КІРІСПЕ
1. М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Кафедраның оқу жүйесінің құрылымын сипаттау
3
5
7
7
2.2 Кафедраның электр техникалық жабдықтарын сипаттау
2.3 Зертханалық жұмыстарды орындауға техникалық қауіпсіздік ережелері
3.ЖЕКЕ ТАПСЫРМА
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
8
9
10
12
16
17
КІРІСПЕ Кең байтақ жерімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту тиімділігін арттыру факторлары – шикізат пен жер, су, энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға тіреледі.
Электр энергиясының басты тұтынушылары болып өндіріс транспорт, ауыл шаруашылығы, қалалар мен ауылдардың коммуналды шаруашылығы болып табылады. Бұнда өндіріс объектілеріне электр энергиясын тұтынудың 70%-дан астамы келеді.
Электр энергиясы барлық ауыл шаруашылық салаларында, әсіресе әртүрлі механизмдердің электр жетегінде, ал соңғы жылдары әртүрлі электротехнологиялық орнықтыруларда, бірінші кезекте электротермиялық және электродәнекерлеу қондырғыларда, электролиз, материалдарды электр ұшқынды және электр дыбысты өңдеуде, электрлі бояуда қолданылады.
Электрқабылдағыштардың үлкен тобын ауыл шаруашылығының барлық салаларында: көтергіш-көлік машиналары, ағынды-көлікті жүйелер, компрессорлар, насостар, желдеткіштерде қолданылатын жалпы өндірістік механизмдердің жетектері құрайды[1].
Өндірісті дамыту электр энергетикасын жетілдіру қажеттілігін тудырады: өндіріс мекемелерін үнемді, сенімді электр жабдықтау жүйелерін, электржетектер мен техникалық процесстерді автоматтандырылған басқару жүйелерін құру. Энергетиктер және энергосалушылармен шешілетін негізгі мәселелер өндіріс көлемін үздіксіз көбейтуден, жаңа энергетикалық объектілерді салу мерзімін қысқарту мен ескілерін қайта жаңартудан, меншікті капитал салымын азайтудан, жанармайдың меншікті шығынын қысқартудан, еңбек өнімділігін жоғарлатудан, электр энергетиканың өндіру құрылымын жақсартудан тұрады. 80 жыл бойы электр энергетикасы жалпы ұлттық монополия ретінде дамыды және қызмет етті. Бұрынғы одақтың әрбір республикасы бірыңғай энергетикалық жүйенің (БЭЖ) аралық бөлігі болған. 1991 жылы БЭЖ бен электр энергетикасын децентрализациялау мен дезинтеграциялау саланы реформалау процесстері басталды. Бірақ бұған қарамастан электр энергиясы бұрынғыдай энергияның әмбебап түрі болып қалады. Сонымен бірге ол халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық прогресстің негізі ретінде қызмет етеді.
Қазіргі уақытты ірі және кішігірім қуатты электр машиналары, кернеуі 1000 В-қа дейін және 1000 В-тан жоғары электр аппаратураларының түсті металлургиясын өндіру тез қарқынмен дамуда.
Энергожүйеден өндіріс объектілеріне, қондырғыға, жабдық пен механизмдерге қажетті мөлшер мен сапаға сай электр энергиясын беруді қамтамасыз ету үшін кернеуі 1000 В-қа дейін және жоғары желіден тұратын өндіріс мекемелерінің электр жабдықтау жүйелері, трансформаторлық, түрлендіргіш және бөліп тұратын қосалқы станциялар қызмет етеді.
Өндіріс мекемелеріндегі өндірілген энергияны беру, орналастыру мен тұтыну жоғары үнемділік және сенімділікпен өндірілу керек. Осыны қамтамасыз ету үшін энергетиктер қолданылатын кернеудің барлық сатысында жоғары кернеудің тұтынушыға барынша көп жақындауына байланысты электр энергиясын орналастырудың сенімді және үнемді жасады[2].
Электр жабдықтау объектілерін жобалаудың басты мәселесі – олардың сенімділігі мен үнемділігінің жоғарғы сатысын қамтамасыз ету. Өнеркәсіптердің электр жабдықтауын жобалау ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін қолдануды есепке ала отырып жүргізіледі. Электр жабдықтарын жобалау 3 сатыда орындалады: технико-экономикалық дәлелдеме, техникалық жоба, жұмыстық сызбалар. Салынатын электр қондырғылар эксплуатациясының қауіпсіздігін, сенімділік пен үнемділікті қамтамасыз ету керек. Жобалау кезінде бұл көрсеткіштер технико-экономикалық есептеудің көмегімен жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашьшығы шикізатын өндей отырып, жартылай және дайын өнім түрлерін шығаруға арналған өндіріс тораптары өндірілетін өнім түріне байланысты тармақталып отыратын технологиялық үрдістерді қамтиды. Бұл үрдістерді орындау тиімділігі өндірілетін өнім сапасы мен үрдістің өзіндік шығынын төмендету кепілі болса, жалпы өндірісті ұтымды ұйымдастыру дайын өнімнің меншікті шығынын төмендетуге мүмкіндік туғызады.
Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз Қазақстанның жақандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүние жүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикапық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз» деп ерекше атап көрсетті. Осыған байланысты өндірісте жаңа да озық технологияны кеңінен пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнім шығару қажеттілігі туындап отыр.
Бұл қондырғының басқа қондырғыдан өзгешелігі, өнім өндіру тәсілі автоматтандырылған.