1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет52/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

2- мәтін
Соңғы жүзжылдықтар кезінде адамдар өздерінің бейберекет іс- әрекетінің нәтижесінде табиғатқа зиян келтіруде. Табиғи ландшафттар жойылып, көлдер мен өзендер ластануда, жасыл желекті ормандар азаюда, жануарлар мен өсімдіктердің жүздеген түрлері жоғалуда. Табиғаттың бұзылуынан адамдар аштыққа, түрлі ауруларға және табиғи апаттарға ұшырауы мүмкін. Табиғатты сақтау үшін бүгінгі күні жақсы ойластырылған және жақсы ұйымдастырылған іс- шаралар жүйесін құру керек.
3- мәтін
Напалеон кітап оқуды өте жақсы көрді. Сондықтан да ол өзінің резиденцияларында кітапханалар ашқан еді. Бұл кітапханаларда императордың барлық кітаптары сақталатын. Напалеон әскерімен бір жерден екінші жерге ауысқанда кітапханасынан кез келген кітапты алып, оқи беретін. Кітап оқуға құмарлық бала кезден, әскери училищеде оқып жүрген кезден пайда болды. Училищеде Напалеон өз құрдастарымен араласпайтын, көбіне жалғыз жүретін. Кітап оқығанда ғана император жалғыздығын және тұрмыс тауқыметін ұмытатын.
4- мәтін
Аю мен түлкi (нанай ертегiсi)

Ертеде бiр аю тайгада өмiр сүрдi. Бiр күнi ол қатты су iшкiсi келдi, сондықтан ол кiшкентай көлге келдi.Ол суды iштi. Бiр уақытта ол балықты көрдi. Балықты ұстап алғысы келдi. Ол бiраз әурелендi, бiрақ ұстай алмады.Сол уақытта көлге түлкi келдi.


– Аю, не iстеп жатырсың? Шомылып жатырсың ба?
– Жоқ, балықты ұстап алғым келедi. Маған көмектесшi. Ұстасақ, бөлiп аламыз, – дедi аю.
– Жарайды, – дедi түлкi. – Сен барлық суды iш, сонда көлде су қалмайды. Сол кезде мен балықты ұстап аламын, сосын бөлiсеміз.
– Тамаша, сен ақылдысың.
Аю суды iше бастады. Көлде су азая бердi, ал аюдың iшi өсе бердi. Бiр уақытта көлде су азайды, балық та көрiндi. Түлкi балықты ұстап алды да, қашып кеттi.
Аю ашуланды, түлкiнi қуып жете алмады, өйткенi суды көп iштi.
5- мәтін.
(1) Ең алғашқы күнтізбені біздің эрамызға дейін 45- жылы римдік астролог Созиген жасаған болатын. (2)Оны ең алғаш қолданысқа енгізген- Юлий Цезарь, сондықтан бұл күнтізбені юлиандық деп атайды. (3 ) Юлиандық күнтізбеде 365 тәулік бар. (4) Юлиандық күнтізбені тропикалық жылға сәйкестендіру үшін римдіктер әр төрт жыл сайын ақпан айына 1 күн қосып отырған. (5) Осылайша әрбір 4 жылда ақпан айы 29 күнге созылады. (6)Қазір григорияндық күнтізбені падаланамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет