1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты


-мәтін Компьютер сөзі ағылшын тілінен шыққан



бет42/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

6-мәтін
Компьютер сөзі ағылшын тілінен шыққан. ........ сөз «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады. Қазір ғылым мен техниканың, өркениеттің даму заманы, компьютерлендіру заманы. Компьютер мен ғаламтор, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізеді. Компьютермен жұмыс істеудің пайдалы жағы бар. Біз дербес компьютермен көптеген жұмыстарды атқара аламыз. Ғаламтор арқылы алыстағы достарымызбен байланыса аламыз. Қажетті ақпараттарды ала аламыз. Сондықтан дербес компьютер алдында орнымен, уақытымен отыру керек. Әрине компьютердің пайдасынан гөрі зияны басым. Компьютер өзінен адам ағзасына зиянды вибротолқындарды бөліп отырады. Компьтердің алдында 45 минуттан артық отыруға болмайды. Дербес компьютер адамның көзінің көруін нашарлатады.
Интернет материалынан
7-мәтін
1 Мен бірде орман ішінде келе жатып, жабайы алма ағашын көрдім. Маусым айы болатын, алмалар 2 әлі піспегендіктен жасыл еді. ...... мен қып- қызыл болып піскен алманы байқап қалдым. Қызыл 3 алма сөйлеп қоя берді:
4 - Менің қызыл болып ерте піскеніме таңғалып тұрсың ба?
5 - Әрине. Бірақ мен сенің сөйлей алатыныңа ерекше таңданып тұрмын.
6 - Мен сиқырлы алмамын. Әр маусым сайын мен осы алма ағашында пісіп, жетілемін. Мені жеген 7 адам өте бақытты болады. Кел мені жей ғой.
8 Мен алманы тістеп жеп көріп едім, бойымды шаттық биледі. Ал алманы жеп бітірген кезде,
9 ғажайып сиқырға тап болғандықтан шексіз бақытқа бөлендім. «Сиқырлы әлем» кітабынан


Текст 1

Дінмұхамед Ахметұлы бірде ел аралайын деп жолға шығады. Орта жолда олардың машинасына бір әйел қол көтереді. Димаш ата машинасын тоқтатқызады. Оның да баратын жері Шелек болған соң, бірге алып кетеді.Машина үйінің алдына тоқтағаны сол еді, әлгі әйел Дінмұхамед Ахметұлына:


- Үйге кіріңіз, шаңырағымнан дәм татыңыз, – деп қоймайды.
Сонда Дінмұхамед Ахметұлы: - Жақсы, онда дәмнен үлкен емеспіз, кіріп өтейік, – дейді.
Осы сөзді естігенде әйелдің қуанғаны сондай, үйіне жүгіре жөнеледі. Үйге кіргенде, әйел сегіз жастықты Қонаевтың жолына қаз-қатар тізіп қойған екен. Дінмұхамед Ахметұлы осыған таң қалып, жастықтан өте алмай дағдарып тұрғанда:
- Менің сегіз балам бар. Мына жастықтарды солар жастанады. Сіз осы жастықтардан аттап өтіп төрге озсаңыз. Сонда мен бұл сіз аттаған қасиетті жастықтар екенін елге, балаларыма айтып, мақтаныш көріп жүрер едім, – дейді. Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:
- Жо-жоқ! Сіздің сегіз балаңыз жатқан бұл жастықтарды аттамаймын. …….. әрқайсысын маңдайыма тигізіп, тәу етейін. Балаларыңыз мақтаныш көріп жатсын, – деп …………..
Текст 2
- Дархан, жолдамаңыз құтты болсын!
- Рахмет. Барлығы бапкерлеріміздің арқасы. Жарысқа дейінгі дайындығымыз өте жақсы өтті. Өзіме де сенімді болдым. Сенім бар жерде нәтиже болады. Жарысқа шыққанда да еш қобалжу деген болған жоқ. Өзімді еркін сезіндім. Бір жағы өз елімізде өтіп жатыр. Жанкүйерлеріміз де жақсы қолдады, 1...... тек жеңіс үшін күрестім.
- Қарсыластарыңыздың ішінде кайсысы ең мықты болды?
- Қарсыластарымның әлсізі болған жоқ, барлығы мықты болды. Барлығы да Олимпиада ойындарынан үміткер балуандар. Әркімнің көкейіндегі жалғыз мақсат – Лондонға жолдама алу.
- Сіз, талай бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан азаматсыз. Жалпы осы бәсеке туралы тоқтала кетсеңіз? - Жалпы жарыс өте жоғары деңгейде өтті.Өзіме жолдама берілгенімен, жерлестерімнің тоғыз жолдаманың төртеуін ала алмай қалғанына кішкене көңілім толмады. 2 ….. алда Әлем кубогы бар. Жолдама ала алмай қалған әріптестеріме жігерлерің мұқалмасын дегім келеді.
- Әңгімеңізге рахмет!


Текст 3
Күз. Күн көкжиекке таянған кез. Жайық өзенінің жағасында бір топ бала асық ойнап жүреді. Оларға ұшыраса кеткен салт атты жолаушылар жол сұрайды. Сонда топ ішіндегі кішкене бала:
- Ағайлар, ендігі ауыл алыс, осында қонғандарыңыз жөн болар, – дейді.
- Сенен ақыл сұрамаймыз, шырағым, тек алдымыздағы ауылды айт, - дейді жолаушы.
- Ендігі ауыл қашық, көнбесеңіз жол ашық! Алдыңызда ауыл көп. «Көрінеменің» ауылы бар. Одан әрмен «Ойпыр-ай», «Әттеген-ай» дегендер де бар. Қайсысын сұрайсыз?
«Баламен бала болып тұрамыз ба?» – деп жолаушылар аттарына қамшы басып, жорта жөнеледі. Олар күн батып, қас қарая қырқадан ойға түседі. Сонда кәрі жолаушы:
- «Көрінеменің» аулы көріне ме? – деп сұрайды.
Қария әрі-бері жүрген соң тағы да «Ойпыр-ай, тым болмаса ошақ оты көрінуі керек еді ғой!» – дейді.
Күздің кей түні суық болмай ма? Сондай түнге кезіккен жолаушылар тоңып, әбден шаршайды, әрі бағытынан айырылады. Сонда: « .... , баланың қон деген ақылы дұрыс екен», –депті.


Текст 4
Баяғыда бір патша болыпты. Оның жалғыз қызы болған екен. Ол өте сұлу болыпты. Бір күні мейірімсіз, қатыгез сиқыршы келіп, қызды райхан гүліне айналдырып жіберіпті. Патша мен әйелі қатты қайғырады. Патша әйелі райхан гүлін қызындай қамқорлығына алып күтеді. Гүлді бақшаға апарып отырғызады. ... патша әйеліне қатты ашуланады: «Сен қызыма дұрыс қарамадың. Енді менде қыз жоқ. Мен сені осыдан былай көргім келмейді!» – деп әйелін сарайдан қуып жіберді.
Бір күні патша бақшаға келіп қараса, райхан гүлі солып қалыпты. «Саған не болды, райхан гүлі? – деп сұрады ол. Сол кезде райхан гүлі: «Мен анамсыз өмір сүре алмаймын. Менің анамды сарайға қайта алдырыңызшы», – деген дауысты естиді. Патша әйелін алып келуге бұйырады. Райхан гүлі анасын көріп, әдеміленіп кетеді.
Күндердің күнінде сарайға бір жас музыкант келеді. Ол құлаққа жағымды ән ойнайды. «Шіркін, сен осы әніңді біздің райхан гүліне ойнап берсең, ол қуанып қалар еді», – деп патша мен әйелі өтініш білдіреді. Музыкант райхан гүліне ән ойнаған сайын гүл құлпыра түседі. Бір кезде музыкант гүлді сүйіп алады. Алдында әдемі қыз тұр!
Патша мен әйелі қатты қуанады. ... қызын жас музыкантқа қосып, екі жас бақытты өмір кешеді.
Текст 5
Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
- Нан. - Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. ........ ол егіншіге мынадай тілек білдірді: - Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудың жолын үйретші... Егінші қасқырға:
- Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, – деді. - Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің... - Содан кейін бола ма?
- Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.
- Содан соң нанды жеуге бола ма?
- Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек.Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек... - Сонда нан бола ма?! –деп қасқыр айқайлап жіберді.
- Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн қылып тарту керек. - Сонда жеуге бола ма?
- Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек... - Сонда нан бола ма?
- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші.
- Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр.

1- мәтін


Парламент Сенатының депутаты, философия ғылымы докторы, Ғарифолла Есім «Радуга» балаларды сауықтыру лагеріне келіп, онда демалып жатқан балалармен кездесті. Сондай-ақ, профессор лагерді аралап көріп, күнделікті жұмысымен де танысты.
Кездесу барысында көптеген кітаптар мен публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалардың авторы, Ғарифолла Есім балалардың жағдайын сұрап қана қойған жоқ, сонымен қатар, әр баланың бойындағы білімі мен дарыны жайлы, тәрбиесі мен туған тілге көрсетер құрметтері жайлы да сөз қозғады. Кездесуге келген білім саласының мамандарына депутат мырза:
– Таза ауа мен Ертіс өзенінің бойында орналасқан, тамаша лагердің бар мүмкіндіктерін балалардың игілігі үшін ... тиімді пайдалану керек. Күнделікті өткізілетін тарихи-танымдық, мәдени және спорттық іс шаралардың қатарына суда жүзу бағдарламасын енгізуді ойланыңыздар. Сонымен бірге, бір мезгіл қымыз берілсе, – деді. Ал өз кезегінде балалар жазушының отбасы мен өмірі және қазіргі кездегі қызметі төңірегінде қойған сұрақтарына кеңінен жауап алып, қанаттанып қалды.
Жалпы бұл демалыс орны туралы айта кетсек, «Радуга» балаларды сауықтыру лагері Семей қаласынан оншақты шақырым ғана қашықтықта орналасқан. Толықтай жұмыс істегеніне биыл 18 жыл толды. Лагерде жыл сайын барлығы 500-ден астам бала демалады. Мұнда келушілер негізінен Семей мен Курчатов қалалары, Бесқарағай мен Бородулиха аудандарының балалары. Астана қаласынан келіп демалатын балалар да бар. Лагердің дәл қазіргі төртінші мезгілі жағдайы төмен отбасының балаларына арналған және онда 120 бала демалуда.
Жазушымен болған жүздесудің соңында балалар арнайы ат басын бұрып келген ағаларына рахметтерін айта келіп, демалыс орнында жақсы тынығып, ондағы спорт алаңдарында уақыттарын тиімді өткізіп жатқандарын жеткізіп, естелік суретке түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет