлетов Асылбек Джазыұлы (туғ. 10.11.1925) – Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Кеңес Армиясының гвардиялық әуе-десанттық әскерінің Құрметті ардагері (1981), Көкшетау қаласының құрметті азаматы (2009), І дәрежелі Отан соғысының (1966), Еңбек Қызыл Туы (1971, 1972), «Құрмет белгісі» (1957, 1966, 1976, 1980) ордендерімен, «Ержүректілік үшін» (1947), «Венаны алғаны үшін» (1946), «Будапештті алғаны үшін» (1986), «Еңбек ардагері» (1985), «Ерен еңбегі үшін» (2003), «Тыңға 50 жыл» (2004) медальдарымен, КСРО ВДНХ күміс медалімен, «1941-1945 жж. Соғыс ардагері» (1999) белгісімен марапатталған.
А. Д. Давлетовтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ (1984), естеліктер (1984), құрмет грамотасы (1985), атаққа ұсыну бойынша құжаттар (хаттамадан үзінді, шешім, ұсынулар) (2007-2009); алғыс (1944), құрметті ардагер (1981), депутат болып сайлау туралы (1965, 1986), ордендерге, медальдарға, белгісіне, белгішесіне куәліктер; съезд делегатының мандаты; А. Д. Давлетовтың қызмет және қоғам қызметінің құжаттары – мақалалар (1974, 2012), кітап (1987), сөз сөйлеу (1995, 2000), «А. Д. Давлетовқа хаттар» бөлімі оған хаттармен ұсынылған (1980-1981, 1983-1984, 1986, 2005); құттықтау хаты, ашық хаттар, шақыру билеттері (1967, 1974, 1980-1985, 1995); А. Д. Давлетов туралы мақалалар (2003, 2005, 2009-2010, 2012); А. Д. Давлетовтың жеке және қызметтестермен (1950), Кокчетав облыстық атқару комитетінің төрағасымен (1976), Қазақстан Компартиясы XIV съезінің қатысушыларымен (1976), туыстармен (1980, 1989, 2010), XXI облыстық партиялық конференцияда Қызылту ауданының делегаттарымен (1984), полктестерімен және олардың жұбайларымен (1984, 2006), Т. Бегельдиновқа ескерткішті ашу кезінде соғыс ардагерлерімен (2000), Мәскеу қаласындағы Жеңіс Парадының қатысушыларымен (2005) бірге түскен фотосуреттері.

Қазақ, орыс тілдері.



Демченко С. Т.
Қор 225, 25 сақт. бірл., 1942, 1953-1954, 1966-1986, 2003 жыл-дары
Демченко Сергей Тимофеевич (20.10.1896 – 23.11.1986) – құқықты сақтау органдардың қызметкері, Қызыл Ту (1945, 1954), Ленин (1949), Қызыл Жұлдыз (1967) ордендерімен, медальдармен марапатталған, мемлекеттік автоинспекция-ларының, Украинаның аудандық, қалалық бөлімшелерінің бастығы (1923-1941), Көкшетау облыстық ІІХК, Ақмола облыстық ІІМ басқармаларының саяси бөлім бойынша бастықтың орынбасары (1944-1954), бірінші дүниежүзілік, азаматтық және Ұлы Отан соғыстарының қатысушысы.
С. Т. Демченконың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – қысқаша өмірбаяндық мәліметтер (2003), депутат болып сайланғаны туралы куәлік және депутаттық билет (1953), марапаттау қаруын тапсыру туралы Ақмола облыстық ІІМ бас-қармасының бұйрығы және түбіртек (1954,1971), алғыс хаттар (1966, 1968, 1975, 1978, 1980), қорқұрушыны Қызыл Жұлдыз орденымен марапаттау туралы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы (1967), құрмет грамоталары (1967, 1970), құттықтау открыткалар (1967-1986), шақырулар (1969-1970, 1977-1978, 1980), сәлемдесу адрестер (1978, 1981); С. Т. Демченконың қоғамдық қызметінің құжаттары – Қазақ КСР мен Қазақстан Компартиясының 60 жылдығына байланыс-ты салтанатты отырыста сөз айтуда мәтіні (1980).

С. Т. Демченконың хаттары: қызы Галинаға (1942).

С. Т. Демченко туралы құжаттар: мақалалар (1970, 1972-1973), некролог (1986).

С. Т. Демченконың фотосуреттері, жеке және партия ардагерлерімен, Көкшетау облыстық атқару комитеті ІІБ қызметкерлерімен және жас коммунистерімен, т. б. бірге түскен (1943,1950,1977,1986).



Долгова В. В.
Қор 444, 29 сақт. бірл., 1968-2003 жылдары
Долгова Валентина Владимировна (туғ. 02.01.1951) – партия, комсомол, совет қызметкері, мұрағаттық істің қызметкері, Ленинград аудандық партия комитетінің инструкторы, аудандық комсомол комитетінің екінші хатшы-сы (1972-1977), Көкшетау облыстық комсомол комитетінің жалпы бөлім меңгерушісі, сектор меңгерушісі (1977-1980), облыстық атқару комитеті ұйымдастырушылық бөлімінің инструкторы (1980-1982), облыстық партия комитетінің инструкторы, жауапты ұйымдастырушысы (1982-1991), Көкшетау қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры (1993-2003).
В. В. Долгованың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат- тар – автобиографиялар (1972, 1980, 1982, 1998), жеке парақтар (1972, 1980, 1982, 1993), мінездемелер (1972, 1980, 1982), отзывы (1972, 1982), анықтама-объективкалар (1980, 1982), Щучье педагогикалық училищесін аяқтағаны туралы диплом (1969), комсомол хатшыларын қайта даярлау курстарда оқыға-ны туралы куәлік (1973), есепті комсомол карточкасы (1975), куәліктер (1968-1973, 1984-1993), аудандық партиялық конфе-ренциялардың делегат мандаттары (1975, 1977), құрмет грамо-талары (1971-1977), мерекелік және мүшел даталарға құттық-таулар (1989-2003), конференцияларға, салтанатты кештерге, концерттерге және т. б. шақырулар (1999-2003); қызметтік және қоғамдық қызметтің құжаттары – лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы хаттамалардан үзінділер, қаулыар, өкімдер, шешімдер (1972-1993); «Көкшетау қаласының мемле-кеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің веб-парағы (2000), В. В. Долгова дайындаған қала мекемелерінде жеке құрам бойынша құжаттардың қанағатсыз сақталуы және құжаттау мен құжаттаманы басқарудың негізгі ережелерін енгізу бойынша жұмыс жағдайы туралы жазбалар (1994, 1995), Е. Н. Әуелбеков және Көкшетау қаласының тарихы туралы ақпараттық анықта-малар (1999-2000), семинарға қатысу үшін конкурсқа Сорос-Қазақстан Қорына хат-түсіндірме (1998), семинарлар-мәжіліс-терінде сөз айтуда мәтіндер (1996-2002).

Шаруашылық қызметтің құжаттары – баспада жария-ланған мақалалар: «Документы не терпят беспечности» (1994), «Что архив откроет завтра?» (1996), «Тарихтан сыр шертіп …» (1998), «Закон, которого ждали» (1999), «У зерендинцев своя история» (2000) және басқалар (1996-2003); радио мен теле-дидарда сөз айтуда мәтіндер: «Не помогли расстрелы» (1999), «Так зарождалась статистика» (2000), «Не повторить трагедии прошлого» (2000), «Певец казахской степи» (2001), «Ибрагиму Салахову – 90 лет» (2001) және басқалар (2000-2001).

В. В. Долгованың хаттары: Л. П. Капитоноваға, А. З. Темірбековаға (2001-2003).

В. В. Долговаға хаттар: Е. Б. Баяхметовтың, О. Г. Петру-левичтің, А. З. Темірбекованың (2002, 2003).

В. В. Долгова туралы құжаттар: мақалалар мен жазбалар (1993-2003).

В. В. Долгованың фотосуреттері, жеке және мамандығын жетілдіру семинарлардың қатысушыларымен, партиялық кон-ференцияларының делегаттарымен, мемлекеттік мұрағаттар-дың қызметкерлерімен, облыстық комсомол комитетінің ардагерлерімен және т. б. бірге түскен (1977-2003).

Қазақ, орыс тілдері.
Досов Ә. Ы.
Қор 456, 20 сақт. бірл., 1928-1970,1989 жылдары
Досов Әбілқайыр Ысқақұлы (1899-1938) – саяси және мемлекеттік қызметкер, «Қазақстанға 15 жыл» белгімен марапаттанған, Қырғыз ОАК хатшысы (1920-1922), ЖОАК шеңберінде Қазақ ОАК тұрақты өкілі, ЖОАК президиумының мүшесі (1926-1930), ЖКП (б) ОК жауапы инструкторы (1930-1933), Семей, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстары партия комитеттерінің хатшысы (1933-1937) қуғын-сүргінге ұшыраған (1937), қайтыс болған соң оңалтқан.
Ә. Ы. Досовтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – автобиография (1934), жеке парақ (1937); қызметтік құжат- тары – Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындау туралы ЖКП (б) Қазақ аймақтық комитетінің хаттамасынан үзінді (1934).

Ә. Ы. Досов туралы құжаттар: Көкшетау облыстық партия комитеті партиялық мұрағатының анықтамасы (1970), қыздарының, А. И. Лиэптің, С. В. Логиновтың, С. Мұқановтың, А. М. Хариннің естеліктері (1928, 1966,1967,1989), Ә. Ы. Досов-тың өмірі мен қызметі туралы мәліметтерімен мақалалар және жазбалар, кітаптардан үзінділер (1964,1966,1989), Ә. Ы. Досов-тың құжаттарын жинақтау мен өмірдің жеке фактілерін нақты-лау бойынша хат алмасу, оның есімін мәңгілікке ету туралы партия және еңбек ардагерлерінің хаттары (1964-1970, 1989).

Ә. Ы. Досовтың фотосуреттері, жеке және М. Буденный-дың, М. И. Калининнің, ЖКП (б) мүшелері және т. б.
Жағипарова А. И.
Қор 304, 35 сақт. бірл., 1960-2012 жылдары
Жағипарова Алтын Иришқызы – (туғ. 16.08.1943) – мәдениет қызметкері, Чистополье аудандық мәдениет бөлімі балалар кітапханасының меңгерушісі (1962), Қызылту қалалық кітапханасының меңгерушісі (1970-1974), қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйенің директоры (1990-2004), «Мәдениет қайраткері» (2001) құрмет белгісіне облыстағы алғашқылардың бірі болып ие болған.
А. Жағипарованың өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – өмірбаян (2012), жеке парағы (1974), Кокчетав кітапханалық техникумын (1962), Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтын (1980) бітіру туралы дипломдар; партиялық билет, «Асар» республикалық партиясы мүшесінің билеті (2004), қосымша парағы бар еңбек кітапшасы (1964,1989); Смирновский еңбек депутаттары кенттік Кеңесінің (1969), Қызылту еңбек депутаттары кенттік кеңесінің депутаты етіп сайлау туралы (1973), біліктілікті арттыру туралы (1982, 1991) – куәліктер, Қазақстанның кітапханалық жұмысшылары ІІ-ші съезінің делегаты етіп сайлау туралы мандат (1998).

Қызметтік және қоғам қызметінің құжаттары: мақалалар, басылымдағы жарияланған сұхбат, әдістемелік-библиографиялық материалдар, оқу құралы, Көкшетау қаласының 180-жылдығына арналған, «Туган кунимен Кокшетау» театрға қоюға арналған ойын-сауыққа «Қазақстан жазушыларының туындыларындағы Көкшетау» конференция бағдарламалары (1970-2004).

Құрмет грамоталары (1962, 1972, 1977, 1984, 1986, 1988, 1998, 2002, 2005), құттықтау мекенжайлар, алғыс хаттар (1993, 1998, 2000-2004, 2008); белгілерге куәліктер: құрмет – «Мәдениет қайраткері», «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Коммунистік ерен еңбек екпіндісі» (1979-1980, 2001) атағын беру туралы; Кокчетав облыстық Құрмет Тақтасына А. И. Жағипарованы енгізу туралы куәлік (1995); жеделхаттар, құттықтау ашық хаттары (1988, 1993, 1996, 2002), мерекелерге шақырулар (2000-2005).

А. И. Жағипарова туралы құжаттар: мақалалар, естеліктер (1974, 1995, 1998-1999, 2001-2002, 2010-2012).

А. И. Жағипарованың әкесі туралы құжаттар: баспада жарияланған мақалалар (1980, 1982).

А. И. Жағипарованың фотосуреттері, жеке және туыстармен, кітапханалар қызметкерлерімен, біліктілікті арттыру курстарының қатысушыларының, әр түрлі семинарлар, облыстық балалар кітапханаларының директорлары кеңестерінің қатысушыларымен, кітапхана қызметкерлері съезінің делегаттарымен, Алма-Ата қаласындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен бірге түскен (1960-2004).

Қазақ, орыс тілдері.
Жақыпов А. Ж.
Қор 475, 42 сақт. бірл., 1941, 1945-1946, 1949-1950, 1956-1957, 1960-1961, 1963, 1965-1978, 1980-1982, 1984-1985, 1987, 1989, 1991-1992, 1994-2005, 2013 жылдары
Жақыпов Алпысбай Жақыпұлы (туғ. 05.02.1924) – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы (2001), І дәрежелі Отан соғысының, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» (1957, 1966, 1971, 1972, 1985) ордендерімен, «Жауынгерлік еңбек сіңіргені үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соығысындағы Германияны жеңіп алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» (1946) медальдарымен, мерейтойлық медальдармен (1975, 1980, 1985, 1989, 1995).
А. Ж. Жақыповтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – өмірбаян (1970), жеке парақтар (1954, 1960, 1970), мінездемелер (1949, 1956, 1965), аттестат (1949), дипломдар (1960), кәсіподақ билеті (1941), еңбек кітапшасы (1945), әскери билеті (1967), партиялық билет (1941), соғыс қатысушысының куәлігі (1987), Ұлы Отан соғысының мүгедегі куәлігі (1996); қызмет және қоғам қызметінің құжаттары – куәліктер: үлгі-насихат бөлімі нұсқаушысының (1960), депутаттың (1961, 1965, 1967, 1975, 1982, 1984), ұйымдастырушылық бөлімнің меңгерушісі хатшысының орынбасары (1963), Қазақстан компартиясы аудандық комитетінің бірінші хатшысы (1967, 1969, 1971, 1972), мүшелік билеттер (1968, 1971, 1975, 1976), баяндама (1981); А. Ж. Жақыповқа хаттар (1994); шақыру (1970), құттықтау ашық хаттары (1974, 1975, 1980, 1984, 1994), алғыс хаты (2001); мақалалар (1980, 1984, 2000, 2002, 2003, 2004, 2013), өлең (1999), естеліктер (2005).

А. Ж. Жақыповтың жеке және Н. Д. Харочкинмен, жұбайымен, достарымен, әріптестерімен және басқалармен бірге түскен.

Қазақ, орыс тілдері.
Жанәділов Б. С.
Қор 433, 30 сақт. бірл., 1965-2004 жылдары
Жанәділов Болат Сүлейменұлы (туғ. 14.06.1940) – ден-саулық сақтау қызметкері, облыстық дәрежедегі басшы, Халықтар достығы (1981), «Құрмет» (2000) ордендерімен, медальдармен (1970, 1984) марапатталған, Қазақ КСР денсаулық сақтау үздігі (1976), дәрігер-анестезиолог, анесте-зиологиялық бөлімшенің меңгерушісі (1965-1970), емдеу жұмы-сы бойынша бас дәрігердің орынбасары (1970-1973), Көкшетау облыстық ауруханасының бас дәрігері, емханалық жұмыс бойынша бас дәрігердің орынбасары (1973-1992, 1997), облыс-тық әкімшілік басшысының орынбасары (1992-1995), Көкше-тау облысы әкімінің орынбасары (1995-1997), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2000).
Б. С. Жанәділовтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиография (1992), жеке парақ (1992), мінездеме (2002), диплом (1965), анықтама-объективка, куәліктер (1966-1974, 1986, 1998, 2004), КОКП мүшелігіне қабылдау туралы іс (ұсыныстар, сауалнама, автобиография және т. б., 1968), мүшел тойларға және ҚР Президентінің инаугурациясы рәсіміне шақыру билеттері (1995-1999); қызметтік қызметтің құжатта- ры – облыстық әкімшілік басшысының орынбасары етіп тағайындау туралы (1992), облыс әкімінің орынбасары етіп және лауазымынан босату туралы (1995, 1997) шешімдер, мамандық класын иелеу туралы ұсыныс (1996), «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен марапаттау туралы бұйрық (1996), Халықаралық медициналық орталығының алғыс хаты (1988), денсаулық сақтау және ұйымдастырушылық-саяси мәселелер бойынша баяндамалар, ақпараттар, анықтамалар (1994-2000), Көкшетау облыстық әкім-шілігі басшысының қатысуымен коллегияның отырыстарында және мәдени-ұлттық орталықтары өкілдерінің жиналыстарында сөз айтуда мәтіндер (1992, 2001); мақалалар: «Компьютерная томография в диагностике деструктивных процессов костных элементов позвоночника» (2000), «Организация оказания амбу-латорно-поликлинической помощи в Акмолинской областной консультативной поликлинике» (2002).

Б. С. Жанәділов туралы құжаттар: мақалалар және жазбалар (1971, 1994, 2000).

Б. С. Жанәділовтың фотосуреттері, жеке және. А. Алиев-пен, Б. С. Жұмағалиевпен, А. С. Өтеповпен, А. Г. Ревягинмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттарымен, Жеңіс Күніне арналған салтанатты жиындарда ардагерлермен, бас медбике-лер семинардың қатысушыларымен және т. б. бірге түскен (1975-1991).

Қазақ, орыс тілдері.


Зуб В. Н.
Қор 448, 257 сақт. бірл., 1953-2001 жылдары
Зуб Василий Никифорович (туғ. 06.09.1928) – партиялық қызметкер және ауыл шаруашылық өндіріс саласындағы қыз-меткер, Еңбек Қызыл Ту (1957, 1967, 1971, 1976), Қазан революциясы (1973), Халықтар достығы (1980) ордендерімен, медальдармен (1956, 1970, 1988) марапатталған, агроном, Қызылту совхоздар тресінің бас агрономы (1947-1957), дирек-торы (1957-1959), Қызылту, Ленинград аудандық партия комитеттерінің (1959-1962), Көкшетау облыстық партия комитетінің (1966-1988) хатшысы, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (1999).
В. Н. Зубтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – автобиография (1998), жеке парақ (1968), мінездеме (1976), куәліктер (1960-1971,1986-1998), мандаттар (1958-1984), құр-метті грамоталар (1954-1981), құттықтау адрестер (1978-1998), шақырулар (1955-1989); қызметтік және қоғамдық қызметтің құжаттары – лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы қаулылар, бұйрықтар (1954-1988); ауыл шаруашылық өндірісті дамыту мәселелері бойынша баяндамалар, сөз айтуда мәтіндер, тезистер, жиналыстарға, сессияларға, мәжілістерге, пленумдарға, семинарларға, т. б. сөз айтудың нобайлары (1961-2001), ауыл шаруашылықтың мамандырылуын жүзеге асыру бойынша жергілікті партиялық ұйымдардың қызметі туралы рефераттар, курстық жұмыс (1970-1973).

В. Н. Зубтың шығармашылық қызметінің құжаттары: Е. Н. Әуелбеков (2000), О. С. Қуанышев (2000), Д. А. Қонаев (1997), М. Р. Сағдиев (1998) туралы естеліктер; мақалалар – «Щедрый северный край», «Кұнарлы жемшөп – қосымша өнім», «Главный резерв земледельца», «Басқарудын салалық принципі», «Продолжение целинного подвига» және басқалары (1970-2000); жазба кітапшалар (1953-1990).

В. Н. Зубқа хаттар: И. Ф. Бородинаның (1976), мүшелді және естен кетпес даталарға құттықтау хаттар (1971-1980).

В. Н. Зуб туралы құжаттар: мақалалар мен жазбалар (1963, 1998, 1999).

В. Н. Зубтың фотосуреттері, жеке және Е. Н. Әуелбеков-пен, Б. А. Ашимовпен, М. Т. Берсеневпен, М. С. Горбачевпен, С. Н. Имашевпен, туыстарымен және т. б. бірге түскен (1971-2000)

Қазақ, орыс тілдері.


Зуев И. Р.
Қор 186, 30 сақт. бірл., 1938,1946,1948-1987,1989,1995,2000 жылдары
Зуев Иван Романович (туғ. 17.10.1925) – комсомол, партиялық және советтік қызметкер, «Құрмет белгісі» (1957, 1971,1981), Еңбек Қызыл Ту (1976) ордендерімен, медальдар-мен (1946, 1956, 1957, 1970, 1975, 1985, 1995) марапатталған, Көкшетау механикалық зауыты комсомол комитетінің хат-шысы, қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы, әскери-денешынықтыру бөлімінің меңгерушісі, облыстық комсомол комитетінің кадрлар бойынша хатшысы (1948-1957), қалалық партия комитетінің инструкторы, ұйым-дастырушылық бөлім меңгерушісі, хатшысы (1958-1962, 1970-1972), қалалық партиялық-мемлекеттік (ұлттық) бақылау комитетінің төрағасы (1963-1970), Щучинск қаласы партия комитетінің бірінші хатшысы (1972-1978), Көкшетау облыс-тық атқару комитеті ұйымдастыру-нұсқаушы бөлімінің мең-герушісі (1978-1986).
И. Р. Зуевтің өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – жеке іс (1952-1986), съезд, комсомолды және партиялық кон-ференциялар делегатының мандаттары (1948-1988), кешкі пар-тиялық мектепті бітіргені туралы куәлік (1951), басқарушылық органдарға сайланғаны туралы (1955, 1971-1976), комсомол билеті (1956), қызметтік куәліктер (1961-1987), мадақтау және құрмет грамоталары (1938,1946, 1951-1962,1968-1985), ордендік кітапшалар және марапатталғаны туралы куәліктер (1946,1956-1985,1995), марапаттау қағазы (1975), құрмет грамотасымен марапаттанғаны туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиум-ның Жарлығының көшірмесі (1975), ел өміріндегі маңызды және естен кетпес даталарға, сондай-ақ И. Р. Зуевтің мерейтой-ларына байланысты құттықтау телеграммалар, открыткалар, сәлемдесулер, алғыс хаттар (1957, 1968,1971-1980,1985-1987), мерейтойларға, салтанатты жиындарға шақырулар және Қазақ-стан Компартиясы ОК ХІ пленумына өткізу билеті (1968-1977,1995), Щучинск қаласының 50 жылдығына байланысты тарихын баяндайтын мүшелтойлардың құжаттары (1989); И. Р. Зуевтің қызметтік және қоғамдық қызметінің құжаттары – қалалық партиялық конференцияларда (1950), облыстық комсо-мол комитетінің пленумдарында (1953) сөз айтуда мәтіндер, облыстық партия комитетінің бюросында есеп (1976), анықта-малар (1953), Щучинск қаласы партия комитетін құруы бойын-ша ұйымдастырушылық бюросының жұмысына байланысты құжаттар (1972).

И. Р. Зуев туралы құжаттар: мақалалар (1968-1974,2000).

И. Р. Зуевтің республикадағы облыстық комсомол коми-теттерінің хатшыларымен, Тың аймағы партактивінің жиналы-сына қатысушыларымен, соғыс ардагерлерімен, Е. Н. Әуелбе-ковпен, В. Ф. Жигаловпен, әйелімен бірге түскен фотосуреттер (1953,1964,1975,1987).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет