29-мәтін
Бір ауылда халықты әрдайым жаман сөзімен ренжітетін бір жігіт болған екен. Ауылдың жасы үлкен қариясы бір күні оны қасына шақырады.
- Сен өзіңнің орынсыз сөздеріңмен халықтың тыныштығын бұзады екенсің? Осы айтқаным рас па?-дейді.
- Оны мойындаймын. Сөзбен ренжіткен кездерім болды. Алайда мен олардан кешірім сұраймын ғой.
- Олай болса, сен мынаны жаса. Мына тақтайға осы уақытқа дейін қанша адамды ренжітсең, сонша шеге қақ,-дейді.
Жас жігіт тақтайға бірнеше шеге қағады.
- Ал енді осылардың қаншасынан кешірім сұрадың? Сұрамағандарыңнан кешірім сұра. Әрбір кешірім сұраған сайын, бір шегені жұлып таста,-дейді.
Көп ұзамай тақтайда шеге қалмайды. Қария кісі ол жігітті шақырып алып былай дейді:
- Жарайсың! Барлығынан кешірім сұрадың. Тақтайда шеге қалмады. Бірақ шегенің орнында қалған қара дақтарды көрдің бе? Адамдардан кешірім сұрасаң да ,олардың жүрегінде реніштің іздері қалады ол дақтар ешқашан кетпейді.
- Сондықтан бұдан былай сөздеріңе абай бол,-деді.
Ауыл – село, деревня
Әрдайым – всегда
Ренжітетін – обижающий
Қария – старик
Қасына шақырады – позвал к себе
Орынсыз – непристойный
Тыныштық – тишина
Тыныштығын бұзу- нарушать покой, покоя не давать
Мойындаймын – я признаю
Кешірім сұраймын ғой – я же извиняюсь
Олй болса – если это так
Тақтай-доска
Осы уақытқа дейін – до этого времени
Шеге –гвоздь
Сұрамағандарыңнан – у кого не просил
Кешірім сұра – извинись, попроси прощения
Сұраған сайын – каждый раз, когда будешь извиняться
Жұлып таста – вытащи
Жарайсың!-молодец!
Қара дақ – черное пятно
Реніш – обида
Із-след
Ешқашан – никогда
Бұдан былай – впредь
Абай бол-будь осторожен, будь внимателен
|