40-мәтін
«Отан отбасынан басталады» - дейді халық.Дәстүрлі қазақ отбасының екі тірегі бар – еркелеткен әке мен аялаған ана. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың да орны ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Ана – осы отбасының ұйытқысы.
Қазақ отбасындағы ең басты мәселенің бірі – баласын нағыз азамат етіп тәрбиелеу, отбасын, Отанын, халқын сүюге баулу. Егер ол нағыз адам болса, ең алдымен ата-анасын ...керек. Сол мақсатқа жету үшін әрекет жасайды, еңбек етеді.
Қазақ халқы бірінші баланы «тұңғыш», екінші-үшіншісін «ортаншы», соңғысын «кенже» деп атайды.Ата-ана тұңғышы мен ортаншыларын үйлендіреді, оларды бөлек шығарады.
Қызды құрметтеген, оның тәрбиесіне, инабаттылық қарым-қатынасқа баулуға ерекше мән берген.
Кенже ұлды әке-шешесі өз қолында қалдырады.Ол әке-шешесін бағуға міндетті. Әке мұрасы кенже ұлға қалады, оның үйі «қара шаңырақ» деп аталды. Басқа балалар ол шаңырақты құрметтеп, көмектесіп отырған.
«Отан отбасынан басталады» (мақал) – Родина начинается с семьи
Дәстүрлі қазақ отбасының – традиционной казахской семьи
Тірегі – опора
Еркелеткен әке – отец, который балует
Аялаған ана – мама, которая относится бережно
Тыңдайды – слушаются
Ұйытқысы – уют, благо
Ең басты мәселенің бірі – одна из главных и важных вопросов
Нағыз азамат етіп тәрбиелеу – вырастить настоящим/достойным гражданином
Баулу – учить
Сол мақсатқа жету үшін – чтобы достичь той цели
Әрекет жасайды – действуют
Еңбек етеді – трудятся
Тұңғыш – первенец
Ортаншы – средний
Кенже – младший
Үйлендіреді – женят, устраивают свадьбу
Бөлек шығарады – отправляют в самостоятельную жизнь, жить отдельно
Инабаттылық қарым-қатынасқа баулуға ерекше мән берген- обращают особое внимание воспитанию
Өз қолында қалдырған – оставляли жить вместе с собой
Бағуға міндетті – обязаны заботиться
Әке мұрасы – богатство отца
Қара шаңырақ (тұрақты тіркес, ұлттық ұғым) – отчий дом
Деп аталады – называется
Басқа балалар – другие дети
Ол шаңырақты құрметтеп – уважали тот дом, очаг
Көмектесіп отырған – помогали, поддерживали помощью
|