Пиридоксаль тапшылығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін.
Тәуліктік қажеттілігі:
2-4 мг
82. В
12
және В
с
витаминдері, қан жасау процесіне қатысуы,
авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
Фолацин, фоль қышқылы,
Вс витамині
Құрылысы/хим.табиғаты
: Фоль қышқылы 3 құрылымдық
бөліктен: птеридин қалдығынан,
пара-аминобензой қышқылынан,
глутамин қышқылынан тұрады.
Биологиялық әсері
: Фоль қышқылы тотығу дәрежелері әр түрлі
бip көміртек радикалдарының тасымалдану реакцияларын
катализдейтін коферменттердің синтезі үшін субстрат болып
табылады. Бұл коферменттер пуриндік нуклеотидтердің
синтезіне, УМФ ТМФ-қа айналуына, глицин, серин, метионин
амин қышқылдарының алмасуына қатысады.
Авитаминозы:
қан жасалуының бұзылуы және осымен
байланысты қаназдықтың әр түрлі түрлері (мегалобласттык,
макроцитарлык анемия), лейкопения дамиды, бой өcyi тежеледі.
Вс гиповитаминозы кезінде эпителийдің регенерациясы тежеледі,
әcipece ас қорыту жолдарының бұзылыстары байқалады.
Витамин ішек микрофлорасында жеткілікті мөлшерде
синтезделетіндіктен, оның авитаминозы сирек кездеседі. Алайда,
кейбір ауруларды емдеуде сульфаниламидтік препараттарды көп
қолдану авитаминозды тудырады.
Бұл препараттар - пара-
аминобензой қышқылының структуралык аналогы, олар
микроорганизмдердеп фоль кышкылы синтезін тежейді.
Тағам көздері
: Вс витамині жасыл жапырақты өсімдіктерде:
шпинатта көп, салатта,
Орамжапырақта, сонымен қатар томатта, жабайы бүлдіргенде
кездеседі. Бауыр, ет, жұмыртка сарысы осы витаминге бай.
Тәуліктік қажеттілігі:
0,3-1 мг
Достарыңызбен бөлісу: