3-мәтін
Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиқысыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын ... бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:
- Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді.
Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты.
Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:
-Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап- жақсы жігітсің,- депті.
Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды.
Патша біраз тыңдаған соң:
-Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.
4-мәтін
Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Бұл қала 2000 жыл өмір сүрген.
Ежелде Отырар қаласының орнында Фараб немесе Бәрәб атты үлкен қоныс болған. Бәрәб – ежелгі түркі сөзі. Ол «сұлу қоныс» деген мағынаны білдірген, себебі шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан еді. Ежелгі Отырар
қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында жатыр.
Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз қалған құрылыс – Арыстанбаб ғимараты. Арыстанбаб –
Отырар жеріне келген білімпаздардың бірі. Ол туралы: «Арыстанбаб – әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адам тағдырын болжайтын көріпкел» деген дерек кездеседі. Ол – Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы.
Көне Отырар көшелері кең, көрікті қала болған. Отырар халқы көбіне қолөнермен айналысқан. Осы қалада Әбунасыр әл-Фараби туған.
Ежелгі Отырар қорғанын Александр Македонский да, Шыңғыс хан да жаулап алғылары келген.Отырардың тағдыры – халқымыздың тағдыры.
5-мәтін
Тарихы бай қазақ халқы, ежелден амандасуға айырықша мән берген. «Сәлем – сөздің анасы», деп бекерден бекер айтпаған. Адамның жеке басының мәдениеті мен адами қасиеттері, ортамен қарым – қатынастағы қалыптасқан дағдысы сәлемдесуінен-ақ айқын көрінеді.
Бұрын ата – бабаларымыз амандасуға аса байсалдылықпен қараған. Көп уақыт кездеспегендер төс қағыстырып амандасқан. Ауыл-аймақ, мал-жан, бала-шағаның амандығын жеке-жеке сұрап, сәлемдесудің өзі ағайын арасының татулығының беріктігін білдірсе керек.
Бүгінгі заманда адамдар арасындағы қарым-қатынаста өзгеше мәнерге ауысты. Қазіргі сәлемдесу мәнерімізге қарап, заманға сай амандасу да өзгерген бе деп қаласың? Бүгінде, әсіресе, жастар жағының өзара амандасуы басқа мәнерге ауысқаны байқалады. Кездескен де «Қалайсың», деу дағдыға айналды. Қоштасуымыз да келте қайырылып барады. «Пока» немесе «Давай» дейміз.Осы дұрыс па, қалай ойлайсыз?
7-мәтін
Дос математиканы жақсы білу керек…Қуанышты көбейтіп, қайғыны бөлісіп, өткенді алып тастап, келешекке үміт қоса білу керек…Жүректің тереңіне үңіліп, қалауларымызды есептей алу керек.. және әрдайым кішкентай бөлшектерден әлдеқайда үлкен болу керек.
8-мәтін
Екі ағайынды бірде ренжісіп қалыпты. Ағасы “інім келіп кешірім сұрар” деп күтіпті. Ол келе қоймайды. Шыдамаған ағасы інісіне келеді, сөйтсе інісі де сағынып жүр екен. Ағасын көре салып, құшақтап жылап жіберіпті. Сонда ағасы:
- Сен кішісің ғой, неліктен бірінші болып келіп кешірім сұрамадың? – дейді.
Сонда інісі:
- Жаным ағатайым, кім бірінші болып кешірім сұраса, сол мол сауап алады деуші еді. Сол сауапты өзіме
қимай, сіз алсыншы деп тосқан едім, – депті ... жасын сүртіп.
Достарыңызбен бөлісу: