ағзада орасан зор роль атқарады, өйткені, олар тікелей өсу және
көбею үрдістерінде, тұқым қуалау және түрлі заттар, оның ішінде
нәруыз синтезіне қатысады.
2. Фосфопротеидтер - простетикалық тобы фосфор қышқылы
болатын күрделі нәруыздар.
3. Гликопротеидтер – простетикалық тобы көмірсу болатын
күрделі нәруыздар. Жануарлардың дәнекер ұлпаларында, бауыр,
өкпе, сілекей сөлдерінде мукополисахаридтер болады.
Биологиялық құнды гликопротеид –гепарин, ол қанның ұюын
тежейді. Оны қан құю кезінде пайдаланады. Гепарин ірі қара
малдың өкпесінен бөліп алынады.
4. Хромопротеидтер - простетикалық тобы металл
катиондарынан тұратын бояулар, қанда гемоглобин, бұлшық етте
– миоглобин, бұлардың құрамына порфиринді кешен кіреді. Оны
гем деп атайды. Өсімдіктерде жасыл түсті Мg хлорофилдің
құрамына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: