1 Нитрофуран туындылары



Дата13.12.2022
өлшемі7,73 Kb.
#162475
Байланысты:
15 билет


1. Нитрофуран туындылары. Микробқа қарсы әсер ету спектрлері. Қолданылуы.
2. Простагландиндер тобының препараттары.
3. Нистатин 250000ЕД балауызының жалпы қынапқа арналған жазбасы.
1.. Нитрофуран туындылары. ҒигасіШгшт - фурациллин (Б): әсер ету механизмі: ақуыздың синтезін бұзып, хелаттар түзеді (металдармен қосылса), протоплазмада тотығу процестерін күшейтеді, адамға улылығы төмен, грамм-оң, грамм-теріс микроорганизмдер мен қарапайымдарға әсері күшті. Жергілікті қолданғанда тітіркендіргіш әсері жоқ және ұлпалардың регенерациясын тездетеді. 0,02% (1:5000) сулы ерітіндісі ауыз бен тамақтың қабынуларында, дененің қуыс мүшелерін жуу үшін қолданылады; еріт. көз тамшылары түрінде, 0,066% (1:1500) спиртті ерітіндісі созылмалы іріңді отитте қолданылады. 0,2% жағылма, 0,02 таб. (1 таб. 1/2 стакан жылы сумен) шаю үшін, 0,1 таб. бактериалды дизентерияны емдеу үшін ішке белгіленеді.


2.
Простагландиндер тобының препараты: динопрост (энзапрост Ғ, простагландин Ға), динопростон (простагландин Е2, простин Е2, препедил гель).
Простагландиндер - ағзаның барлық мүшелері мен үлпаларында түзілетін, жартылай қаныққан май қышқылдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простагландиндердің Е және Ғ түрі миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне күшті қуаттандырғыш әсер көрсетеді. Простагландиндерді босануды қоздыру және қуаттандыру (кейде окситоцинмен бірге) үшін, сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айларында (13-25 апта аралығында) оны тоқтату үшін қолданылады. Жанама әсері жағынан лоқсу, қүсу, іш ету, тахикардия, бронхоспазм, гипертермия, аллергиялық реакциялар, флебиттер (әсіресе к/т енгізгенде) байқалады. Ал
интравагинальды, экстраамниальды (ұрық қабықшасының сыртынан) 15 аптаға дейінгі кезеңдегі және интраамниальды (ұрық қабықшасының ішінен) 15 аптадан асқан кезеңдегі жүктілікте жанама әсерлер аз байқалады. Окситоцинге үқсас, сондай-ақ жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының ауыр түрінде, бүйрек, бауыр, қан жүйесінің ауруларында, бронх
демікпесінде, глаукомада жәнө эпилепсияда қолдануга болмайды.


3.
Rp.: Supp. "Nystatin" 250000 ED № 10
D.S. 1суппозиторийден күніне 2 рет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет