1 модуль. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы. Халықтық бесік жырларының мазмұны


Б.Бұлқышев балалар әдебиеті жайында



бет4/4
Дата26.01.2022
өлшемі23,94 Kb.
#129851
1   2   3   4
Байланысты:
1 дәріс
Реферат Та ырыбы Ми ж не психика Орында ан Н ман С йрік абыл, Психология пәні бақылау №1 (1), лекция жабық жарақат
Б.Бұлқышев балалар әдебиеті жайында. 1934 жылы Қазақстан жазушыларының бірінші съезі қарсаңында С.Ерубаев “Балалар әдебиетін жасайық” деген мақаласымен былай деп ұран тастаған еді: “Болайын деп отырған жазушылар съезінде мәселе көтеріңдер. Өздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, өлеңдер жазып беріңдер, балалар өміріне жақын келіңдер. Балалар өмірінің өзгешелігімен танысыңыздар, балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер”/3, 375-б./. Баубек те Қазақстан жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылған “Балаларға жақсы кітаптар керек” мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқандығын айтады. Мақаладан Баубектің бала психологиясын жетік білетіндігі байқалады. Олардың әр нәрсеге әуестенгіш, әсерленгіш, жылт еткен құбылысқа ынтық көңілдерін тап басып көрсетеді. Балалар үшін үлкен тәрбие құралы – көркем әдебиет екендігін жұртшылық есіне салады. “Жазушылардың ішінде балалар әдебиетіне ептеп көңіл аударған Қалмақан еді. Ол да ең соңғы рет балаларға өмір бойы азық қылыңдар деп “Тәтті қауынын” тарту етті де, соңғы уақытта балалардан ол да қол үзіп кетті. Мүмкін, Қалмақан балаларға “Тәтті қауын” есейіп, ер жеткенше қорек етуге жетеді деп жүрген болар. Бірақ балалар бірнеше “Тәтті қауын” сияқты тәтті әдебиет жемістерін күтіп отыр. Қалмақанның мұнысына да рахмет. Басқа ақын-жазушылар “Тәтті қауын” түгіл балалардың әдебиет қорына бір уыс бүлдірген де қосқан жоқ” деп/1, 378-б./ жазады Б.Бұлқышев.

Баубек сынына іліккен Қ.Әбдіқадыров 1930 жылдары балаларға арнап екі кітапша шығарған болатын. Қалмақанның “Тәтті қауын” әңгімесі 1933 жылы жазылып, 1936 жылы осы атпен аталған әңгімелер жинағына енгізілді. Ал Баубектің мақаласы 1939 жылы “Октябрь балаларының” 29 мамыр, №40-шы нөмірінде жарияланды. Қалмақанның балаларға арналған шығармаларынан қалам қабілеті қарымын таныған Баубек оның үш жыл бойы үнсіз жатқандығына қынжылады. Дегенмен басқа жазушылармен салыстырғанда оның бүлдіршінге ұсынылған дүниелері бар екендігіне шүкіршілік етеді. Демек, Баубекті қынжылтатын жайт – сыншылар сынайтын балалар әдебиетінің жоқ екендігі. “…біздің ақын-жазушыларымыз балалар әдебиетіне көңіл бөліп, балалардың тілегіне сай жақсы, қызықты шығармалар бере алмай келеді”- дейді /1, 379-б./ Баубек. Әдебиетке, әсіресе балалар әдебиетіне қатысты жоқ-барды қанағат еткен дұрыс емес. Мәуелі ағаштан жылдан-жылға мол жеміс күту – қандай заңды болса, әдебиеттен де жақсы туынды талап ету сондай табиғи, қажетті, заңды.

“Балаларға жақсы кітаптар керек” деген мақаласы Қазқстан жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылса, “Жазушылармен әңгіме” съезд өткен соң жазылды. 1939 жылы “Октябрь балалары” газетінің 12 шілде №50-ші нөмірінде жарық көрді. “…Қазақстан жазушыларының екінші съезі(1939) әдебиеттің рухани жүдеушілігі жағдайында өтті. Онда жаңа әдебиеттің табыстары сөз болмады”- дейді /2, 74-б./С.Қирабаев съезд жайында. “Октябрь балалары” газетінің ұжымы ұйымдастырған әңгімеге Қазақстан жазушылары ІІ съезінің делегаттары мен облыстардан келген ақын-жазушылар қатысады. А.Тоқмағамбетов, Ә.Әбішев, Ж.Тілеков, С.Машақов және тағы басқалары балалар әдебиетін жандандыруға қатысты өз ұсыныстарын айтады. Сөйтіп бұл жиында “Октябрь балалары” газетінің коллективі пионерлер мен мектеп оқушыларының тілегіне сәйкес көркем тілді, терең сюжетті әңгімелер, қызық поэмалар, ертегілер, сапта жүргенде әнге қосып айтатын жақсы өлеңдер жазуды ақын-жазушыларға ұсыныс етіп қойды.”/1, 385-б./. Бұның өзі Баубектің тікелей қатысуымен өткен шара, балалар әдебиетін дамытуға арналған игілікті істердің бірі еді.

Қазақ балалар әдебиетінің сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың 30-жылдарында басталса, Баубектің балалар әдебиеті мәселелеріне арнаған мақалалары сол тұстағы зерттеулер сапында балалар әдебиетінің даму ерекшелігінен қалың жұртшылықты хабардар етті. Сонымен Баубек ізденісі өткеннен бастау алған және өзге ел мәдениеті мен әдебиеті дәстүрінен үлгі алған сапада ғана емес, жаңашылдыққа бой алдырған сапада да жемісті болды.

Балалар әдебиеті жайында жазылған сын-мақалалар, әсіресе, Отан соғысы жылдарынан кейін кең қанат жайды. М.Ғабдуллин өзінің оқу құралында халық ауыз әдебиетінің кейбір жанрларында балалар фольклорына жататын мұралар барын атап өткен. Қазақ балалар әдебиетінің әр түрлі жанрлары жайында С.Қирабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Нұрқатовтың, С.Сейітовтің, Ә.Дербісәлиннің, С.Ордалиевтің, Б.Сахариевтің, Н.Ғабдуллиннің мақалалары баспасөз беттерінде жарияланды. Аталмыш салада ойлы пікір айтқан ғалымдар мен қаламгерлер қатарын кейінірек Б.Ысқақов, Қ.Мырзаәлі, Ә.Табылдиев, З.Серікқалиев, Е.Елубаев, С.Қалиев, Қ.Ергөбек, Б.Сарбалаев, Б.Ыбырайым, Ә.Бөпежанова және т.б. құрады. 60-70 жылдар аралығында Ш.Ахметовтің қазақ кеңес балалар әдебиетін зерттеген еңбектері жарық көрді.

С.Қирабаевтың «Қазақ совет балалар әдебиетінің кейбір мәселелері»(Әдебиет және искусство. 1954. №2.), Ә.Тәжібаевтың «Жас ұрпаққа жақсы әдебиет әдебиет жасайық»(Жұлдыз, 1961. №6), А.Нұрқатовтың «Балаларға арналған шығармалар туралы»(Халық мұғалімі, 1954. №2), С.Сейітовтің «Ілияс Жансүгіровтің балаларға арналған шығармалары»(Қазақ тілі мен әдебиеті, 1958. №1), Ә.Дербісәлиннің «Қазақ балалар әдебиеті жайында бірер сөз»(Қазақ тілі мен әдебиеті, 1959. №2), С.Ордалиевтің «Балалар драматургиясының кейбір мәселелері»(Халық мұғалімі, 1954. №11), Б.Сахариевтің «Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні»(Халық мұғалімі, 1950.№7), Н.Ғабдуллиннің «Орынсыз сөз ойландырар болар»(Қазақ әдебиеті, 1960.) деп аталатын мақалалары баспасөз беттерінде жарияланды.



Ақын Қ.Мырзаәлінің «Сөз сиқыры» сын кітабы, К.Матыжанның қазақ балалар фольклоры, Б.Ыбырайымның қазақ балалар әдебиеті жайында жазған еңбегі, Қ.Ергөбек құрастырған және жазған «Мейірім шуағы», «Сөзстан», «Қазақ совет балалар әдебиеті», «Арыстар мен ағыстар»(1-том) кітаптарын айтуға болады. Бұл саладағы айтулы еңбектер санының саусақпен санарлықтай аз болуы қазақ балалар әдебиетінің зер сала зерттейтін мәселелері әлі де болса жетерлік екендігін байқатады.

Балалар әдебиеті жайында балалар ақыны Қ.Баянбай былай дейді: “Балалар әдебиеті барша әдебиеттің бастауы болуы керек. Балалар әдебиетіне қатынаспаған жазушылар жақсы дүниелер тудыруы мүмкін. Бірақ балалар әдебиетін парақтамаған жазушының бір кемшілігі сезіліп тұрады. Горькийдің балалар жазушысы өзге жазушылардан да сапалы жазуы керек дейтін сөзі бар. Шынында әдебиеттің қайнар бастауы, әрі балаларды әдебиетке әкелетін шығармалардың сапасыз болуға хақысы жоқ”. “Балалар әдебиеті меніңше, барлық әдеби, мәдени ой-санамыздың қалыптасуына тұңғыш ықпал ететін бастау дер едім. Әдебиеттің бастауы фольклор десек, осы фольклордың негізі бесік жырынан басталады. Тақпақ, санамақ, өтірік өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш мұның бәрі үлкен әдебиетке жол салатын балалар әдебиетіне жатады.”- дейді Е.Өтетілеуұлы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет