25. Ең бірінші қолданылған металл:
А. Мыс.
В. Қорғасын.
С. Алтын.
Д. Күміс.
Е. Қалайы.
Тас дәуіріндегі Қазақстан.
4 нұсқа.
1.Адамдар мыс өңдеуді үйренген уақыты:
А. 1 мың жыл бұрын.
В. 5 мың жыл бұрын.
С. 2 мың жыл бұрын.
Д. 3 мың жыл бұрын.
С. 7 мың жыл бұрын.
2. Қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болған дәуір:
А. Палеолит. В. Неолит.
С. Мезолит. Д. Қола. Е. Энеолит.
3.Солтүстік Қазақстан жеріндегі 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ:
А. Зеленая Балка.
В. Ботай.
С. Обалысай.
Д. Шабақты.
С. Усть – Нарым.
4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай қай кезеңінің ерекше ескерткіші:
А. Мезолит. В. Неолит.
С. Энеолит. Д. Қола дәуірі. Е. Палеолит.
5.Энеолит ескерткіштері табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен:
А. Алғабас. В. Арқайым.
С. Шебір. Д. Шульбинка. Е. Шабақты.
6.Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстырудың ғылыми атауы:
А. Анимизм. В. Шаманизм.
С. Тотемизм. Д. Эндогамия. Е. Экзогамия.
7.Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы ғылымда қалай аталуы:
А. Сына жазуы.
В. Пиктография.
С. Руна жазуы.
Д. Этноархеология.
Е. Палеография.
8. Өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы:
А. Анимизм. В. Тотемизм.
С. Шаманимзм. Д. Фетишизм. Е. Магия.
9. Табиғаттың құбылыстарынан өздерін сақтау үшін жасаған ежелгі адамдардың әрекеті:
А. Анимизмдік. В. Тотемистік.
С. Шамандық. Д. Магиялық. Е. Фетишизмдік.
10. Табылған сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерде көп кездесетін бейнелер:
А. Аңдар бейнесі.
В. Әйелдер бейнесі.
С. Құдайлар бейнесі.
Д. Жауынгерлер бейнесі.
Е. Өсімдік бейнесі.
11. Тотыққан мыс рудасынан металл қорыту басталған дәуір:
А. Неолит. В. Мезолит.
С. Палеолит. Д . Қола дәуірі. Е. Темір дәуірі.
12. Ерте палеолит дәуіріндегі адамдар баспаналары:
А. Шатқалдар. В. Үңгірлер.
С. Жер төлелер. Д. Киіз үй. Е. Ағаш үй.
13.Антропология ғылымы зерттейтін сала:
А. Адамның мінез – құлқын.
В. Адамның іш құрылысын.
С. Адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін.
Д. Адамдардың жазуын.
Е. Адамдардың көзқарасындағы ерекшеліктерді.
14. Сыртқы биологиялық қасиеттеріне қарай адамзат баласының үлкен нәсілдік топқа бөліну түрлерінің саны:
А. 2. В. 5.
С. 3. Д.4. Е. 10.
15.Нәсілдік ерекшеліктерді анықтайтын белгі:
А. Ішкі адами қабілеттер.
В. Әдет – ғұрыптар.
С. Жазу стилі.
Д. Сыртқы түр – түсі.
Е. Өмір салты.
16. Тарихи антропология қай ғылымның бір саласы?
А. Тарих. В. География.
С. Медицина. Д. Биология. Е. Ботаника.
17. Этника ұғымының тікелей қатысы бар сөз:
А. Халық. В. Нәсіл.
С. Әдет- ғұрып. Д. Ата- аймақ. Е . шаруашылық.
18.Адамзат баласының пайда болып, қалыптасу үрдісінің дамуы:
А. Әр аймақта әр қалай.
В. Сібірде шапшаң.
С. Азияда тезірек.
Д. Еуропада баяуырақ.
Е. Ежелгі дүниенің барлық аймағында бірдей.
19.Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі:
А. Тобыр.
В. Тайпа.
С. Тайпалық бірлестік.
Д. Аталық ру.
Е. Аналық ру.
20. Алғашқы адамдар не арқылы өздерінің күш – қуатын, шапшаңдығын еселеп арттыра алды:
А. Ойын. В. Еңбек.
С. От. Д. Тамақ. Е. Су.
21. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары:
А. Күрделі.
В. Өте қарапайым.
С. Түрлі – түсті.
Д. Белгісіз.
Е. Ою – өрнекпен безендірілген.
22. Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң:
А. Табиғатқа тәуелділігі азая бастады.
В. Табиғатқа тәуелді күйде қала берді.
С. Бір – біріне бағынбай кетті.
Д. Жалқаулыққа бой алдырды.
Е. Аң аулау тоқырай бастады.
2 тарау. Қола дәуіріндегі Қазақстан.
5 нұсқа.
1.Қола дәуірі қамтитын кезең:
А.б.з.б. 2800 – б.з.б. 900 жылдар «б.з.б. 3 – 1 мың жылдықтар)
В.б.з.б. 40 – 1 мың жылдықтар.
С. Б.з.б. 12 – 5 мың жылдықтар.
Д. Б.з.б. 5 – 3 мың жылдықтар.
Е. Б.з.б. 800 – 140 мың жылдықтар.
2. Қоланың құрамы:
А. Мыс пен қорғаныс.
В. Мыс пен қалайы.
С. Қалайы мен қорғасын.
Д. Болат пен мыс.
Е. Алтын мен күміс.
3.Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан ғалым:
А. Қ.Сәтбаев.
В. Х.Алпысбаев.
С. К.Ақышев.
Д. Ә.Марғұлан.
Е. М.Елеуов.
4.Қола дәуірінде Шығыс Қазақстандағы Нарын мен Қалба кен орындарынан шығарылған қалайы мөлшері:
А. 2100 тонна. В. 1100 тонна.
С. 4100 тонна. Д. 3000 тонна. Е. 1000 тонна.
5.Қола дәуіріндегі кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар:
А. Қазандықтар.
В. Ошақтар.
С. Пештер.
Д. Үңгірлер.
Е. Шеберханалар.
6. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең:
А. Қола дәуірі.
В. Темір дәуірі.
С. Мысты тас дәуірі.
Д. Мустье дәуірі.
Е. Неолит дәуірі.
7.Қола дәуірінде ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі:
А. Қыш ыдыстар.
В. Көзе құмыралар.
С. Тостағандар.
Д. Жайпақ табақтар.
Е. Қыш кеселер.
8. Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті:
А. Андронов.
В. Ботай.
С. Атбасар.
Д. Мақанжар.
Е. Келтеминар.
9.Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер:
А. Андронов .
В. Беғазы.
С. Шақпақата.
Д. Арыстанды.
Е. Шульбинка.
10. Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш табылған жыл:
А. 1918 жыл.
В. 1914 жыл.
С. 1968 жыл.
Д. 1970 жыл.
Е. 1954 жыл.
11.Андронов мәдениетінің тұрақтары алғаш рет табылған жер:
А. Андроново селосы маңы.
В. Есік селосы маңы.
С. Қалба жотасы.
Д. Отырар маңы.
Е. Маңғыстау өңірі.
12. Андронов мәдениетінің ескерткіштері таралған аймақ:
А. Енисейден Ұлытауға дейін.
В. Енисейден Оралға дейін.
С. Іледен Сарысуға дейін.
Д. Алтайдан қара теңізге дейін.
13.Солтүстік және Батыс Қазақстандағы Андрон мәдениетінің қоныстар саны:
А. 150 – ден аса.
В. 20 –дан аса.
С. 80 – нен аса.
Д.30 – дан аса.
Е. 50- ден аса.
14.Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасында орналасқан қола дәуірінің ежелгі қаласы:
А. Құлан.
В. Арқайым.
С. Сауран.
Д. Қойлық.
Е. Шірік – Рабат.
15. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстан жеріндегі қоныстар:
А. Шақпақата мен Арыстанды.
В. Петровка мен Боголюбов.
С. Аралтөбе мен Тастыбұтақ.
Д. Қанай мен Бесоба.
Е. Таутары мен Тегіскен.
16. Қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ:
А. Солтүстік Қазақстан.
В. Батыс Қазақстан.
С. Орталық Қазақстан.
Д. Шығыс Қазақстан.
Е. Оңтүстік Қазақстан.
17. Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым:
А. В.П.Алексеев.
В. А.Марғұлан.
С. Х.Алпысбаев.
Д. А.П.Окладников.
Е. В.Зайберт.
18. Мал бағудың көшпелі түрі қалыптаса бастаған дәуір:
А. Қола.
В. Темір.
С. Неолит.
Д. Мезолит.
Е. Палеолит.
19. Теселі егіншілік алғаш дамыған кезең:
А. Қола дәуірі.
В. Энеолит дәуірі.
С. Кайназой.
Д.Неолит дәуірін.
Е. Палеолит дәуірі.
20. Жерленген Андрондықтардың басы қаратылған жақ:
А. Оңтүстікке, шығысқа,
В. Батысқа, Солтүстікке.
С. Батысқа, Оңтүстікке.
Д. Солтүстікке, Шығысқа.
Е. Солтүстікке, Батысқа.
21. Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылған жерлер:
А. Құдайкөл, Семізбұғы, Қарасу.
В. Таңбалы, Жасыбай, Хантау.
С. Қанай, Батпақ, Обалысай.
Д. Шақпақата, Ақыр, Құмақаж.
Е. Дүзбай, Мақанжар. Сексеуіл.
22. Андрондықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі:
А. Суға булау.
В. Ашыту.
С. Кептіру.
Д. Жердің астындағы шұңқырға сақтау.
Е. Тұздау.
23. Қазақстан территориясын мекендеген андронов тайпаларының кәсіптері:
А. Мал бағу, егіншілік, балық аулау.
В. Егіншілік, балық аулау, тоқымашылық.
С. Тоқымашылық, ұсталық, мал бағу.
Д. Балық аулау, егіншілік, мал бағу.
24. Андрондықтар шаруашылықтың отырықшы түрімен айналысқан кезең:
А. Б.з.б. І-ІІ мың жылдық.
В. Б.з.б. І мың жылдық.
С. Б.з.б. ІІ-ІІІ мың жылдық.
Д. Б.з.б.ІҮ – ІІІ мың жылдық.
Е. Б.з.б. ІҮ-ІІ мың жылдық.
25. Андрондықтарда дамымаған шаруашылық саласы:
А. Шошқа шаруашылығы.
В. Түйе шаруашылығы.
С. Қой шаруашылығы.
Д. Балық шаруашылығы.
Е. Ірі қара шаруашылығы.
Қола дәуіріндегі Қазақстан.
6 нұсқа.
1.Андронов тайпалары пайдаланған өрнек түрі:
А. Геометриялық.
В. Ирек сызықтар.
С. Құстар бейнесі.
Д. Жануарлар бейнесі.
Е. Өсімдіктер бейнесі.
2.Андрондықтардың жұмсақ кенді өндіруде пайдаланған әдісі:
А. Уату әдісі.
В. Омыру әдісі.
С. Бұрғылау әдісі.
Д. Қайнату әдісі.
Е. Күйдіру әдісі.
3.Андрондықтардың қатты кенді өндіруде пайдаланған әдіс:
А. Үңгіп қазу.
В. Отпен уату.
С. Ретушь.
Д. Бұрғылау.
Е. Су құю.
4.Андрондықтардың тұрғын үйлері:
А. Жер үй.
В. Қазақ үй.
С. Жертөле.
Д. Ағаш үй.
Е. Саман үй.
5. Киіз үйдің прототипі (ұқсас түрі):
А. Үйсіндердің дөңгелек тұрғын үйі.
В. Сақтардың дөңгелек тұрғын үйі.
С. Андроновтықтардың дөңгелек тұрғын үйі.
Д. Қаңлылардың дөңгелек тұрғын үйі.
Е. Сарматтардың дөңгелек тұрғын үйі.
6.Орта және кейінгі андронов кезеңінде мәйітті жерлеуі:
А. Аяқ қолын бүгіп,
В. Еңбек құралдарымен.
С. Мәйітті өртеді.
Д. Денеге бояу жақты.
Е. Мәйітті шалқасынан жатқызды.
7.Андронов мәдениетінің археологиялық символына тән:
А. Алқа мен білезік.
В. Астаяқ пен сақина.
С. Найзамен мен садақ.
Д. Садақ пен қанжар.
Е. Сырға мен алқа.
8. Андрондықтар алғашқы соқа салу құқығын иеленгендер:
А. Патша.
В. Құдай.
С. Малшы.
Д. Жауынгер.
Е. Егіншілер.
9.Андрондықтардың антропологиялық түрі:
А. Моңголоидтық.
В. Европоидтық.
С. Түркілік.
Д. Негроидтық.
Е. Азияттық.
10. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары:
А. Абыздар.
В. Құдайлар.
С. Бақсылар.
Д. Көсемдер.
Е. Тәуіптер.
11. Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері:
А. Салықты тексеру.
В. Діни рәсімдерді орындау.
С. Салт- дәстүрдің орындалуын қадағалау.
Д. Малшылардың мал бағуын қадағалау.
Е. Жауынгерлердің дайындығын тексері.
12.Андрондықтардың таққан тұмарлары:
А. Жыртқыш аңдардың азу тісі.
В. Жыртқыш аңдардың тырнақтары.
С. Құстардың қанаты мен тырнағы.
Д. Жемістердің дәндерін.
Е. Аңдардың терілері.
13. Андрондықтар айналысқан егіншілік түрі:
А. Жыртпалы.
В. Отырықшы.
С. Маусымдық.
Д. Теселі.
Е. Суармалы.
14. «Түсі ақ сары, көзі көкшіл, бойы орташа, басы сопақтау, мұрны қоңқақтау болып келген» деп бейнеленген тайпалар:
А. Андрон тайпалары.
В. Сақ тайпалары.
С. Ғұн тайпалары.
Д. Үйсін тайпалары.
Е. Қаңлы тайпалары.
15. Андрондықтар үй салуды неден бастады?
А. Ағаш отырғызудан.
В. Құрбандық шалудан.
С. Үй орнын аластаудан.
Д. Құрбандық беруден.
Е. Үй орнын қоршаудан.
16. Андрондықтардың қасиетті деп санаған орны:
А. Ошақ.
В. Төр.
С. Босаға.
Д. Шаңырақ.
Е. Кереге.
17. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті:
А. Беғазы – Дәндібай.
В. Андронов, Арқайым.
С. Құдайкөл, Семізбұғы.
Д. Шақпақата, Ақыр.
Е. Дүзбай, Мақанжар.
18. Беғазы – Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы:
А. Б.з.б. ХҮ – ХІІ ғасырлар.
В. Б.з.б. ХІІ - ҮІІІ ғасырлар.
С. Б.з.б. ХІІІ – ҮІІ ғасырлар.
Д. Б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғасырлар.
Е. Б.з.б. ХІ – ІХ ғасырлар.
19. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал түрі:
А. Жылқы, қой.
В. Қой, ешкі.
С. Шошқа, сыйыр.
Д. Түйе, сыйыр.
Е. Түйе, Қодас.
20.Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл:
А.т 1946 жыл.
В. 1954 жыл.
С. 1947 жыл.
Д. 1931 жыл.
Е. 1928 жыл.
21.Қазақстанда қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым:
А. К.А.Ақышев.
В. Ә.Марғұлан.
С. Х.Алпысбаев.
Д. А.П.Окладников.
Е. М.П.Грязнов.
22. Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері:
А. Тау бөктерінде.
В. Шатқалдарда.
С. Өзендер жағасында.
Е. Жазық далада.
Е. Орман, тоғайларда.
23. Нұра өзені жағасынан табылған қола дәуіріне жататын тас мүсін:
А. Ер адамның басы.
В. Құдайлар бейнесі.
С. Жауынгерлер.
Д. Абыздар.
Е. Жануарлар.
24. Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс:
А. Бесбай.
В. Талды.
С. Арқайым.
Д. Шағалалы.
Е. Атасу.
25. Айбас сағасындағы (Орталық Қазақстан) Андронов мәдениетіне жататын Алакөл қабірінен табылған археологиялық олжа:
А. Алтын білезік.
В. Шыны ыдыс.
С. Алтын алқа.
Д. Алтын қапсырма.
Е. Күміс сырға.
Қола дәуіріндегі Қазақстан.
7 нұсқа.
1.Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі және оның хронологиялық ауқымы:
А. Наурыз мейрамы( 7 мың жыл бұрын)
В. Наурыз мейрамы ( 4 мың жыл бұрын)
С. Наурыз мейрамы ( 1мың жыл бұрын)
Д. Наурыз мейрамы ( 3 мың жыл бұрын)
Е. Наурыз мейрамы (2 мың жыл бұрын)
2. Қола балқыту басталған мерзім:
А. 2 мың жыл бұрын немесе б.з.д. 2 мың жылдықта.
В. 1 мың жыл бұрын немесе б.з.д. 3 мың жылдықта.
С. 3 мың жыл бұрын немесе б.з.д. 1 мың жылдықта.
Д. 1 мың жыл бұрын немесе б.з.д. 4 мың жылдықта.
Е. 4 мың жыл бұрын немесе б.з.д. 2 мың жылдықта.
3. Туысқандар арасында малды бөлісу нәтижесінде:
А. Рулық қатынас дамыды.
В.жеке меншік қалыптасты.
С. Қауымдық қатынас қалыптасты.
Д. Мемлекет қалыптасты.
Е. Дау – жанжалға әкелді.
4. Беғазы – Дәндібай құмыраларында көп кездесетін өрнектер түрі:
А. Геометриялық, өрнектер.
В. Тарақ жүзді, үзік сызықты, үшбұрышты өрнектер.
С. Ирек үшбұрыш , бүршік, бұрышты өрнектер.
Д. Гүл тәрізді, тік сызықты, өсімдік тәрізді өрнектер.
Е. Дөңгелек, доға, үзік сызық өрнектер.
5.Андрондықтарда қыш ыдыстар жасаумен көбінесе айналысқандар:
А. Шеберлер.
В. Әйелдер.
С. Құлдар.
Д. Еркектер.
Е. Жат жұрттықтар.
6. Орталық Қазақстанда андрондықтардың арнайы кен балқытатын пештер қалдықтары табылған елді мекен:
А. Дәндібай.
В. Беғазы.
С. Атасу.
Д. Қанай.
Е. Таутары.
7. От құдайы Агнияға арнап құрбандыққа шалынған мал түрі:
А. Қой.
В. Бұқа.
С. Түйе.
Д. Жылқы.
Е. Ешкі.
8. Андрондықтардың тасқа салған суреттері табылған жерлер:
А. Шульбинка, Арыстанды, Батпақ.
В. Жасыбай, Таңбалы, Хантау.
С. Пенькин, Усть – Нарым, Семізбұғы.
Д. Шірік- Рабат, Бәбіш – Молда, Бесшатыр.
Е. Обалы, Атасу, Үшбұлақ.
9.Андрондықтардың айналысқан егіншілік мүрі:
А. Жыртпалы.
В. Теселі.
С. Отырықшы.
Д. Суармалы.
Е. Маумымдық.
10. Андронов тайпалары отбасылық және жеке меншіктің пайда болуының ықпалымен айналыса бастаған сала:
А. Мал шаруашылығына көшті.
В. Егіншілікке көшті.
С. Отырықшылыққа көшті.
Д. Тоқымашылық дамыды.
Е. Сауда дамыды.
11. Қола дәуірінде шаруашылықтың негізгі саласы:
А. Аң аулау.
В. Егіншілік.
С. Балық аулау.
Д. Терімшілік.
Е. Мал шаруашылығы.
12.Қола дәуірінің тайпалары сөйлеген тіл.
А. Түркі
В. Араб
С.Үнді – еуропалық.
Д. Шағатай.
Е. Үнді – иран.
13. Андроновтықтар тасқа көбірек салған суреттер:
А. Аңшылар.
В. Малшылар.
С. Егіншілер.
Д. Жабайы бұқа – тур.
Е. Қос өркешті бактриян – түйе.
14.Андронов мәдениетін таратқан тайпалар мекендеген территория:
А. Ертіс пен Жайық арасы.
В. Орал мен Енесей арасы.
С. Батыс Еуропа мен Қазақстан.
Д. Шығыс Еуропа мен Қазақстан.
Е. Қазақстан мен Шығыс Азия.
15.Теңсіздік шыққан кезең:
А. Палеолит.
В. Мезеолит.
С. Неолит.
Д. Энеолит.
Е. Қола.
16. Мәйіттің қол – аяғын бүгіп жерлеу дәстүрі кездесетін кезең:
А. Палеолит.
В. Мезолит.
С. Неолит.
Д. Қола дәуірі.
Е. Темір дәуірі.
17. Ә.Х.Марғұлан бастаған экспедицияның жоспарлы зерттеуі басталған жыл:
А. 1927.
В. 1958
С. 1914
Д. 1946
Е. 1938
18. Ғалымдар кімдердің баспаналарын қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді?
А. Саналы адамдардың,
В. Епті адамдардың.
С. Андрондықтардың.
Д. Сақтардың.
Е. Үйсіндердің.
19. Қола дәуірінде қарапайым істерді көсемдер шешті, ал ортақ мәселелер кімдердің қолына қалдырылды?
А. Көсемдердің.
В. Тайпа кеңесінің.
С. Ру басының.
Д. Ешқайсының.
Е. Ондай мәселе қаралмады.
20. Қола дәуірінде ежелгі салт – дәстүрмен әдеп – ғұрыптардың бұлжытпай орындалуын қадағалайтындар:
А. Қарапайым халық.
В. Ру көсемі.
С. Батырлар.
Д. Абыздар.
Е. Уәзірлер.
21. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің ең соңғы кезеңі:
А. Беғазы – Дәндібай мәдениеті.
В. Андронов мәдениеті.
С. Қанай мәдениеті.
Д. Берел қорымы.
Е. Тасмола мәжениеті.
22. Қола дәуірінде түйені қолға үйреткендігін айғақтайтын түйе сүйектері табылған жерлер:
А. Солтүстік Қазақстан.
В. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан.
С. Шығыс және Орталық Қазақтан.
Д. Орталық және Батыс – Қазақстан.
Е. Орталық Қазақстан.
23. Қола дәуіріндегі жоғары дін басылары:
А. Абыздар.
В. Билер.
С. Батырлар.
Д. Дін басылары болмаған.
Е. Ру көсемі.
24. Беғазы – Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы:
А. Б.з.б. 13 – 8 ғасырларды қамтиды.
В. Б.з.б. 8 – 5 ғасырларды қамтиды.
С. Б.з.б. 5 – 3 ғасырларлы қамтиды.
Д. Б.з.б. 12 – 8 ғасырларды қамтиды.
Е. Б.з.б. 3 – 1 ғасырларды қамтиды.
3 тарау. Темір дәуіріндегі Қазақстан.
8 нұсқа.
1.Темір дәуірін қамтитын аралық:
А. Б.з.д. ҮІІІ ғасыр – б.з-дың ҮІ ғасыры.
В. Б.з.д. ҮІІ ғасыр- б.з.-дың ҮІ ғасыры.
С.Б.з.д. ІҮ ғасыр – б.з.- дың Ү ғасыры.
Д. Б.з.д. ІІ ғасыр – б.з.- дың ІҮ ғасыры.
Е. Б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. – дың І ғасыры.
2. Темір дәуірінің бөліну кезеңі:
А. 2- ге.
В. 3- ке.
С. 4- ке.
Д. 5- ке.
Е. 6- ға.
3. Ерте темір дәуірі кезең аралығы:
А. Б.з.б. ХҮІ – Ү ғасырлар.
В. Б.з.б. ҮІІІ – ІІІ ғасырлар.
С. Б.з.б. ХҮІІ – ҮІІІ ғасырлар.
Д. Б.з.б. ІҮ – ІІІ ғасырлар.
Е. Б.з.б. ҮІІ – ІІІ ғасырлар.
4.Кейінгі темір дәуірі кезеңі аралығы:
А. Б.з.б. ІІІ – б.з. ҮІ ғасыр.
В. Б.з.б. ІІ – ІІІ ғасырлар.
С. Б.з.б. ҮІ – ІҮ ғасырлар.
Д. Б.з.б. ІІ – ІҮ ғасырлар.
Е. Б.з.б. ІІІ – Ү ғасырлар.
5.Шығыс Қазақстандағы ерте темір дәуірінің б.з.б. ҮІІ – ҮІ ғ. аралығын қамтитын кезеңі:
А. Берел кезеңі.
В. Майемер кезеңі.
С. Құлажорға кезеңі.
Д. Пазырық кезеңі.
Е. Тасмола кезеңі.
6. Зайсан аумағында патша қорғандарының ең көп шоғырланған жері:
А. Жетіасар.
В. Бесшатыр.
С. Қауыншы.
Д. Шілікті.
Е. Тасмола.
7.Қазақстан аумағындағы б.з.б. ҮІІІ ғ. жататын ең көне патша жерлеу орны:
А. Бесшатыр.
В. Майемер.
С. Қауыншы.
Д. Отырар – Қаратау.
Е. Шілікті.
8.Шілікті қорымынан табылған обалар саны:
А. 51 оба. В. 30 оба.
С. 41 оба. Д. 21 оба.
Е. 35 оба.
9. 3-ші алтын киімді адам табылған қорған:
А. Бесоба.
В. Бәбіш – Молда.
С. Бірлік.
Д. Тасмола.
Е. Шілікті.
10. Б.з.б. ҮІІІ ғ. жататын Шілікті қорғандарын зерттеген ғалым:
А.Ә.Төлеубаев.
В.Ә.Марғұлан.
С.Х.Алпысбаев.
Д.А.М.Оразбаев.
Е.К.А.Акыщев.
11.Шілікті қорғанынан табылған қола жебе саны:
А. 13. В. 12.
С.8 Д. 6. Е.20.
12.Шығыс Қазақстан аумағын ертеде мекендеген тайпа:
А. Парадарайа.
В. Тиграхауда.
С. Хаумаварга.
Д. Аримаспылар.
Е. Дахтар.
13.Шілікті қорғанындағы алтын каптырма – түймешектердің саны:
А. 4300 дана. В. 1500 дана.
С. 4000 дана. Д. 2635 дана.
Е. 4325 дана.
14.Майемер кезеңінің әшекей заттарындағы бейнелер:
А. Өсімдіктер мен құстар.
В. Иірімді сызық және ирек сызықтар.
С. Тарақ жүзді, үшбұрышты, моншақ.
Д. Түйін өрнек, балдақ пішінде, домалақтар.
Е. Жыртқыш аңдар, хайуанаттар.
15.Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б. Ү – ІҮ ғ.аралығын қамтитын кезең:
А. Берел кезеңі.
В. Майемер кезеңі.
С. Құла жорға кезеңі.
Д. Сымтас кезеңі
Е. Замараев кезеңі.
16.Берел қорымынан табылған оба саны:
А. 30-тан астам.
В. 20- дан астам.
С. 40- дан астам.
Д. 50- ден астам
Е. 10 – нан.
17.Берел қорымдарынынң орналасқан жері:
А. Қатонқарағай ауданы.
В. Зайсан ауданы.
С. Тарбағатай ауданы.
Д. Ақсуат ауданы.
Е. Ұржар ауданы.
18. 1998 – 1999 жылдары Берел кезеңінің № 11 обасын ашқан археолог:
А. З.Самашев.
В. Х.Алпысбаев.
С. Ә.Марғұлан.
Д. Ә.Төлеубаев.
Е.К.Акышев.
19.Бұзылмай сақталған 13 жирен ат табылған темір дәуірінің қорғаны:
А. Есік.
В. Берел.
С. Бесшатыр.
Д. Бәбіш – Молда.
Е. Шырық – Рабат.
20.Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған:
А. Шілікті.
В. Тасмола,
С. Үлкен Берел.
Д. Арқайым.
Е. Атасу.
21. Берел кезеңі мәдениеті Алтай және Тува аймағында кең таралған қай мәдениетке ұқсас?
А. Жуантөбе.
В. Қарғалы.
С. Тасмола.
Д. Пазырық.
Е. Есік.
22. Шығыс Қазақстандағы ерте темір дәуірінің (б.з.б. ІІІ - ! ғ.) аралығын қамтитын кезең:
А. Майемер кезеңі.
В. Берел кезеңі.
С. Құлажорға кезеңі.
Д. Сынтас кезеңі.
Е. Баланды кезеңі.
23. Құлажорға ескерткішіндегі адамды жерлеуі дәстүрі:
А. Тас сандықта.
В. Орап.
С. Қол – аяғын бүгіп.
Д. Ағаш табыттарда.
Е. Отырғызып.
24.Б.з.б. Ү- ІҮ ғасырларға жататын оба:
А. Бесоба қорғаны.
В. Есік қорғаны.
С. Тасмола қорғаны.
Д. Бесшатыр қорғаны.
Е. Құлажорға қорғаны.
25.Есік қорымынан табылған оба саны:
А. 40- тан астам.
В. 30 –тан астам.
С. 25 – тан астам.
Д. 50- тан астам.
Е. 60- тан астам.
Темір дәуіріндегі Қазақстан.
9 нұсқа.
1.Есік обасынан табылған алтын бұйымдардың саны:
А. 4 мыңнан астам.
В. 2,5 мыңнан астам.
С. 3 мыңнан астам.
Д. 1 мыңнан астам.
Е. 1,5 мыңнан астам.
2.Сарыарқадағы ерте темір дәуірі ескерткіштері:
А. Тасмола.
В. Шілікті.
С. Қарғалы.
Д. Бесоба.
Е. Есік.
3.Тасмола мәдениетінің ерекшелігі:
А. Адам мен жылқыны қатар жерлеуінде.
В. Өртеп жерледі.
С. Мәйіттің басын батысқа қаратты.
Д. Отырғызып жерледі.
Е. Бальзамдап, мумиялап жерледі.
4.Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірінің ескерткіштері:
А. Шірік – Рабад қонысы.
В. «Мұртты қорғандар»
С. « Патша қорғандар»
Д. Аралтөбе қорымы.
Е. « Жетісу михрабы» құрбандық табағы.
5. « Мұртты обалар» көп тараған аймақ:
А. Орталық Қазақстан.
В. Батыс Қазақстан
С. Солтүстік Қазақстан.
Д. Шығыс Қазақстан.
Е. Маңғыстау.
6. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпалар:
А. Массагеттер.
В. Исседондар. Аримаспылар, аргиппейлер.
С. Савроматтар.
Д. Сақ тиграхаудалар.
Е. Сақ парадарайалар.
7.Ерте темір дәуірі ескерткіші Тасмола мәдениеті табылған аудан:
А. Жетісу.
В. Екібастұз.
С. Арал маңы.
Д. Алтай өңірі.
Е. Ыстықкөл маңы.
8.Қазақстанда шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі:
А. Алатау.
В. Қаратау.
С. Сарыарқа.
Д. Алтай .
Е. Маңғыстау .
9.Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысын мекендеген тайпалар:
А. Массагеттер.
В. Сақтар.
С. Аргиппейлер.
Д. Аримаспылар.
Е.Исседондар.
10.Ежелгі заманда сарыарқаның орталығын мекендеген тайпалар:
А. Сақ – тиграхаудалар
В. Исседондар.
С. Сақ – хаумаваргалар.
Д. Массагеттер.
Е. Сарматтар.
11.Ежелгі заманда Сарыарқаның шығысын мекендеген тайпалар:
А. Исседондар.
В. Сарматтар.
С. Аримаспылар.
Д. Сақ – тиграхаудалар.
Е. Исседондар.
12. Геродот жазбасындағы савроматтардың «биік таулардың баурайында» тұрған көрші тайпалары:
А. Массагеттер.
В. Аримаспылар.
С. Дахтар.
Д. Аргиппейлер.
Е. Исседондар.
13. Аргиппейлердің шығысқа қарай орналасқан көрші тайпалары:
А. Дайлар.
В. Сарматтар.
С. Шошақ бөрікті сақтар.
Д. Аримаспылар.
Е. Исседондар.
14. «Ақ жалды жүйрік аттылардың иелері» деп аталған тайпа:
А. Теңіздің арғы жағындағы сақтар.
В. Хаома сусунын даярлаушы сақтар.
С. Даилар.
Д. Аргиппейлер.
Е. С.арматтар.
15. Орталық Қазақстандағы «мұртты обалар» жататын дәуір:
А. Қола.
В. Палеолит.
С. Мыс.
Д. Темір .
Е.Неолит .
16.Адам мен жылқы қатар жерленуімен ерекшеленетін Сарыарқадан ерте темір дәуір мәдениеті:
А. Беғазы – Дәндібай.
В. Тасмола.
С. Андронов.
Д. Қауыншы.
Е. Пазырық.
17.Тасмола мәдениеті қанша даму кезеңінен тұрады?
А. 1.
В. 2.
С. 5.
Д. 3.
Е. 6.
18. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпалар исседондар деп тұжырым жасаған ғалым:
А. К.Ақышев.
В. М.Герасимов.
С. Ә.Марғұлан.
Д. Х.Алпысбаев.
Е. Г.Сосновский.
19. Солтүстік Қазақстанның ежелгі тұрғындарының көшпелі өмір салтына өткен кезі:
А. Б.з.б. ІІ ғ.
В. Б.з.б. ІІІ мың жылдық.
С. ІІ – ІІІ ғғ.
Д. Х – ХІІІғғ.
Е. б.з.б. І мың жылдық.
20.Солтүстік Қазақстан жеріндегі алғашқы сақ заманына жататын обалар:
А. Есік.
В. Шілікті.
С. Бірлік, Алыпқаш.
Д. Тасмола.
Е. Бесшатыр.
21.Сақтарда моңғолоидтық белгілер басым кездесетін өңір:
А. Оңтүстік Қазақстан.
В. Батыс Қазақстан.
С. Солтүстік және Шығыс Қазақстан.
Д. Орталық Қазақстан.
Е. Маңғыстау.
22.Қазақстанның Солтүстік өңірінде өмір сүрген тұрғындары тұрмысында б.з.б. І мың жылдықта болған өзгеріс:
А. Егіншілікке өтті.
В. Көшпелі өмір салтына ауысты.
С. Алғаш рет металл балқытуды меңгерді.
Д. Жылқы малын қолға үйретті.
Е. Балық аулауды үйренді.
23.Темір дәуірінде жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық:
А. Темірден жасалған ер- тұрман.
В. Қамшы.
С. Қылдан бұйым жасау.
Д. Үзеңгі мен ауыздық.
Е. Темір тарақ.
24.Ерте темір дәуірінің Солтүстік Қазақстандағы мәдениеті:
А. Бәбіш – Молда қаласы.
В. Шілікті ескерткіштері.
С. Ұлыбай – Тасмола мәдениеті.
Д. Берел қорымы.
Е. Бесшатыр қорымы.
25.Ұлыбай – Тасмола мәдениетінің хронологиялық кезеңдерінің саны:
А. 1 хронологиялық кезеңнен.
В. 2 хронологиялық кезеңнен.
С. 3 хронологиялық кезеңнен.
Д. 4 хронологиялық кезеңнен.
Е. 5 хронологиялық кезеңнен.
Темір дәуіріндегі Қазақстан.
10 нұсқа.
1.Солтүстік Қазақстандағы темір дәуірінің Ұлыбай – Тасмола мәдениетінің бірінші хронологиялық кезеңі:
А. Б.з.б. ІІІ – ІІ ғғ.
В. Б.з.б. ІІ – І ғғ.
С. Б.з.б. І ғғ.
Д. Б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ.
Е. І – ІІ ғғ.
2. Солтүстік Қазақстандағы темір дәуірінің Ұлыбай – Тасмола мәдениетінің екінші хронологиялық кезеңінің ауқымы:
А. І – ІІ ғғ.
В. ІІ – ІІІғғ.
С. ІІІ – ІҮ ғғ.
Д. Б.з.б. ҮІ – Ү ғғ.
Е. І – ІІ ғғ.
3. Солт үстік Қазақстандағы темір дәуірінің Ұлыбай – Тасмола мәдениетінің үшінші хронологиялық кезеңінің ауқымы:
А. Б.з.б. І – І ғғ.
В. Б.з.б. ІХ ғғ.
С. Б.з.б. ІҮ – ІІ ғғү
Д. І – ІІІ ғғ.
Е. ІІІ – Ү ғғ.
4.Ұлыбай – Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңіне жататын обалары:
А. Шілікті.
В. Берел.
С. Бірлік, Алыпқаш, Покровка. Бектеңіз.
Д. Бесшатыр.
Е. Есік обасы.
5. Ұлыбай – Тасмола мәдениетінің екінші кезеңіне жататын обалары:
А. Бесшатыр.
В. Сарғара, Бектеңіз.
С. Есік.
Д. Шілікті.
Е. Берел.
6. Ұлыбай – Тасмола мәдениетінің үшінші кезеңі обалары:
А. Бесшатыр.
В. Сарғара.
С. Есік.
Д. Бірлік, Бағанаты, Өрнек.
Е. Шілікті.
7.Ерте темір дәуіріне жататын Есілдің оң жағындағы зерттелген бекініс қалашық:
А. Бәбіш –Молда.
В.Қызыл аңғар.
С. Ақтау.
Д.Есік.
Е.Арқайым.
8.Ерте темір дәуіріне жататын қоныстар:
А. Бұқтырма, Шүлбі
В. Бөркі, Алыпқаш. Қарлыға.
С. Беғазы – Дәндібай.
Д. Жетіасар.
Е. Шақпақата.
9.Ерте темір дәуірінде мал басының көбейуіне байланысты қалыптасқан кәсіп:
А. Көшпелі мал шаруашылығы.
В. Сауда.
С. Қолөнер.
Д. Егіншілік.
Е. Құрылыс.
10.Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы – терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы:
А. Сауда жасады.
В. Өнім өндірді.
С. Қол өнерді меңгерді.
Д. Бәйге ұйымдастырды.
Е. Алысқа сапар шекті.
11.Тебінді малды жаюға байланысты қалыптасқан мезгіл:
А. Жазда.
В. Күзде.
С. Қыста.
Д. Көктемде.
Е. Барлық мезгілде.
12.Көшпелілердің жазда мал жаятын жайылым түрі:
А. Жайлау. В. Күзеу.
С. Қыстау. Д. Көктеу.
Е. Болмаған.
13.Көшпелілердің жылы қоралары бар жайылым түрі:
А. Қыстау.
В. Күзеу.
С. Көктеу.
Д. Жайлау.
Е. Болмаған.
14.Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар:
А. Батыс және Орталық Қазақстан.
В. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу.
С. Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстан.
Д. Солтүстік Қазақстан.
Е. Жетісу мен Маңғыстау.
15.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақ:
А. Маңғыстау түбегі.
В. Батыс және Орталық Қазақстан.
С. Алтай, Жетісу таулы аймақтары.
Д. Оңтүстік Қазақстан.
Е.Солтүстік – Батыс Қазақстан.
16.Темір дәуірінде Сырдария, Шу, Келес аңғарларында дамыған шаруашылықтың түрі:
А. Көшпелі .
В. Отырықшы.
С. Жартылай көшпелі.
Д. Омарта шаруашылығы.
Е. Терімшілік.
17.Киіз үй қабырғасының атауы:
А. Кереге.
В. Уық.
С. Шаңырақ
Д. Тапшан.
Е. Бау.
18.Киіз үйдің ағаш қаңқасынынң бөліктерінің саны:
А. 3 В. 2
С. 4 Д. 5 Е. 6
19. Көшпелілер баспаналарындағы киелі болып саналған орын:
А. Терезе жақтауы.
В. Есік жақтауы.
С. Ошақ маңы.
Д. Үйдің бұрыштары
Е. Табалдырық.
20.Ертедегі көшпелілердің баспаналарындағы ошақ орны:
А. Ортасы.
В. Есік маңы.
С. Төр.
Д. Кіреберіс
Е. Қабырға.
21.Көшпелілердлегі күзгі жайылымның түрі:
А. Көктеу. В. Күзеу.
С. Қыстау. Д. Жайлау.
Е. Күзгі жайылым болмаған.
22.Б.з.б. ҮІІ – Ү ғасырлардағы бейнелеу өнеріндегі стиль:
А. Геометриялық өрнек.
В. Толқынды тармақ.
С. Аң стилі
Д. Ағаш жапырақтары тәрізді өрнек.
Е. Ағаш бүршіктері тәрізді өрнек.
23.Сақ жауынгерлерінің темір қару жарағы мен сауыт сайманы табылған қалашық:
А. Көк Мардан.
В. Арқайым.
С. Бәбіш – Молда.
Д. Шірік – Рабат.
Е. Ақтас.
24. Көшпелілердің қарулану ерекшелігін жазған А.Македонскийдің тарихшысы:
А. Помпей Трог
В. Герадот
С. Страбон
Д. Полиэн.
Е.Арриан.
3.2. Сақтар.
11 нұсқа.
1.Б.з.б. І мыңжылдықта орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа:
А. Сақтар.
В. Түріктер.
С. Ғұндар.
Д. Аландар.
Е. Аварлар.
2.Сақтар туралы мәліметтер кезедесетін деректер:
А. Грек, парсы авторларының шығармалары.
В. Орхон – Енисей жазбалары.
С. Үнді ведалары.
Д. Қытай жылнамалары.
Е. Орыс жылнамалары.
3. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы:
А. Марцеллин.
В. Геродот.
С. Цицерон
Д. Гомер
Е. Гиппократ
4.Қазақстан жеріндегі сақ тайпалары туралы жазған ел:
А. Қытайлар. В. Ұйғырлар.
С. Немістер. Д. Парсылар.
Е. Үнділер.
5.Иран жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы:
А. Дарияның арғы жағындағылар.
В. Досқа адал адамдар
С. Жүйрік атты турлар
Д. Тәңірге табынушылар.
Е. Мұртты жігіттер.
6.Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы:
А. Көшпелі тұрғындар.
В. Абыз адамдар.
С. Құдіретті еркектер.
Д. Сусын даярлаушылар.
Е. Шошақ бөріктілер.
7.Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы:
А. Азиялық скифтер.
В. Құдіретті еркектер.
С. Жүйрік атты турлар.
Д. Дұшпанға қатал жандар.
Е. Көшпелілер.
8. Грек деректеріндегі көшпелілердің тағы бір атауы:
А. Турлар.
В. Тұрандықтар.
С. Сақтар.
Д. Дайлар.
Е. Көшпелілер.
9. Ежелгі грек авторы Геродоттың сақтарды атауы:
А. Тиграхауда В. Парадарайа.
С. Тур. Д. Ғұн
Е. Массагет.
10.Парсы жазбаларындағы Жетісуда және Сырдарияның орта ағысында тұрған сақтар:
А. Массагет
В. Дай.
С. Сақ тиграхауда
Д. Дах.
Е. Исседон.
11. Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар:
А. Массагет.
В. Дай.
С. Сақ – парадарайа.
Д. Дах.
Е. Исседон.
12. Сақ- парадарайаларының оңтүстігінде қоныстанған сақтардың атауы:
А. Исседондар.
В. Хаумаваргалар.
С. Ғұндар.
Д. Дахтар.
Е. Қаңлылар.
13.Сақтар туралы «дұшпанға – қатал, досқа – адал» деп баяндағандар:
А. Парсы авторлары.
В. Қытай жылнамашылары.
С. Үнді тарихшылары.
Д. Орыс жылнамашылары.
Е. Грек авторлары.
14.Сақ әйелдері туралы «ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі» деп баяндайтын грек авторы:
А. Геродот В. Ксеркс
С. Полиэн Д. Ктесий
Е.Кир.
15. «Шошақ бөріктілер» деп аталғандар:
А. Ғұндар.
В. Дайлар.
С. Дахтар.
Д. Тиграхауда сақтары.
Е. Сарматтар
16.Тиграхауда сақтарының қоныстанған аумағы:
А. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу.
В. Солтүстік Қазақстан мен Орал тауы.
С. Батыс Қазақстан.
Д. Шығыс Қазақстан мен Алтай тауы.
Е. Маңғыстау мен Каспийдің оңтүстігі.
17. Сақ қоғамындағы тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді шешкендер:
А. Тайпа көсемі. В. Тархан.
С. Бек. Д. Жауынгер.
Е. Абыз.
18. Сақ қоғамындағы топтар:
А. Бектер, әскерлер, қара бұдын.
Б. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер.
С. Байлар, шаруалар, жауынгерлер.
Д. Батырлар, Тектілер, Таттар.
Е. Дінбасылар, ақсүйектер, құлдар.
19. Сақ жауынгерлерінің киім түсі:
А. Ақ.
В. Қызыл және сары – қызыл.
С. Жасыл.
Д. Көгілдір.
Е. Қара.
20. Сақ қоғамындағы малшылар мен егіншілердің киім түсі:
А. Қара.
В. Сары көк.
С. Ақ
Д. Қоңыр.
Е. Ала.
21. Сақ жауынгерлерінің ежелгі үнді – иран тіліндегі атауы:
А. «Жүйрік ердер»
В. «Сегізаяқтылар»
С. «Көшпенділер»
Д. «Арбада тұрғандар»
Е. «Балуандар»
22.Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі:
А. Көйлегі.
В. Белбеуі мен қанжары.
С. Қамшысы.
Д. Асатаяғы мен тұмаршасы.
Е. Тостаған мен ерекше бас киімі.
23. Сақ қоғамындағы «сегізаяқтылар» деп аталғандар:
А. Абыздар.
В. Жауынгерлер.
С. Патшалар.
Д. Малшылар мен егіншілер.
Е. Емшілер.
24. Деректерден белгілі б.з.б. 570 – 520 ж. өмір сүрген сақ патшайымы:
А. Томирис.
В. Бопай.
С. Тамара.
Д. Бөрте.
Е. Сара.
25.Томиристің басқа, сақтардың белгілі әйел патшасы:
А. Тұмар.
В. Бөрте.
С. Бопай.
Д. Тамара.
Е. Зарина.
Сақтар.
12 нұсқа.
1.Сақтарды «әлемдегі ең әділ, ең шыншыл» деп есептеген ел:
А. Парсылар.
В. Орыстар.
С. Қытайлар.
Д. Үнділер.
Е. Гректер.
2. «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас» деп сақтар туралы жазған автор:
А. Сыма Цянь
В. Бань Гу
С. Арризан.
Д. Геродот
Е. Ктесий
3. Сақтардың негізгі шаруашылығы:
А. Мал шаруашылығы
В. Егіншілік
С. Балық аулау.
Д. Терімшілік
Е. Бақташылық
4. Сақтар аз өсірген мал түрі:
А. Биязы жүнді қойлар.
В. Құйрықты қойлар.
С. Өркешті түйелер.
Д. Ірі қара.
Е. Жылқы.
5. Геродот жазбаларындағы сақтардың қыс кезіндегі мекені:
А. Киіз үйлер.
В. Жертөлелер
С. Ағаш үйлер.
Д. Кірпіш үйлер.
Е. Үңгірлер.
6. Сақтар туралы «құдай деп олар күнді есептейді және оған жылқыны құрбандыққа шалады» деп жазған автор:
А. Геродот В. Страбон
С. Арриан. Д. Полибий
Е. Диодор.
7.Сақ жеріне Кирдің басып кірген уақыты:
А. Б.з.б. 519ж.
В. Б.з.б. 420ж.
С. Б.з.б 200ж.
Д. Б.з.б. 530ж.
Е. Б.з.б. 320ж.
8.Томирис « әйел болса да қорыққан жоқ» деп жазған Рим тарихшысы:
А. Менандр
В. Үлкен Плиний.
С. Геродот
Д. Цицерон.
Е.Помпей Трог.
9.Сақ жерінде Кирдің өлтірілгенін жазған тарихшы:
А. Геродот.
В. Гомер.
С. Цицерон
Д. Менандр
Е. Платон
10.Қызылорда облысындағы б.з.б. ҮІ – б.з. ХІІІ ғасырына жататын ежелгі қалашық:
А. Битянь
В. Чичуань
С. Шаш.
Д. Шірік – Рабат
Е. Яссы.
11. Сақтар туралы «киімімен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас» деп жазған:
А. Геродот.
В. Полиэн
С. Страбон
Д. Диоген.
Е. Сыма- Цянь.
12. Дарий бастаған парсы әскерлері жорығының мезгілі:
А. Б.з.б. 510ж.
В. Б.з.б. 521ж.
С. Б.з.б. 519ж.
Д. Б.з.б. 530ж.
Е. Б.з.б 520ж.
13. Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі:
А. Б.з.б 540 – 450ж.
В. Б.з.б. 620 – 570жж.
С. Б.з.б 480 – 410жж.
Д. Б.з.б 690- 640 жж.
Е. Б.з.б 570- 520жж.
14. Грек - Македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақ көсемі:
А. Зарина. В. Спартак.
С. Томирис. Д. Мөде.
Е. Спитамен.
15. Сақтардың ғұлама философы:
В. Спаргапис. В. Фирдоуси.
С. Мади Д. Қорқыт.
Е. Анахарсис
16. Қызылордадан 300 шақырым жердегі сақ қаласының орны:
А. Фараб
В. Алмалық.
С. Шымкент.
Д. Шірік – Рабат.
Е. Шаш.
17.Шірік – Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы:
А. Шахристан В. Рабат
С. Цитадель Д. Сардоба
Е. Дромос.
18. Сақтарға жорық кезінде А.Македонскидің бұйрығы бойынша Сырдарияның жағасында салынған қала:
А. Шірік- Рабат.
В. Бәбіш – Молда.
С. Александрия Эсхата.
Д. Битянь
Е. Чегучен.
19. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы:
А. Битянь.
В. Талғар.
С. Отырар.
Д. Тараз.
Е. Бәбіш – Молда.
20. Аңдық стиль пайда болған ғасыр:
А. Б.з.б ІІІ ғ.
В. Б.з.б. ІІ ғ.
С. Б.з.б ҮІІ ғасыр.
Д. Б.з.б ІХ ғ.
Е. І ғ.
21. Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы:
А. Есік.
В. Қарғалы.
С. Алтын – асар.
Д. Ақтас.
Е. Берел.
22. Есік обасының табылған бұйымдар саны:
А. 1000 – нан астам.
В. 2000 – ға жуық.
С. 3000 – ға жуық.
Д. 5000 –нан астам.
Е. 4000 мыңнан астам.
23. Антропологтардың анықтауынша Есік обасындағы адамның жасы:
А. 17 – 18 жас.
В. 15 – 16 жас.
С. 12 – 1 3 жас.
Д. 40 – 50 жас.
Е. 8 – 9 жас.
24. Есік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар археологиялық олжа:
А. Күміс ер – тоқым.
В. Күмісм табақша.
С. Сақина.
Д. Білезік.
Е. Мөр.
25. Сақтар қайда жасаған жорықтар кезінде «Аң стилі» дәстүрімен танысты?
А. Қытайға.
В. Шыңжаңға.
С. Еуропаға
Д. Араб елдеріне
Е. Алдыңғы Азия мен Иран.
Сақтар.
13 нұсқа.
1.Сақтар обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол:
А. Соқпақ,
В. Цитадель.
С. Рабат
Д. Шахристан.
Е. Дромос.
2. Сақ дәуірінің негізгі ескерткіші:
А. Құрбандық заттары.
В. Үйлер.
С. Кесенелер.
Д. Обалар
Е. Ұстаханалар.
3.Сақтар саркофагы:
А. Бөренелерді бір – біріне тығыз орналастырып жасаған табыт.
В. Табынатын жер.
С. Құрбандық шалатын орын.
Д. Обалар.
Е. Ғибадатхана.
4. Сақ малшысы « Шырақ» туралы суреттейтін грек тарихшысы :
А. Геродот. В. Ксеркс
С. Бань Гу. Д. Полиэн.
Е. Страбон
5. Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы:
А. Полиэн.
В. Геродот
С. Страбон.
Д. Ктесий.
Е. Арриан.
6. Сақтарға Ираннан тараған «өмір ағашы» дейтін аңдық бейне:
А. Жолбарыс бейнесі.
В. Қой бейнесі.
С. Түйе бейнесі.
Д. Арыстан бейнесі.
Е. Сиыр бейнесі.
7. Шілікті алып қорғанының биіктігі:
А. 1 – 2м.
В. 3 – 4м.
С. 8 – 10м.
Д. 15м.
Е. 16м.
8. Есік қорғанының диаметрі:
А. 10м, биіктігі 1м.
В. 60м, биіктігі 6м.
С. 10 – 15м, биіктігі 2 – 3м.
Д. 12м, биіктігі 4м.
Е. 25м, биіктігі 11м.
9. Сақтарда малшылар мен егіншілердің аталуы:
А. «Төртаяқтылар»
В. Диқаншылар.
С. Бақташылар.
Д. «Сегізаяқтылар»
Е. Қара халық.
10. Б.з.б. 248 – 247 жылдары дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ бастаған көшпелілер басып алған жер:
А. Ежелгі Русьті.
В. Қытайды.
С. Мысырды.
Д. Парфия мен Гирканияны.
Е. Тибетті.
11. Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы сақ қорымы:
А. Қарғалы.
В. Алматы.
С. Бесшатыр.
Д. Берел.
Е. Шірік- Рабат.
12. Сақтар туралы тарихи деректер кездесетін ирандықтардың қасиетті кітабы:
А. Таншу.
В. Бабырнама.
С. Авеста.
Д. Шахнама.
Е. Құран.
13. Өзін жеңілмейтін құдай санаған, бірақ ақыры сақтардың қолынан қаза тапқан парсы елінің патшасы:
А. Кир.
В. Дарий І
С. Хұсрау І Анушурван.
Д. Кейхаус.
Е. Камбиз.
14. Сақ тайпалар одағының жоғарғы билеушісінің титулы:
А. Патша.
В. Бек.
С. Қаған.
Д. Гуньмо.
Е. Император.
15.Сақ мәдениеті қай дәуірде кең тараған:
А. Тас
В. Темір дәуірінде.
С. Қола.
Д. Мыс.
Е. Орта ғасырда.
16.Сақ аңыздарында жылқы немен байланыстырылады?
А. Ай, жұлдызбен.
В. Күн және от.
С. Аққан сумен.
Д. Найзағаймен.
Е.Кемпірқосақпен.
17.Сақ мифологиясында қабан немен байланыстырылады?
А. Күнмен. В. Аймен.
С. Отпен. Д . Сумен.
Е. Найзағаймен.
18.Сақ қорғанынан табылған 1-ші «Алтын адамды» аргеологтар тапқан жыл:
А. 1969ж. В. 1900ж.
С. 2000ж. Д. 1965ж.
Е. 2005ж.
19.Сақтар қоршауға алған грек гарнизоны орналасқан қала:
А. Талхиз. В. Рим.
С. Маракана. Д. Бомбей.
Е. Балх.
20. Бесшатыр обасын ғалымдардың атауы:
А. Бәйгетөбе.
В. Бәбіш-Молда.
С. Мұртты обалар.
Д. «Патша» қорғандары.
Е. Тас бітік.
21. Сақтарда бас қолбасшылық қызметін атқарушы:
А. Жалдамалы жауынгер.
В. Тайпа көсемі.
С. Бас батыр.
Д. Абыз.
Е. Ең күшті кісі.
22. Грек географы Страбонның сипаттауындағы сақтар:
А. Сұлу, мұртты.
В. Керемет аспаз.
С. Аса талғампаз.
Д. Жақсы шабандоз.
Е. Өнерпаз.
23. 15 бұқа бейнеленген сақтардың дөңгелек құрбандық табағының аталуы:
А. Күміс тостаған.
В. Алматы табақшасы.
С. Қарғалы табақшасы.
Д. Бәйгетөбе.
Е. Жетісу михрабы.
24. Сақтарда діни нанымдар мен ғұрыптардың негізгі бағыты:
А. Отпен аластау.
В. Ас беру.
С. Ата- баба аруағына сыйыну.
Д. Мәйітті бальзамдау.
Е. Аңыз айту.
25.Сақтар туралы мәлімет беретін Геродоттың еңбегінің аты:
А. География.
В. Тарихи жазбалар.
С. Авеста.
Д. Асыл тастар.
Е. Тарих.
3.3. Үйсіндер.
14 нұсқа.
1.Үйсін тайпаларының мекендеген жері:
А. Жетісу.
В. Қызылқұм.
С. Сарыарқа.
Д. Бетпақдала.
Е. Мырзашөл.
2.Жетісу өңіріндегі үйсіндердің хронологиялық шеңбері:
А. Б.з.б. ҮІ – Ү ғғ.
В. Б.з.б Х – ІХ ғғ.
С. Х – ХІ ғғү
Д. Б.з.б. ІІІғ. – бүзүб ІҮ ғ.
Е. ХІІ – ХІІІ ғғ.
3. Үйсін мәдениеті ескерткіштерінің негізінен шоғырланған өңірі:
А. Қарақұм.
В. Жетісу.
С. Қызылқұм.
Д. Маңғыстау.
Е. Сарыарқа.
4. Үйсіндер туралы «ат жақты, ақұбаша, сары шашты» деп жазылған еңбек:
А. Орыс жылнамаларында.
В. Авестада.
С. Қытай жазбаларында.
Д. Ибн Фадлан еңбегінде.
Е. Бехистун жазбасында.
5. Үйсін атауының қытай жазбаларында кездесе бастауы:
А. Б.з.б. Ү ғасырдан.
В. Б.з.б. ІІ ғасырдан.
С. Б.з.б. Х ғасырдан.
Д. Б.з.б ІХ ғасырдан.
Е. ІІІ ғасырдан.
6. Ғалымдар болжауынша үйсіндер сөйлеген тіл:
А. Үндіиран.
В. Қытай.
С. Ежелгі түрік.
Д. Араб.
Е. Моңғол.
7.Үйсіндердің солтүстік батысындағы көршісі:
А. Ғұндар.
В. Қаңлылар.
С. Сақтар.
Д. Андроновтықтар.
Е. Қытайлар.
8. Үйсін мәдениеті өмір сүрген уақыты:
А. 100 жылдай.
В. 200 жылдай.
С. 300 жылдай.
Д. 400 жылдай.
Е. 700 жылдай.
9. Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған:
А. «Тарих атасы» Геродот.
В. Грек тарихшысы Арриан.
С. Парсы патшасы Ксеркс.
Д. Қытай тарихшысы Сыма Цянь.
Е. Рим тарихшысы Помпей Трог.
10. Үйсіндермен саяси және сауда қарым – қатынас жасаған ел:
А. Моңғолия.
В. Қытай.
С. Иран.
Д. Қыпшақтар елі.
Е. Ирак.
11. Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала:
А. Қызыл аңғар (Чигучен).
В. Пұшық Мардан.
С. Шаш.
Д. Сарайшық.
Е. Бәбіш – Молда.
12. Деректердегі Үйсін гуньмосының қытай ханшайымына үйлену уақыты:
А. Б.з.б 211ж.
В. Б.з.б 301ж.
С. Б.з.б 107ж.
Д. Б.з.б. 93ж.
Е. б.з.б. 55ж.
13. Деректердегі қытай ханшайымы үшін үйсін гуньмосының қытай патшасына берген сыйлығы:
А. 100 қой. В. 9 піл.
С. 90 түйе. Д. 1000 жылқы. Е. 60 сиыр.
14. Үйсін билеушісінің атауы:
А. Гуньмо (күнби).
В. Шаньюй
С. Патша.
Д. Бек.
Е. Қаған.
15.Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдерінің атауы:
А. Бек. В. Көсем.
С. Тархан. Д. Абыз. Е. Хан.
16. Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүргендігі белгілі, қытай деректеріндегі «Усунго», «Синго» ұғымдарының мағынасы:
А. «Жүйрік аттары бар патшалық»
Б. «Ержүрек ерлер»
С. « Он оқ бұдын» елі.
Д. «Көшпелі мемлекет»
Е. «Сәйгүліктер патшалығы»
17.Үйсін қоғамын құрағандар:
А. Ру басшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар, абыздар, бұқара халық.
В. Құл иеленушілер, дінбасылар, жауынгерлер, қолөнершілер, құлдар.
С. Ақсүйектер, қарасүйек, асыл сүйек, қара бұдын.
Д. Мемлекеттік қызметкерлер, әскерлер, дін өкілдері, әкімдер, қарапайым халық.
Е. Тектілер, жер иелері, шаруалар, саудагерлер, ұсталар, зергерлер.
18.Үйсін қоғамындағы қарапайым халыққа жататындар:
А. Абыздар.
В. Малшылар мен егіншілер.
С. Саудагерлер.
Д. Жауынгерлер.
Е. Абыздар.
19. Бай үйсіндердегі жылқы саны:
А. 50 мың.
В. 500
С. 1 – 5 мың.
Д. 600.
Е. 200.
20. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан ажырату үшін салған белгілері:
А. Бояу жақты.
В. Күйе жақты.
С. Таңба салды.
Д. Жіп тақты.
Е. Ер – тұрман салды.
21.Үйсін қоғамындағы қатардағы адамдардың мөрлері неден жасалды?
А. Темірден.
В. Күмістен.
С. Қорғасыннан.
Д. Балшық пен тастан жасалды.
Е. Ағаштан.
22. Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе неден тігілді?
А. Бөзден.
В. Жібектен.
С. Кендірден.
Д. Шыттан.
Е. Теріден.
23.Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін не?
А. Жер.
В. Атәбзелдері.
С. Жерлеу орындары.
Д. Зындандар.
Е. Қора – қопсылар.
24. Үйсін қоғамындағы қарапайым халық киген киім:
А. Бөз.
В. Жібек.
С. Барқыт.
Д. Кендір.
Е. Жүннен тоқылған және былғары.
25. Үйсін обаларының ең үлкенінің көлемі:
А. Диаметрі 20 метр, биіктігі 2 метрге жуық.
В. Диаметрі 100 метр, биіктігі 10 метрге жуық.
С. Диаметрі 50 метр, биіктігі 5 метрге жуық.
Д. Диаметрі 10 метр, биіктігі 1 метрге жуық.
Е. Диаметрі 30 метр, биіктігі 3 метрге жуық.
Үйсіндер.
15 нұсқа.
1.Үйсіндердің обаларын салынған уақытына қарай археологтардың топқа бөлуі:
А. 2 топқа. В. 3 топқа.
С. 4 топқа. Д. 5 топқа. Е. 6 топқа.
2.Археологтар б.з.б. ІІІ – ІІ ғасырларға жатқызатын солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп салынған үйсін обаларының 1 –ші тобының атауы:
А. Арқайым, Ақтас, Мардан, Шірік- Рабат, Сексеуіл.
В. Қауыншы, Жетіасар, Қаратау, Көк Мардан, Құлата, Шаш- илақ.
С. Беғазы – Дәндібай, Ақсу, Нұра, Атасу.
Д. Қапшағай, Өтеген, Қызылесне, Қызылауыз, Қызылқайнар.
Е. Шілікті, Бесшатыр, Берел, Есік, Құлажорға, Ұйғарық.
3.Б.з.б. І ғасыр мен б.з. І ғасырында салынған Тайғақ, Алтынемел, Талғар, Ақтас қорымдары кімдерге тиесілі?
А. Сақтарға. В. Қаңлыларға.
С. Түркілерге. Д. Ғұндарға. Е. Үйсіндерге.
4.Б.з. ІІ – ІІІ ғғ. Салынған үйсіндердің Шолақжиде, Үңгірқара, Қалқан қорымдары қай кезеңге жатады?
А. 1-ші. В. 2-ші.
С. 3 –ші. Д. 4 – ші. Е. 5-ші.
5.Жетісудағы үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер антропологиялық жағынан жататын нәсілдік топ:
А. Моңғолоидтар. В. Аралас нәсілдер.
С. Негроидтар. Д. Метистер.
Е. Европеоидтар.
6.Жетісу жеріндегі ежелгі үйсіндердің мүсіндік бейнесін жасаған атрополог ғалым:
А. М.М.Герасимов.
В. Л.М.Левина.
С. В.П.Алексеев.
Д. О.Ысмағұлов.
Е.Ә.Төлеубаев.
7.Жетісудағы үйсін мәдениетіне ұқсас ескерткіш табылған өңір:
А. Сарыарқа.
В. Тарбағатайдың теріскейі.
С. Бетпақдала.
Д. Қарақұм.
Е. Қызылқұм.
8.Тарбағатайдың теріскейіндегі ескерткіштер үйсін мәдениетіне ұқсас екендігін дәлелдеген ғалым:
А. О.Ысмағұлов.
В. Ә.Т.Төлеубаев.
С. В.П.Алексеев.
Д. У.Х.Шалекенов.
Е. К.М.Байпақов.
9.Үйсіндердің тұрақтары, үйлері орналасқан жер:
А. Өзен жағасы.
В. Көл жағасы.
С. Тау бөктерлері.
Д. Шөлдер.
Е. Құз жартастар.
10.Үйсіндерде әулеттің моласы орналасқан жер:
А. Бұлақ басында.
В. Көше бойында.
С. Қонысқа жақын жерлерде.
Д. Шөлді жерде.
Е. Құз жартастарда.
11.Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін дерек кездесетін қоныс:
А. Құлан қаласы.
В. Ақтас қыстауы.
С. Атантай сайы.
Д. Қойтас қыстау.
Е. Қарғалы қойнауы.
12.Үйсіндердің зергерлік бұйымдары табылған қорым:
А. Ақтас.
В. Қойтас.
С. Шардара.
Д. Шілікті.
Е. Қапал.
13.Ертедегі үйсіндердің құрбандықтары арналып шалынған:
А. Абыздарға
В. Патшаларға.
С. Жаратушы күшке
Д. Көсемге.
Е. Бектерге.
14.Үйсіндер қыш ыдыстарына салған суреттері:
А. Ай – жұлдыздың
В. Таудың.
С. Күннің.
Д. Құстың.
Е. Аттың.
15.Үйсіндерде жерленген адамның қаратылған жағы:
А. Шығысқа.
В. Батысқа.
С. Солтүстікке.
Д. Оңтүстікке.
Е. Солтүстік – шығысқа.
16. Үйсіндерде әйел адамның бас тәжісі табылған жер:
А. Талғар.
В. Тарғап.
С. Қарғалы.
Д. Қаскелең.
Е.Алматы.
17. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқандар:
А. Ер адамдар.
В. Балалар.
С. Әйелдер.
Д. Қариялар.
Е. Жас өспірімдер.
18.Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп:
А. Темір өңдеу.
В. Тері өңдеу.
С. Қыш ыдыстар жасау.
Д. Шыны ыдыстар жасау.
Е. Ғимараттар тұрғызу.
19.Үйсіндердің сұйық тағамға арналған негізгі ыдыстары:
А. Қыштан жасалды.
В. Шыныдан жасалды.
С. Былғарыдан жасалды.
Д. Тастан жасалды.
Е. Ағаштан жасалды.
20.Үйсіндерде мата тоқу үшін пайдаланған құрал – сайман:
А. Станоктар пайдаланды.
В. Ұршықтар қолданылды.
С. Ине – жіптер пайдаланылды.
Д. Өрмекке ұқсас тоқыма құралы пайдаланылды.
Е. Қойтас.
21. Ертедегі үйсіндер арнайы құрбандық шалып, неге сенді?
А. Жаратушы күшке.
В. Аруаққа
С. Абызға.
Д. Гуньмоға.
Е. Күнге.
22.Үйсін мемлекеті Қытай елімен сауда байланысын жасай бастаған уақыт:
А. Б.з.б ҮІ ғасырда.
В. Б.з.б. ІІ – І ғасырларда.
С. Б.з.б. ІҮ ғасырда.
Д. ІІІ ғасырда.
Е. ІХ ғасырда.
23. Қытай деректерінде үйсіндердің әскер саны:
А. 100000.
В. 10000.
С. 12000.
Д. 5000.
Е. 188800.
24. Жазба деректеріндегі үйсін халқының саны:
А. 630 мың.
В. 10 мың
С. 15 мың.
Д. 210 мың
Е. 525 мың.
25.Үйсін билеушілері мен әскербасылары, ауқатты адамдарда мөрлері неден жасалды?
А. Күмістен.
В. Тастан.
С. Ағаштан.
Д. Алтыннан жасалды.
Е. Қоладан.
Үйсіндер.
16 нұсқа.
1.Үйсіндер алғашында кімдерге тәуелді болды?
А. Ғұндарға. В. Сақтарға.
С. Парсыларға. Д. Қаңлыларға.
Е. Қытайларға.
2. Үйсіндердегі «Алтын тәті» бұл:
А. Сырнай. В. Алтын орақ.
С. Жүйрік ат. Д. Тәж тәрізді әшекейлі бас киім.
Е. Құмыра.
3.Үйсін ерлерінің басты міндеті:
А. Соғысу.
В. Жарысу.
С. От басын және мал – мүліктерін қорғау.
Д. Сауда жасау.
Е. Отты өшірмеу.
4.Үйсіндерде кімдер қайыңды ойып ыдыс- аяқ жасады?
А. Көсемдер. В. Малшылар.
С. Ағаш ұсталары. Д. Жауынгерлер.
Е. Бектер.
5.Қарғалыдан табылған үйсін зергерлерінің тамаша туындысы:
А. Қобыз. В. Домбыра.
С. Керней. Д. Сыбызғы.
Е. Алтын тәті.
6. Үйсіндерге тиесілі «Алтын тәті» табылған жер:
А. Қордай. В. Аңырақай.
С. Қарғалы. Д. Алматы.
Е. Тараз.
7. Қарғалыдан табылған «Алтын тәті» қай уақытқа жатады?
А. Б.з.б Үғ. В. Х ғ.
С. І ғ. Д. Б.з.б ІІ – І ғғ.
Е. Б.з.б ІІІ ғғ.
8. Үйсіндер үйлерінің еденін немен сылады?
А. Балшықпен.
В. Арнайы қоспамен.
С. Күл қосындысымен.
Д. Қимен.
Е. Қызыл минералмен.
9. Үйсіндерде жайлау мен қыстау арасы неше шақырымды құрады?
А. 5 – 6 В. 7 – 8
С. 20 – 100 Д. 7 – 8
Е. 40 – 50.
10. Үйсіндердегі құлдар қайдан шықты:
А. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды.
В. Мүлік теңсіздігі нәтижесінде қалыптасты.
С. Кедейленген шаруалардан шықты.
Д. Малынан айырылған малшылардан шықты.
Е. Кедейленген қолөнершілерден тұрды.
11. Үйсіндер өз жылқыларын тез ажырату үшін істеген әрекеті:
А. Таңба салды.
В. Ен салды.
С. Құйрықтарын безендірді.
Д. Құлындарын үйде ұстады.
Е. Жылқыларға ат қойды.
12. Үйсіндердегі әртүрлі заттарға салынған таңбалар нені білдіреді?
А. Өнердің дамығанын.
В. Қолөнершілердің шеберлігін.
С. Жеке меншіктің болғанын.
Д. Тауарлардың шеттен тасылғанын.
Е. Халықтың рулық құрамын.
13. Егіншілікпен айналысатын үйсіндердің өсірген дақылдары:
А. Қауын – қарбыз.
В. Өрік, жүзім.
С. Күріш, мақта.
Д. Құмық, бидай.
Е. Арпа, тары.
14.Қазба жұмыстары кезінде үйсіндерге тиесілі тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің табылуы нені дәлелдейді?
А. Үйсіндердің егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді.
В. Тас ктпендер мен орақтарды және дәнүккіштерді сырттан көп сатып алғанын дәлелдейді?
С. Тас кетпендер мен орақтарды және дәнүккіштерді көрші елдерге көптеп сатқанын дәлелдейді.
Д. Үйсіндердің сауда – саттықпен айналысқанын білдіреді.
Е. Үйсіндерде мүлік теңсіздігі орнағанын айғақтайды.
15.Үйсіндерде бір ауылдағы үй саны:
А. 20 – 25 үй. В. 50 -55 үй.
С. 10 – 12 үй. Д . 4 – 5 үй.
Е. 30 – 35 үй.
16.Үйсін шеберлерінің сүйектен жасаған бұйымдары:
А. Үзеңгі, ат – әбзелдері.
В. Найзаның ұштары.
С. Түйме, түйреуіш пен ілгектер.
Д. Пышақ, егіншілік құрал – саймандары.
Е. Садақ, жебе ұштары.
17.Үйсіндердің тастан жасаған заттары:
А. Пышақ.
В. Найза.
С. Күректің саптары.
Д. Ұршықбас, қайрақ тас.
Е. Қасық.
18. Қарғалыдан табылған «алтын тәті» тор көздеріне салынған суреттері:
А. Аңдардың, жануарлар мен адам бейнелері.
В. Геометриялық фигуралар.
С. Ою – өрнектер.
Д. Соғысу мен аң аулау сәттері.
Е. Гүл мен өсімдіктер.
19.Қарғалыдан табылған « алтын тәті» немен әшекейленген?
А. Алмаспен.
В. Күміспен.
С. Алтынмен.
Д. Көгілдір, қызыл – қоңыр, қызыл тастармен.
Е. Мыспен.
20. Үйсіндер өлген адамды тіріледі деп есептегендіктен істеген әрекеттері:
А. Адамдарды жерлегенде оған о дүниеде керек болады – ау деген заттардың бәрін қоса көмген.
В. Өлген адамға пирамидалар тұрғызған.
С. Өлген адамға арнап ескерткіш қойған.
Д. Өлген адамдардың мәйітін арнайы орындарда сақтаған.
Е.Өлген адамдардың тірі кезінде қолданған заттарын сақтауға тырысқан.
21.Үйсіндер дәуірі кезіндегі бейіттері қазғанда табылған археологиялық олжалар:
А. Мумия.
В. Шырақ жағатын табақ, құрбандық ыдыстар.
С. Жануарлардың, адамдардың мүсіндері.
Д. Бағалы тастармен безендірілген шыны ыдыстар.
Е. Жібек маталар мен піл сүйектерінен жасалған шахмат фигуралары.
22.Үйсіндерде жіп иіру мен тоқымашылық өнері арқасында қол жеткен табыстары:
А. Киіз басу, жүннен киім тоқу, тігін тігу ісі өрістеді.
В. Ішкі сауда өрістеді.
С. Сыртқы сауда өрістеді.
Д. Мал саны арта түсті.
Е. Жібек шаруашылығы дамыды.
23.Үйсіндер арасындағы ағаш ұсталарының айналысқан жұмысы:
А. Ағаштардан қайықтарды ойып жасады.
В. Қайықтың ескектерін әзірледі.
С. Өлгендерге арнап табыттар жасады.
Д. Диірмендер тұрғызды.
Е. Қайыңнан астау, таба, тостағандар мен ожауларды ойып жасаған.
24.Үйсіндер мыс пен қоланы балқыту арқылы қол жеткізген табыстары
А. Орақ, пыщақ, біз,шеге, қазандар, құрбандық ыдыстары, қару – жарақ жасаған.
В. Билеушілерге арнап мүсіндер жасаған.
С. Өлген адамдарға арнап кесене тұрғызуға материалдар жасаған.
Д. Су диірмендерінің бөлшектерін жасаған.
Е. Үйлердің шатырына темір жапқыштар жасаған.
3.4. Қаңлылар.
17 нұсқа.
1.Қаңлы мемлекетінің хронологиялық шеңбері:
А. Б.з.б ІІІ – ІІғ. – б.з. Ү ғ.
В. Б.з.б. Х – ІХ ғғ.
С. Б.з.б ҮІІ – ҮІ ғғ.
Д. Б.з.б ҮІІ – Хғғ.
Е. Х – ХІІ ғғ.
2.Қаңлылар туралы « Весаканың ер жүрек ұлдары, Канха каналының алдында құрбандық берді» деп жазылған кітап:
А. Авеста. В. Таншу.
С. Тарих. Д. Құтты білік
Е. Тарихи жазбалар.
3. Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері:
А. Қытай деректері.
В. Парсы деректері.
С. Грек деректері.
Д. Бехитун жазбалары.
Е. Накширустем жазуы.
4.Қаңлы мемлекетінің пайда болу уақыты, шекарасы туралы маңызды мағлұматтар беретін тарихи дерек:
А. Құтты білік.
В. Күлтегін жыры.
С. Тарих.
Д. Авеста.
Е. Цянь Ханьшу.
5.Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы:
А. Сыма- Цянь В. Гомер.
С. Геродот. Д. Цицерон.
Е. Заратуштра.
6. Ежелгі қаңлылардың негізгі атамекені:
А. Сырдың орта ағысы.
В. Жетісу.
С. Әмудария бойы.
Д. Лепсі бойы.
Е. Іле бойы.
7. Б.з.б 3 ғасырда қаңлылар мекендеген аймақ:
А. Сырдария алқабы мен Қаратау жотасын мекендеді:
В. Жетісу.
С. Сарыарқа мен орал тауының бөктері.
Д. Алтай баурайы мен Ертіс бойы.
Е. Маңғыстау мен Каспийдің оңтүстігі.
8. Ежелгі Қытай деректерінде қаңлылар саны:
А. 100 мың адам. В. 500 мың адам.
С. 800 мың адам. Д. 600 мың адам.
Е. 800 мың адам.
9. Қаңлы билеушісінің титулы:
А. Хан. В. Тархан.
С. Бек. Д. Патша.
Е. Жабғу.
10. Қаңлы елінің астанасы:
А. Битянь
В. Чигучень.
С. Бәбіш – Молда.
Д. Арқайым.
Е. Шаш.
11. Қаңлылардың солтүстігіндегі көршілері:
А. Сақтар.
В. Сарматтар
С. Ғұндар.
Д. Бұлғарлар.
Е. Хазарлар.
12. Қаңлы мемлекетінің оңтүстігіндегі көршісі:
А. Ғұндар.
В. Үйсіндер.
С. Сақтар.
Д. Бұлғарлар.
Е. Сарматтар.
13.Б.з.б 46 – 36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы көмек көрсеткен ел:
А. Үйсін.
В. Сақ.
С. Сармат.
Д. Ғұн.
Е. Түрі.
14.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері:
А. Нұра, Атасу.
В. Тасмола.
С. Кебьтиминар, Пазырық.
Д. Қауыншы, Отырар – Қаратау, Жетіасар.
Е. Беғазы – Дәндібай.
15. Қаңлылардың Қауыншы мәдениетінің таралу аймағы:
А. Тараз маңы.
В. Алматы маңы.
С. Ташкент төңірегі.
Д. Сарыарқа.
Е. Іле, Шу.
16. Қаңлылардың Отырар – Қаратау мәдениетінің таралу аймағы:
А. Сарыарқа.
В. Іле,Шу.
С. Сырдың орта ағысы, Қаратау, талас.
Д. Арал маңы.
Е. Жетісу.
17. Қаңлылардың Жетіасар мәдениетінің таралу аймағы:
А. Жетісу.
В. Мырзашөл.
С. Шу өңірі.
Д. Қуандария, Жаңадария аңғарлары.
Е. Сарыарқа.
18. Арыстың сол жағалауындағы қаңлы қаласының орны:
А. Битянь.
В. Бәбіш – Молда.
С. Көк – мардан.
Д. Фараб.
Е. Шаш.
19. Қаңлылардың Пұшық- мардан қаласы маңындағы қонысы:
А. Ақтөбе.
В. Көктөбе.
С. Бозок.
Д. Қостөбе.
Е. Темірлан.
20. қаңлыларда металл өңдеудің ірі орталығы болған ежелгі қала:
А. Көк –Мардан.
В. Ақтөбе.
С. Қсотөбе.
Д. Көктөбе.
Е. Құлата.
21. Қаңлылардың Қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген ескерткіші:
А. Көктөбе.
В. Шаш.
С. Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы.
Д. Қызылсай.
Е. Яссы.
22. Қаңлыларда металл өндірісінің орталығы болған аймақ:
А. Маңғыстау.
В. Жетісу.
С. Бозашы түбегі.
Д. Сарыарқа.
Е.Шаш – Илах.
23. Қытай теңгелері табылған Отырар алқабындағы қаңлы қорымы:
А. Қызыл аңғар.
В. Битянь.
С. Отырар.
Д. Мардан.
Е. Бәбіш – Молда.
24.Шыршық өзенінің оң жақ жағалауындағы Зах каналы:
А. Сақтардікі.
В. Үйсіндердікі.
С. Ғұндардікі.
Д. Парсылардікі.
Е. Қаңлылардікі.
25. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұрты:
А. Битянь.
В. Арқайым.
С. Мардан.
Д. Алтын асар.
Е. Отырар.
Қаңлылар.
18 нұсқа.
1.Шыршық өзенінің сол жағасындағы Қаңлы каналы:
А. Келес каналы.
В. Шыршық арығы.
С. Асықата каналы.
Д. Жетісай каналы.
Е. Ханарық арығы.
2. Қауыншы мәдениетінде өлген адамды жерлеген кезде орындалған дәстүр:
А. Киімімен жерлеу.
В. Өлікті өртеу.
С. Мумиялау.
Д. Қол аяғын бүгіп, оң жаққа жатқызу.
Е. Мәйітті матаға орау.
3. Қаңлылар жерінен табылған б.з. ІІІ – ІҮ ғғ. соғылған теңгелер саны:
А. 3000- дай. В. 100 –дей.
С. 1300 –дей. Д. 2000- дай.
Е. 10 шақты.
4. Қаңлылар астық сақтаған жер:
А. Астауларда.
В. Нұңқырларда, ұраларда.
С. Табақтарда.
Д. Қораларда.
Е. Сарайларда.
5. Қаңлыларда дәнді бау- бақша дақылдары өсірілген аймақ:
А. Жетісу.
В. Сырдария аңғары.
С. Шу өңірі.
Д. Сарыарқа.
Е. Мырзашөл.
6.Қаңлылардағы шаруашылықтың қосымша түрі:
А. Аң аулау.
В. Балық өсіру.
С. Бау- бақша өсіру.
Д. Дәрілік шөптерді жинау.
Е. Жібек өндіру.
7. Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны:
А. 5 В. 4
С. 3 Д.2 Е. 6
8. Қаңлы елінде әр иеліәкті басқарғандар:
А. Бектер. В. Кіші хандар.
С. Абыздар. Д. Билер.
Е. Елхандар.
9. Қаңлыларда елді басқаруға ханға кімдер көмектесіп отырған:
А. Билер.
В. Төрелер.
С. Үш орынбасар, уәзір көмектесіп отырған.
Д. Батырлар.
Е. Абыздар.
10.Қытай хроникаларындағы қаңлылардың екі астанасы деп аталынған:
А. Жазғы және қысқы.
В. Тұрақты және көшпелі.
С. Уақытша және тұрақты.
Д. Таулы және жазықты жердегі.
Е. Шекарадағы және орталықтағы.
11. Қытай өкілінің императорға хабарлауындағы қаңлылардың сипаттаулуы:
А. Жағымпаз, жемқор.
В. Қаңлылар данышпан.
С. Шабандоз.
Д. Төзімді.
Е. Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді.
12.Қытай ақыны Бэй Жүшінің қаңлы қыздарына арналған өлеңі:
А. « Сыр сұлуы»
В. «Әнші қыз»
С. «Таңғы елес»
Д. «Биші бикеш»
Е. «Аппағым»
13. қаңлылардың Алтын – асар қала жұртының көлемі:
А. 1 гектар.
В. 8 гектар.
С. 16 гектар.
Д. 21 гектар.
Е. 29 гектар.
14.Қаңлылар Ұлы Жібек жолының қандай бағытын бақылап отырды:
А. Бозоққа баратын.
В. Бетпақдалаға баратын.
С. Сарыарқаға баратын.
Д. Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін.
Е. Қимақтар жеріне баратын.
15. Қаңлы жерінен табылған теңгелер қай мезгілде сәйкес келеді?
А. Б.з. Іғ.
В. Б.з. ІІІ – ІҮғғ.
С. Б.з.б ІХк.
Д. Б.з. Ү ғ.
Е. Б.з. ҮІІғ.
16. Қаңлы мемлекетіне кәріптас (янтарь) әкелінген ел:
А. Үндістаннан
В. Балқаштан.
С. Балтық бойынан
Д. Қытайдан.
Е. Қара теңізден.
17.Қаңлы мемлекетіне көгілдір фаянсынан тізілген ірі моншақтар әкелінген ел:
А. Қытай.
В. Үндістан.
С. Иран.
Д. Балтық бойы.
Е. Сирия.
18. Қаңлыларда кенді балқыту үшін пайдаланған пештер:
А. Қара әрі үлкен.
В. Тік бұрышты.
С. Үш бұрышты.
Д. Алты бұрышты.
Е. Дөңгелек және төрт бұрышты.
19.Қаңлыларда металл өңдеу қай жерде жүргізілді?
А. Үйде.
В. Далада.
С. Арнайы шеберханаларда.
Д. Қос басында.
Е. Кен өндірген жерде.
20. Қаңлыларда пышақ, қанжар және семсерлерге қын неден жасалды?
А. Темірден.
В., мыстан.
С. Ағаштан.
Д. Сүйектен.
Е. Теріден.
21. Қаңлыларда белбеулер немен безендірілді?
А. Қылшықт армен
В. Бояумен.
С. Металлмен және сүйек қаптырмамен.
Д. Ағашпен
Е. Моншақпен.
22. Қаңлыларда жақсы дамыған өнердің түрі:
А. Бейнелеу.
В. Ағаш ою
С. Цирк.
Д. Ән –күй, музыка, би.
Е. Сәулет өнері.
23. Қаңлылардың музыкалық аспаптары неше ішекті болды?
А. 4 және 8 ішекті.
В. 2 және 5 ішекті.
С. 6 және 12 ішекті.
Д. 7 ішекті.
Е. 3 және 6 ішекті.
24. Қаңлыларға тән музыкалық аспап:
А. Қобыз.
В. Дабыл.
С. Домбыра.
Д. Сыбызғы. Сырнай.
Е. Шаңқобыз.
25.Қаңлылар табиғаттан тыс құдіретті күштерге арнап құрбандыққа шалған құрбандық:
А. Бизон.
В. Лама.
С. Үй малдары.
Д. Қасқыр.
Е. Киік.
Қаңлылар.
19 нұсқа.
1.Қаңлылардың Қауыншы мәдениетіне жататын аймақтарында қайтыс болған әйелдердің жанына нелер қойылған?
А. Пышақ, бәкі.
В. Семсер, қанжар.
С. Қазан, табақ.
Д. Моншақ, айна, сырға.
Е. Кесе, шәйнек.
2.Қаңлы қызының «Биші бикеш» өлеңінің шығуына түрткі болған өнері:
А. Ән. В. Күй.
С. Би. Д. Акробатика. Е. Бейнелеу.
3. Қытай елшілерінің қаңлы ханы сарайынан аңғарғаны:
А. Заң жоралғыны.
В. Ою – өрнекті.
С. Дәрі – дәрмекті.
Д. Теңгелерді.
Е. Ән мен бидің дамығанын.
4. Бірқатар ғалымдардың айтуынша Қаңлы мемлекетінде дамыған сала:
А. Дін.
В. Жазу – графикасы.
С. Дәрі – дәрмектер жасау.
Д. Сәулет өнері.
Е. Кітаптар шығару.
5. Қаңлы жауынгерлерінің саны:
А. 120 мыңға жуық. В. 100 мыңға жуық.
С. 15 мың. Д. 200 мың.
Е. 67 мың.
6. Қытай деректері бойынша қаңлылардың отбасы саны:
А. 150 мың. В. 100 мың.
С. 50 мың. Д. 120 мың. Е. 200 мың.
7. Қаңлыларда егіншіліктің дамығанының дәлелдері:
А. Қазба жұмыстары барысында ауыл шаруашылығы құрал – саймандары қалдықтарының көптеп табылуы.
В. Қазба жұмыстары кезінде қала орындарының көптеп табылуы.
С. Қазба жұмыстары кезінде құмыра қалдықтарының көптеп табылуы.
Д. Қаңлы жерінде егіншілікке қолайлы жерлердің көп болуы.
Е. Қазба жұмыстарының барысында астық қалдықтарының табылуы.
8.Қаңлылар туралы мәлімет беретін қытай тарихшысы сыма Цянь еңбегінің аты:
А. Тарих.
В. Құтты білік.
С. Авеста.
Д. Таншу.
Е. Тарих жазбалары.
9. Қаңлы мемлекеті туралы мәліметтер беретін «Цянь хаьшу» атты шығарма жазылған ел:
А. Үнді.
В. Иран.
С. Түрік.
Д. Қытай.
10. «Кангюй», «канха» сөздері қазақтың қай руының атауына ұқсас:
А. Қыпшақ.
В. Қаңлы.
С. Қатаған.
Д. Қоңырат.
Е. Албан.
11. Қытайға қарсы тұрған ғұндарға қаңлылар көмек көрсеткен жылдар:
А. Б.з.б. 46 – 36 жж,
В. Б.з.б. 140 – 130 жж.
С. Б.з.б. 90 – 70жж.
Д. Б.з.б. 70 – 50 жж.
Е. Б.з.б. 49 – 47 жж.
12. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде оларға тәуелді болған тайпалар:
А. Сақтар.
В. Аварлар.
С. Сарматтар мен аландар.
Д. Ғұндар.
Е. Үйсіндер.
13. Қаңлы елінің экономикалық, мәдени, саяси байланыс орнатқан мемлекеттері:
А. Иран, Ассирия,
В. Мысыр, Вавилон.
С. Ұлы Бұлғария, Хазария.
Д. Қытай, Рим, Кушан.
Е. Хорезм, Үндістан.
14.Деректерде қаңлылардың астанасы деп көрсетілген қазіргі қай қалалардың маңы:
А. Шымкент, Ташкент.
В. Тараз, Түркістан.
С. Алматы, Талдықорған.
Д. Қызылорда. Қазалы.
Е. Жетісай, Шардара.
15. Қаңлылардағы Ұлы ханға бағынышты бес иелікте билікті жүзеге асырған:
А. Абыз.
В. Төре.
С. Сұлтан.
Д. Кіші хан.
Е. Қаған.
16. Қаңлыларда кіші ханға бағынатын ру, тайпаларды кім басқарды?
А. Тқре.
В. Көсем.
С. Сұлтан.
Д. Қаған.
Е. Абыз.
17. Қаңлылардағы көсемдердің лауазымы берілген жолы:
А. Ұлы хан тарапынан берілді.
В. Кіші хан тарапынан берілді.
С. Сайлау негізінде берілді.
Д. Бақталас күресте жеңгендер көсем лауазымын иемденді.
Е. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілді.
18.Қаңлылар арасындағы құлдарды құрағандар:
А. Кедейленген бақташылар.
В. Кедейленген егіншілер.
С. Кедейленген саудагерлер.
Д. Кедейленген қала тұрғындары.
Е. Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар.
19. Қаңлылардың құлдары немен шұғылданды?
А. Соығс кезінде қара жұмыс атқарды.
В. Мал күтумен, мал өнімдерін өңдеумен, қолөнер кәсібімен, егін егумен.
С. Кен қазумен.
Д. Құрылыс жұмыстарын жүргізумен.
Е. Қалалардың тазалығын қамтамасыз етумен.
20. Қазба жұмыстары кезінде археологтар қаңлылар қоныстарынан жиі кездестірген жабайы аңдардың сүйектері:
А. Елік, таутеке, арқар, киік, марал.
В. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық.
С. Қабан, мәлім мысық, жолбарыс.
Е. Зіл, маймыл, арыстан.
21. Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жақсы дамыған түрі:
А. Қыш ыдыстар жасау.
В. Жібек тоқу.
С. Жүн өңдеу.
Д. Зергерлік бұйымдар жасау.
Е. Жіп иіру.
22. Қаңлылардың жайлауы қай жерге дейін жеткен?
А. Каспий теңізінің жағалауына дейін.
В. Еділ бойына дейін.
С. Жайыққа дейін.
Д. Алтайға дейін.
Е. Орталық Қазақстан далаларына дейін.
23.Қаңлылардың көбірек аулаған құстары:
А. Қаз, үйрек, бірқазан.
В. Тырна, көгершін, көкқұтан.
С. Қырғауыл, шіл, бөдене.
Д. Түйеқұс, бозторғай, қараторғай.
Е. Ителгі, лашын, қырғи.
24. Қаңлылар неге табынып, сиынған?
А. Отқа, найзағайға.
В. Аңдар мен құстарға.
С. Үй жануарларына
Д. Күнге, айға, жұлдыздарға табынып, ата- бабалар аруағына сиынған.
Е. Буддаға.
25. Қаңлылар өлген ер адамды жерлегенде оның жанына қойған заттары:
А. Балта, балға, орақ.
В. Семсер, қанжар, садақ.
С. Теңгелер, асыл заттар.
Д. Бөрік, етік, белбеу.
Е. Қасық, самаурын, қол диірмен.
3.5. Ғұндар.
20 нұсқа.
1.Қытай деректерінде «ғұн» атауының пайда болған кезі:
А. Б.з.б ІІІ ғасыр.
В. .б.з.б ІІ ғасыр.
С. Б.з.б. І ғасыр.
Д. І ғасыр
Е. ІІ ғасыр.
2. Ғұндар туралы мол мәлімет беретін деректер:
А. Қытай деректері.
В. Парсы деректері.
С. Грек деректері.
Д. Араб деректері.
Е. Үнді деректері.
3. Ғұндар кезеңін қамтитын аралық:
А. Б.з.б Х – ІХ ғасыр.
В. Б.з.б ІҮ – б.з. ІІІ ғасыр.
С. Б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғасыр.
Д. Ү – ҮІ ғасыр.
Е. ҮІІ – ІХ ғасыр.
4. Гумилевтің жазуынша ғұн державасының пайда болған мерзімі:
А. Б.з.б 209ж. В. Б.з.б 351ж.
С. Б.з.б 452ж. Д. 55ж.
Е. 105ж.
5.Алтай мен Енисей жағалауын мекендеген ежелгі тайпа:
А. Сақтар.
В. Үйсіндер.
С. Ғұндар.
Д. Қаңлылар.
Е. Сарматтар.
6. Ғұн мемлекетіндегі ру саны:
А. 24. В. 48.
С. 92. Д. 112. Е. 62.
7. Ғұндарда шаньюйден кейінгі басты тұлға:
А. Түменбасы.
В. Көсем.
С. Абыз.
Д. Ру басы.
Е. Қолбасшы.
8. Ғұн мемлекетіндегі Түменбасы әскерінің құрамы:
А. 5 мың атты әскер.
В. 10 мың атты әскер.
С. 25 мың атты әскер.
Д. 30 мың атты әскер.
Е. 40 мың атты әскер.
9. Б.з.б. ІІІ ғасырда ғұн мемлекетінің билік басына келегн билеушісі:
А. Аттила. В. Бумын.
С. Мөде шаньюй. Д. Күлтегін.
Е. Чжи – Чжи.
10. Ғұн державасының негізін қалаған:
А. Мөде. В. Күлтегін.
С. Бумын. Д. Шырақ. Е. Еділ.
11. Ғұндар мемлекетінің әскери жүйе бойынша бөлінген қанат саны:
А. 3 В. 4
С. 6 Д. 9 Е. 2
12. Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт:
А. 100 жылдан астам.
В. 150 жылға жуық.
С. 50 жылға таяу.
Д. 200 жылға жуық.
Е. 300 жылдан астам.
13. Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі:
А. Б.з.б. ІІ ғасыр мен І ғасыр аралығы.
В. Б.з.б ІХ – Ү ғасырлар аралығы.
С. Б.з.б ҮІІ – Ү ғасырлар аралығы.
Д. Б.з.б Ү – ІІІ ғасырлар аралығы.
Е. ІІ – Ү ғасырлар аралығы.
14. « Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз» - деген шаньюй:
А. Еділ.
В. Мөде.
С. Аттила.
Д. Бумыг.
Е. Күлтегін.
15. Ғұн мемлекетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі:
А. Б.з.б 55 жыл.
В. Б.з.б 85 жыл.
С. Б.з.б. 75 жылы.
Д. 122 жылы.
Е. 155 жылы.
16. Ғұн мемлекетінде құрбандық шалу үшін ақсақалдар кеңесі жылына неше рет жиналды?
А. 3 рет жиналды.
В. 12 рет жиналды.
С. 6 рет жиналды.
Д. 2 рет жиналды.
Е. 1 рет жиналды.
17. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған тайпалар:
А. Ғұндар.
В. Сақтар.
С. Қаңлылар.
Д. Парсылар.
Е. Үйсіндер.
18. Ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы алып жатқан мерзім:
А. Б.з.б ІІғ – б.з. ІҮ ғ.
В. Б.з.б ҮІІ ғ.
С. Б.з.б ҮІ ғ.
Д. Ү – ІХғ.
Е. ҮІІ – Х ғғ.
19.Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударған ғұндардың басшысы:
А. Мөде.
В. Чжи- чжи.
С. Аттила.
Д. Бұмын.
Е. Күлтегін.
20. Чжи – чжи кімдерге қарсы қаңлылармен одақтасты:
А. Парсыларға
В. Үйсіндерге
С. Сарматтарға.
Д. Сақтарға.
Е. Эфталиттерге.
21. Чжи – Чжидің Қытайға және үйсіндерге қарсы әскери іс – қимылдары немен аяқталды:
А. Жеңіске жетумен.
В. Бейбіт келісімге келумен.
С. Дипломатиялық қарым – қатынас орнатумен.
Д. Чжи – чжидің тұтқынға алынуымен.
Е. Шегінумен.
22. Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы:
А. Мөде.
В. Еділ.
С. Чжи –чжи.
Д. Бұмын.
Е. Күлтегін.
23.Ғұн билеушісі Еділ (Аттила) қайтыс болған соң ғұн мемлекетінің ыдыраған жылы:
А. 551 жылы.
В. 421 жылы.
С. 453 жылы.
Д. 495 жылы.
Е. 512 жылы.
24. Еділ (Аттила) жөнінде құнды дерек қалдырған автор:
А. Геродот.
В. Гомер.
С. Цицерон.
Д. Цезарь.
Е. Принск.
25.Аттиланың (Еділ) шамамен өмір сүрген жылдары:
А.325 – 395жж.
В. 355 – 425жж.
С. 400 – 453жж.
Д. 455 – 501жж.
Е. 505 – 564жж.
Ғұндар.
21 нұсқа.
1.Еділ (ғұн) әскерінің Галлин – Каталаун даласындағы шайқасқан жылы:
А. 575 жылы. В. 545 жылы.
С. 475 жылы. Д. 451 жылы.
Е. 465 жылы.
2. «Аттила» операсын жазған итлаьян композиторы:
А. Паганини В. Диодор.
С. Моцарт. Д. Глинка.
Е. Джузеппе Верди.
3. Аттила туралы жазған Византия елшісі:
А. Земарх В. Диодор.
С. Моцарт. Д. Глинка. Е. Принск.
4. Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған римдік тарихшы:
А. Геродот.
В. Ксеркс.
С. Диодор.
Д. Аммиан Марцеллин.
Е. Симокотта.
5. Француз тарихшысы Тьер Амедидің Атилла туралы еңбегі:
А. «Тарихи жазбалар».
В. «Ғұндар тарихы»
С. «Хунну»
Д. «Ғұндар Батыс Европада»
Е. «Атилла мұрагерлерінің тарихы»
6.Марцеллин 31 кітаптан тұратын «Іс – қимылдар» шығармасында:
А. Сақтар туралы жазады.
В. Үйсіндер туралы жазады.
С. Ғұндар туралы жазады.
Д. Қаңлылар туралы жазады.
Е. Сарматтар туралы жазады.
7. «Қасиетті Леон мен Аттиланың кездесуі» атты суретті салған суретші:
А. Леонардо да Винчи.
В. Пикассо.
С. С.Романов.
Д. Рафаэль Санти
Е. Ә.Қастаев.
8. «Пайғамбар» деген – өлеңінде өзін ғұндардың ұрпағы деп есептей отырып, «ғұн түркілердің арғы атасы» деп жырлаған ақын:
А. Мағжан Жұмабаев.
В. М.Дулатов.
С. А.Құнанбаев.
Д. Ж.Жабаев.
Е. С.Торайғыров.
9. Ғұн тайпаларының Қазақстанға 2 –ші қоныс аударуы:
А. Б.з. І ғ.
В. Б.з. ІІ ғ.
С. Б.з. ІІІ ғ.
Д. Б.з.б. ІІІ ғ.
Е. Б.з.б ІІ ғ.
10.Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, қандай қанаттарға бөлінген?
А. Батыс және Шығыс қанаттарға бөлінген.
В. Сол, орталық, оң қанатқа бөлінген.
С. Ақ, қара және көк қанаттарға бөлінген.
Д. Күнгей және теріскей қанаттарға бөлінген.
Е. Аттылар мен жаяулар қанаты болып екіге бөлінген.
11. Қытай жылнамаларында айтылғандай, б.з.б. ІҮ – ІІІ ғасырларда ғұндар бірлестігі құрылған аралық:
А. Еділден Жайыққа дейінгі аралықта.
В. Іледен Шуға дейінгі аралықта.
С. Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықта.
Д. Алтайдан Оралға дейінгі аралықта.
Е. Алатау мен Қаратаудың аралығында.
12. Прийскіні Аттила сарайында ерекше таңқалдырған нәрсе:
А. Сәйгүліктер.
В. Аспаздар.
С. Күміс тостағандар.
Д. Аппақ тастан қаланған монша.
Е. Әншілер.
13.Ғұн қоғамында үй қызметшісі және бақташы есебінде пайдаланғандар:
А. Малшылдар.
В. Шетелдіктер.
С. Құлдар.
Д. Егіншілер.
Е. Кедейленген саудагерлер.
14.Батыс Рим империясының құлауының себебі:
А. Ғұн шапқыншылығы
В. Вандалдар шапқыншылығы
С. Остготтар шапқыншылығы
Д. Вестготтар шапқыншылығы
Е. Арабтар шапқыншылығы
15. Ғұн әскерлерінің негізгі құрамы:
А. Атты әскер.
В. Жаяу әскер
С. Атқыштар бригадасы.
Д. Шабуылдаушы бригада.
Е. Қорғаныстық топ.
16. Ғұндардың негізгі баспанасы:
А. Киіз үйлер.
В. Кірпіш үйлер.
С. Жертөлелер.
Д. Ағаш үйлер.
Е. Қамыстан жасалған күркеле.
17.Ғұндардың негізгі өмір салты:
А. Отырықшылық
В. Көшпелі өмір.
С. Жартылай отырықшылық
Д. Қалалық
Е. Жартылай көшпелі.
18. Ғұндар өсірген үй малдары:
А. Малдың барлық түрі.
В. Қой.
С. Ешкі
Д. Жылқы
Е. Сиыр.
19. Ғұндардың астық сақтайтын ұралары табылған жерлер:
А. Тау бөктерлерінде
В. Шөлді жерлерде
С. Үй – жайлардың іші.
Д. Шөлейтті жерлерде
Е. Шабындықтарда.
20. Ғұндардағы биліктің берілу жүйесі:
А. Сайлау негізінде
В. Мұрагерлікпен берілді.
С. Бұйрықтың негізінде
Д. Күш сынасудың қорытындысы бойынша.
Е. Абыздардың ұйғарымы бойынша.
21. Ғұндардың ру көсемдері:
А. Ақсақалдар.
В. Бектер.
С. Абыздар.
Д. Сұлтандар.
Е.Төрелер.
22. Ғұндарда опасыздық жасағандарға берілетін жаза түрі:
А. Құн төлету.
В. Өлім жазасы.
С. Абақтыға жабу.
Д. Елден қуып жіберу.
Е. Дүре соғу.
23. Ғұндарда ұсақ қылмыстар жасағаны үшін қолданылатын жаза:
А. Дүре соғу.
В. Абақтыға жабу.
С. Құн төлету.
Д. Айыптының бетін тілу.
Е. Елден қуып жіберу.
24.Ғұндардағы полихромдық стиль дегеніміз:
А. Бұйымдарды бояумен безендіру.
В. Бұйымдарды кескіндеп безендіру.
С. Бұйымдарды оюлармен безендіру.
Д. Бұйымдарды түрлі түсті бояулармен бояу.
Е. Полихромдық стиль
25. Ғұндардағы бұйым бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі:
А. Желімдеу.
В. Қақтау.
С. Зерлеу.
Д. Кескіндеу.
Е. Безендіру.
Ғұндар.
22 нұсқа.
1.Ғұндарда бұйымдарды безендіру үшін қолданылған негізгі бейне:
А. Жабайы аңдар.
В. Құстар.
С. Жәндіктер.
Д. Балықтар.
Е. Ай мен күн.
2.Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін дәлел:
А. Археологиялық қазба кезінде тоқыма бұйымдардың табылуы.
В. Археологиялық қазба кезінде ұршық бастарының табылуы.
С. Археологиялық қазба кезінде жіптердің табылуы.
Д. Археологиялық қазба кезінде қой жүндерінің табылуы.
Е. Археологиялық қазба кезінде тоқыма станоктарының табылуы.
3. «Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты қажет етпейді» деп жазған:
А. Геродот
В. Гомер.
С. Цицерон.
Д. Цезарь
Е. Марцеллин.
4.Еуропада Аттила ғұн империясын құрған жері:
А. Венгрия жерінде құрған.
В. Австрия жерінде құрған.
С. Германия жерінде құрған.
Д. Болгария жерінде құрған.
Е.Чехия жерінде құрған.
5.Ғұндар туралы «олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барады..» деп қай тілдегі деректерде айтылады:
А. Парсы дерегінде.
В. Грек дерегінде
С. Үнді дерегінде
Д. Қытай дерегінде
Е. Араб дерегінде.
6. Кімнің жазбасында «Бір көрген адам Аттиланы нағыз азиялық екенін бірден айтады» делінген:
А. Геродоттың жазбасында.
В. Цицеронның жазбасында
С. Полибийдің жазбасында
Д. Прийск жазбасында
Е. Марцеллиннің жазбасында.
7. «Еділ» (Атилла) атымен аталатын өзен:
А. Волга. В. Жайық
С. Жем Д.Есіл. Е. Іле.
8. Ғұндар қытайдың қандай билеушісін жеңіп өздеріне қаратты:
А. У- Ди В. Фу Е
С. Хун Сюцюань Д. Чжень Цянь
Е. Лю – Бань.
9.Қытай деректерінде баяндалатын Мөде жеңген көрші ел:
А. Си ся В. Цинь
С. Хань Д.Дунху Е. Тан.
10. Қытайлардың атауындағы ғұндардың басшысы:
А. Гуньмо
В. Хун ю
С. Гун руң
Д. Тан ю
Е. Шаньюй.
11. Ғұндардағы түменбасының қызметі:
А. Мыңбасын, жүзбасын және онбасын тағайындай алды.
В. Сыртқы елдер дипломатиялық қатынастарды реттеу құқығын иеленді.
С. Соғыс жариялау құқығына ие болды.
Д. Бейбіт келісімдер жүргізу құқығын иемденді.
Е. Сауда – саттық істерін реттеуге араласты.
12. Ғұндарда ер азаматтардың міндеті:
А. Мал бағуға міндетті болды.
В. Саудамен айналысуы тиіс болды.
С. Егіншілікпен айналысты.
Д. Белгілі бір жасаққа тіркелді.
Е. Саятшылық жасады.
13.Ғұндарда кімдер қару – жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге міндетті болды:
А. Түменбасылар
В. Бекзадалар
С. Абыздар.
Д. Шаньюйдің туыстары.
Е. Ер азаматтардың бәрі.
14. Цинь патшалығы өзінің шекарасын ғұндардан қорғау үшін салған қорған:
А. Ұлы Дунху қорғанын
В. Ұлы Гималай қорғанын
С. Ұлы Ғұн қорғанын
Д. Ұлы Қытай қорғанын
Е.Ұлы Будда қорғанын
15. Қай билеушінің әскери реформасы нәтижесінде ғұндар қуатты мемлекетке айналды?
А. Чжи – Чжи
В. Мөде
С. Аттила
Д. Бумын.
Е. Күлтегін.
16. Қазақстанның оңтүстік – батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келуімен:
А. Алан, ас тайпалары батысқа, Каспий теңізіне қарай ығысты.
В. Қаңлылар оңтүстікке қарай ығыса түсті.
С. Сақ тайпалары қырғынға ұшырады.
Д. Үйсін тайпалары бағынышты кейіпке түсті.
Е. Парсылар Ортап Азияға ену мүмкіндігінен айырылды.
17. Ғұндардағы 24 түменбасын тағайындаушы:
А. Абыз
В. Сұлтан
С. Қолбасшы.
Д. Төре
Е. Шаньюй
18.Ғұндар бірлестігіне кіргендер:
А. Шыққан тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық – саяси құрылымдар
В. Шыққан тегі біркелкі тайпалар.
С. Бір рудың ғана өкілдері.
Д. Парсылар мен қытайлар.
Е. Римдіктер мен готтар
19. Ғұндарға бағынышты Қытайдың төлеген алым- салық түрі:
А. Ғұндарға құл ретінде адамдар жіберіп тұрған.
В. Жыл сайын ғұндарға жылқылар беріп тұрған.
С. Жыл сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған
Д. Алым – салықты ғұндардың құрылыс жұмыстарын жүргізіп беру арқылы өтеген.
Е. Ғұндардың әскери жасақтары қатарына адам беру арқылы алым – салықтан құтылған.
20. Цинь патшалығы өз шекарасын ғұндардан қорғау үшін салған Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы мен биіктігі:
А. 2000 шақырымға созылған, биіктігі 3 метр.
В. 3000 шақырымға созылған, биіктігі 5 метр.
С. 5000 шақырымға созылған, биіктігі 6 метр.
Д. 4000 шақырымға созылған, биіктігі 10 метр.
Е. 6000 шақырым, биіктігі 12 метр.
21. Ғұндардан қорғану үшін салынған Ұлы Қытай қорғанындағы күзет мұнараларының арақашықтығы:
А. 1000 метр. В. 2000 метр.
С. 60 – 100 метр. Д. 100 – 150 метр.
Е. 200- 250 метр.
22. Ғұндар кезеңінен бастап Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларда пайда болған антропологиялық өзгерістер:
А. Моңғолоидтық белгілер пайда бола бастады.
В. Европоидтық белгілер пайда бола бастады.
С. Метистік белгілер қалыптасты.
Д. Негроидтық белгілер көрініс бере бастады.
Е. Антропологиялық кейіпінде өзгеріс болмады.
23.Ғұндардың Батысқа жорығының маңызы:
А. Парсыларды Орта Азиядан ығыстырды.
В. Қытайдың шабуылын тежеді.
С. Еуропаны римдіктерден азат етіп, құл иеленушілік құрылысты құлатты.
Д. Әскери өнерді дамытты
Е. Әділетті қоғам орнатты.
24. Ғұндардың қамалдарды басып алу тәсілдері:
А. Қамалдарды ұзақ қоршауы.
В. Мергендердің нысананы дәл көздеп атуы.
С. Қамалды қорғаушыларға өтірік уәде беруі.
Д. Қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы қолдану.
Е. Қамалдарды суға батыру.
25. Ғұндардың қоғамдық құрылысы:
А. Құл иеленушілік.
В. Феодалдық
С. Көшпелі патриархалды
Д. Жартылай феодалдық.
Е.Деспоттық.
3.6. Сарматтар.
23 нұсқа.
1.Көне дәуір авторларының « сармат» атауының кездесетін мерзімі:
А. Б.з.б ІІІ ғ. В. Б.з.б ІІ ғ.
С. Б.з.б. І ғ. Д. Б.з.б ІХ ғ. Е. ІІ ғ.
2. Сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі:
А. Б.з.б ІХғ.
В. Б.з.б ҮІІІғ. – б.з.б Ү ғ.
С. ІІ – ІІІ ғ.
Д. ІХ – Хғ.
Е. Х – ХІ ғ.
3. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ:
А. Батыс Қазақстан.
В. Шығыс Қазақстан
С. Орталық Қазақстан
Д. Жетісу.
Е. Мырзашөл.
4. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы:
А. Сақтар. В. Қаңлылар.
С. Гиркани. Д. Тиграхаудалар.
Е. Хаомаваргалар.
5.Арал – Каспиц аралығы, одан оңтүстікке қарай өмір сүрген сармат тайпасы:
А. Гиркани. В. Дах.
С. Массагет. Д. Исседон.
Е. Ғұн
6. Сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы:
А. Апарк В. Гиркан.
С. Інжу Д. Көктеңіз. Е. Балықты
7. Аршакидтер әулиеті билігінің негізін салған сармат тайпасы:
А. Дайлар. В. Гиркани.
С. Аргиппей Д. Массагет Е. Канг.
8. Б.зб. 248 – 247 ж. Парфияны басып алған сармат тайпасы:
А. Гиркани.
В. Дай.
С. Массгет.
Д. Тур.
Е. Гиркан
9. Савроматтар жөнінде жазып кеткен Рим тарихшысы:
А. Диодор.
В. Геродот
С. Марцеллин
Д. Менандр
Е. Симокатта
10. Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығының дәлелі:
А. Археологиялық ескерткіштер.
В. Мөрлер.
С. Сына жазулар.
Д. Петроглифтер.
Е. Құнды қағаздар.
11. Савромат ескерткіштерінің зерттелген қорымы:
А. Ақтас.
В. Талғар.
С. Сынтас.
Д. Бесшатыр.
Е. Шолақжиде.
12. Савромат обаларының ішкі құрылымы көбінесе:
А. Темірден.
В. Ағаштан жасалған.
С. Саздан.
Д. Тастан.
Е. Кірпіштен.
13. Батыс қазақстан аймағында кездесетін ерте темір дәуірі ескерткіштері:
А. Сарматтардікі.
В. Үйсіндердікі
С. Қайлылардікі
Д. Парсылардікі.
Е. Қыпшақтардікі.
14.Аршакидтер әулиеті билігінің негізін салған сармат тайпасы:
А. Қаңлылар.
В. Үйсіндер.
С. Дайлар.
Д. Исседондар.
Е. Массагеттер.
15. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы:
А. Әскери демократия.
В. Ақсақалдар кеңесі
С. Халық жиналысы.
Д. Бектер ұйымы.
Е. Батырлар жиыны.
16. Сарматтардың әскери – демократия заманында қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін шешкендер:
А. Абыздар.
В. Әскер басылар.
С. Бектер.
Д. Көсемдер.
Е. Бақсылар.
17. Сарматтарда көп өсірілген мал түрі:
А. Жылқы, қой. В. Түйе.
С. Ешкі. Д. Сиыр. Е. Есек.
18. Сарматтар өміріндегі қосымша кәсіп:
А. Аншылық.
В. Термешілдік
С. Жібек өндіру.
Д. Омарташылдық
Е. Құс өсіру.
19. Сарматтардың торсық, саба сияқты ыдыстары жасалған материал:
А. Қыш. В. Тері.
С. Жүн. Д. Кендір. Е. Тас.
20.Сарматтар шыныдан жасалған ыдыстарды қайдан алған?
А. Өздері жасаған.
В. Шығыс елдерден алғызды.
С. Батыс елдерінен алған.
Д. Солтүстіктегі көршілерінен.
Е. Оңтүстіктегі көршілерінен.
21. Сарматтардың Бесоба қорымына жерленгендер:
А. Жауынгерлер.
В. Абыз әйелдер.
С. Патшалар.
Д. Ұсталар.
Е. Шаруалар.
22. Үш савромат жауынгері жерленген қорым:
А. Шілікті.
В. Бесоба.
С. Сынтас.
Д. Қайтыс.
Е. Ақтас.
23. Савроматтардың Сынтас қорымынан табылған заты:
А. Ағаш қасықтар.
В. Жүген.
С. Сүйек қасықтар.
Д. Балта.
Е. Балға.
24. Атырау жеріндегі сарматтардың Аралтөбе ескерткіші табылған аудан:
А. Құрманғазы.
В. Мақат.
С. Махамбет.
Д. Жылыой.
Е. Индер.
25. Көсемнің қару жарағы, абыз асатаяғы табылған сармат ескерткіші:
А. Ұзынағаш.
В. Жылыой.
С. Аралтөбе
Д. Сынтас.
Е. Бесоба.
Сарматтар.
24 нұсқа.
1.Геродоттың хабарлауынша, савроматтардың тілі қай тілге жақын болған:
А. Моңғол тіліне. В. Қытай тіліне.
С. Парсы тіліне. Д. Скиф тіліне. Е. Грек тіліне.
2. Б.з.б . ҮІІІ ғасырда сарматтардың аталуы:
А. Сақтар. В. Ғұндар.
С. Массагеттер. Д. Савроматтар Е. Исседондар.
3. Археологтар сарматтардың жерлеу орындарында жиі кездестірген гректердің құдай бейнесі:
А. Зевс. В. Гефест
С. Посейдон. Д. Гермес. Е. Дионис.
4. Сармат шеберлері бір немесе бірнеше ағаш түрлерінен жасалған садақты немен желімдеді?
А. Балық желімімен.
В. Қағаз желімімен
С. Темір желімімен.
Д. Балмен.
Е. Сағызбен.
5. Сарматтар өсірген жылқының түрі:
А. Етті түрі.
В. Жүйрік түрі.
С. Сүтті түрі.
Д. Тебіндеуге үйренген және жорықтарға мінетін қазанаттар.
Е. Ақалтеке түрі.
6.Савроматтар қоғамындағы әйелдер мен ерлердің құқықтары:
А. Ерлер мен әйелдер тең саналған.
В. Ерлер құқығы артықшылықта болған.
С. Әйелдер құқығы артықшылықта болған.
Д. Ерлер тек жауынгерлік міндет атқарған.
Е. Әйелдер үй шаруашылығына жауап берумен шектеліп, қоғам өміріне араласпаған.
7. Савроматтармен туыстас тайпалар:
А. Парсылар, ассириялықтар.
В. Кушандықтар, парфиялықтар.
С. Дах массагеттер, исседондар.
Д. Гректер, римдіктер.
Е. Вавилондықтар, мысырлықтар.
8. Б.з.б. 3 – 2 ғасырлардағы Оңтүстік Орал, Еділ бойы және Батыс Қазақстан жеріндегі савромат – сарматтардың саны:
А. 20 мыңға жуық.
В. 10 мыңға жуық.
С. 50 мыңға жуық.
Д. 30 мыңнан астам.
Е. 50 мыңға жуық.
9. Арал мен Каспий теңізі аралығында, сарматтар дәуірінде өмір сүрген тайпалар:
А. Сақтар, массагеттер.
В. Қаңлылар, кангтар.
С. Дахтар, каспилер.
Д. Ғұндар, кушандықтар.
Е. Соғдылықтар.
10.Б.з.б 1 ғасырла савромат – сарматтардың санының күрт кемуінің себебі:
А. Жаугершіліктің жиілеп кетуіне байланысты.
В. Қуаңшылықтың кесірінен мал саны азайып, өлім- жітімнің көбеюінен
С. Су тасқынының орын алуының
Д. Жер сілкінісінің жиі орын алуынан.
Е. Далалы аймақтардағы өрттердің салдарынан.
11.Маңғыстау түбегін мекендеген дайлар кейбір болжамдар бойынша Кіші жүздің құрамындағы румен байланысы:
А.жаппас.
В. Беріш.
С. Табын.
Д. Шөмекей.
Е. Адай.
12. Сарматтардың әскери демократия жағдайында қауымның ішкі және сыртқы мәселелерін шешті:
А. Абыздар.
В. Сұлтандар.
С. Төрелер.
Д. Әскербасшылары мен қолбасшылар.
Е. Қағандар.
13.Сарматтар әйелдерінің құқықтары:
А. Әскери жасақ құрамына кірген.
В. Теңізде жүзуге қатысқан.
С. Тек үй шаруашылығына қараған.
Д. Ер азаматтардан төмен саналған.
Е. Әскери жасақ құрамына алынбаған.
14. Сарматтардың айналысқан шаруашылығы:
А. Балық шаруашылығымен.
В. Терімшілдікпен.
С. Омарташылдықпен
Д. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен.
Е. Бұғы шаруашылығымен.
15. Дайлар қай халықтың этногенезіне (шығу тегіне) қатысы бар:
А. Парсылардың
В. Соғдылардың
С. Қазақтардың
Д. Гректердің
Е. Ассириялықтардың.
16. Сарматтарда әйелдердің басқа көшпелі тайпаларға қарағанда қоғамдағы орны:
А. Бірдей.
В. Жоғары.
С. Төмен.
Д. Қоғамдық өмірге атсалыспады.
Е. Сарматтар әйелдерді құл ретінде санады.
17. Савроматтардың б.з.б. 2 ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан жерін игеріп жеткен жері:
А. Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін.
В. Балтық теңізіне дейін.
С. Жерорта теңізіне дейін.
Д. Парсы шығанағына дейін.
Е. Қызыл теңізге дейін.
18.Сармат жауынгерінің тұмардай саналған бұйымдары:
А. Ер – тұрман мен жүген.
В. Белдік пен қормса.
С. Бас киім мен етік.
Д. Темір семсер мен қайрақ тас.
Е. Тон мен тұмақ.
19. Савромат – сармат тайпаларының бірқатар руларының басқа отырықшы руларға қосылуының себебі:
А. Су тасқынының жиілеп кетуі.
В. Жаугершіліктен қорғану.
С. Қуаңшылық
Д. Халық ағарту ісінің артта қалуы.
Е. Медицина ісінің артта қалуы.
20. Қай парсы патшасының жазбаларында дах, сақ – массагет тайпалары туралы айтылады?
А. Дарий І
В. Ксеркс
С. Кир.
Д. Дарий ІІ
Е. Ануширван І
21. Савромат – сармат тайпалары байланыс орнатқан мемлекет:
А. Босфор мемлекеті.
В. Вавилон.
С. Мысыр
Д. Ассирия.
Е. Кушан.
22.Дайлардың ең әйгілі тайпасы:
А. Даг.
В. Исседон
С. Массагет.
Д. Апари
Е. Каспи
23. Дайлар мекендеген түбек:
А. Маңғыстай түбегі.
В. Бозашы түбегі.
С. Апшерон түбегі.
Д. Аграхан түбегі.
Е. Шәлекен түбегі.
24. Савромат – сарматтар тайпаларының жасаған жорықтары:
А. Қытайға жаулаушылық жорықтар жасады.
В. Грекия мен Римге жаулаушылық жорықтар жасады.
С. Алдыңғы Азияға, Солтүстік Кавказға және Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.
Д. Босфор мемлекетіне жаулаушылық жорық жасады.
Е. Варягтарға жаулаушылық жорықтар жасады.
25.Сарматтардың әйелдері қабірінен көп табылған зат:
А. Тоқыма станогы.
В. Қару – жарақ.
С. Тарақ.
Д. Айна.
Е. Балта, балға.
Сарматтар.
25 нұсқа.
1.Аңызға сәйкес сарматтардың қыздары:
А. Тұрмысқа ерте шығады.
В. Әнші болып келеді.
С. Биші болып келеді.
Д. Жауын өлтірмей тұрып, тұрмысқа шықпайды.
Е. Үй шаруасымен ғана айналысады.
2. Қазақстанда сарматтар мекендеген аймақ:
А. Арал мен каспий теңізі аралығы.
В. Балқаш пен Алакөл аралығы.
С. Іле мен Шу аралығы.
Д. Алатау мен Қаратау аралығы.
Е. Ертіс пен Есіл аралығы.
3.Ерте темір дәуіріндегі дай тайпасы мен қазақтың адай тайпасы атауларының сыртқы дыбысталу үндестігі өте жақын, сонымен бірге екеуі де:
А. Маңғыстау түбегінде қоныстанған.
В. Сыр бойында қоныстанған.
С. Шу бойында қоныстанған.
Д. Қаратау бөктерінде қоныстанған.
Е. Жайық бойында қоныстанған.
4. «Сармат әйелдері басқаша тіршілік етеді. Олар атқа мініп, ерлермен бірге аңға шығады, ерлерсіз соғысқа қатысады, ерлермен бірдей киінеді», - деген мәтін кездесетін дерек:
А. Геродоттың шығармасында бар.
В. Ксеркстің жазбаларында кездеседі.
С. Амазонкалар туралы аңызда бар.
Д. Қытай жазбаларында бар.
Е. Орыс жылнамаларында кездеседі.
5. Сармат әйелдерінің киімдері:
А. Басына сәукеле, үстіне ұзын етекті көйлек киген.
В. Ерлерше киінген.
С. Парсылардың киім үлгісін киген.
Д. Босфор мемлекетінің сән үлгісінде киінген.
Е. қытайлық сән үлгісінде киінген.
6.Сарматтардың қыш құмыраларының түбі қандай?
А. Төрт бұрышты.
В. Үш бұрышты.
С. Сүйір.
Д. Жайпақ әрі шұңғыл.
Е. Көп бұрышты.
7.Сарматтардың Шығыс елдерінен алғызған ыдыстары:
А. Темірден құйылған қазандарды
В. Теріден жасалған торсықтарды
С. Керамикалық ыдыстарды
Д. Шыныдан жасалған ыдыстары.
Е. Ағаштан жасалған ыдыстары.
8. Сарматтардың қыс кезіндегі киімдері:
А. Қысқа тон киіп, оның белін қайыс белбеумен буып, аяқтарына қысқа қонышты етік киген.
В.Ұзын тон киіп, оның белін жіппен байлап, аяқитарына ұзын қонышты етік киген.
С. Бұғы терісінен жасалған шекпен мен етік киген.
Д. Қытай саудагерлері әкелген жылы киімдерді киген.
Е. Қысқы киімдер тігуді білмеген, сондықтан үйден шықпауға тырысқан.
9. Сарматтар өмірінде аңшылықтың алатын орны:
А. Басты кәсіп болды.
В. Қосымша кәсіп – қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды.
С. Отбасын асырауда маңызды рөл атқарды.
Д. Батырлық мектебі рөлін атқарды.
Е. Шыңдалу мектебі болды.
10. Сарматтардың әйелдері ерлерше киінгенімен олардың киімдерінің безендірілуі:
А. Қытайлық жібек маталармен безендірілді.
В. Парсылардың бояуларымен безендірілді.
С. Босфор мемлекетінен әкелінген құс қауырсындарымен безендірілді.
Д. Әр түрлі моншақтармен безендірілді.
Е. Мысырда әкелінген алтындармен безендірілді.
11. Сарматтар түйе мен сиырды өсіріп пайдалануы:
А. Шұбат пен сүт алу үшін. В. Етке.
С. Күш- көлікке. Д. Әскери жорықтарға.
Е. Шет елдерге сатуға.
12.Сарматтар арасында малшылықпен қатар егіншілік жақсы дамыған өңір:
А. Маңғыстау. В. Арал маңы.
С. Үстірт. Д.Бозашы.
Е. Жайық бойы мен Қара теңіз жағалауы.
13.Отырықшылық көшкен сарматтар:
А. Арал маңындағы сарматтар
В. Үстірттегі сарматтар
С. Бозашыдағы сарматтар
Д. Батыс сарматтар.
Е. Маңғыстаудағы сарматтар.
14. Сарматтар қой мен жылқы малдарын көп өсірген, оларды неге пайдаланған?
А. Қой мен жылқының етін, сүтін тамаққа пайдаланып, ал терісі мен жүнінен киім – кешек, киіз жасаған.
В. Қой мен жылқы етін, жүні мен терісін көршілес елдерге астыққа айырбастаған.
С. Қой мен жылқыны салық ретінде көрші тайпаларға салық ретінде төлеп отырған.
Д. Қой мен жылқыны қару – жараққа айырбастау үшін пайдаланған.
Е. Қой мен жылқыны қалың мал төлеуге пайдаланған.
15. Сарматтарға тиесілі Бесоба қорымында жерленгендердің басы қаратылған жақ:
А. Шығысқа. В. Солтүтсік – Шығысқа.
С. Солтүстікке. Д. Оңтүстік - Шығысқа.
Е. Оңтүстік – Батысқа.
16. Сарматтардың қабірлерінің пішіні:
А. Үш бұрышты.
В. Пирамида тәріздес.
С. Тік бұрышты, доңғалақ, сопақ
Д. Көлбеу бұрышты.
Е. Доғал бұрышты.
17.Сынтас қорымының табылған аңның мүсіні:
А. Қасқырдың.
В. Түлкінің
С. Қарсақтың.
Д. Жолбарыстың
Е. Аюдың.
18. Аралтөбе қорғанындағы сармат көсемі қазақ жерінен табылған нешінші алтын адам болып есептелді:
А. Бірінші
В. Екінші.
С. Үшінші.
Д. Төртінші.
Е. Бесінші.
19. Сарматтарға тиесілі Аралтөбе қорымынан не табылды?
А. Мумия
В. Қасқырдың мүсіні.
С. Жолбарыстың мүсіні.
Д. Аюдың мүсіні.
Е. Сармат көсемінің қару – жарағы, әшекейлі бұйымдарынан басқа абыз асатаяғының бөліктері.
20. Еділ – Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын қоныстанған сарматтар кәсібінің маңызды саласы:
А. Балық аулау.
В. Бақташылық
С. Егіншілік.
Д. Аңшылық
Е. Терімшілік.
21.Сарматтардың ескерткіші көп кездесетін жер:
А. Маңғыстау.
В. Үстірт.
С. Бозашы.
Д. Жайық, Елек, Жем өзендері бойы.
Е. Арал теңізі жағалауы.
22. Үстіртте зерттелген сарматтар дәуірінің ескерткіші:
А. Аралтөбе, Бесоба.
В. Бәйге, Терең.
С. Сынтас.
Д. Алтын – асар.
Е. Қостөбе.
23.Зерттеушілердің пікірінше, дай – массагеттердің табыну рәсімі:
А. Найзағайға табыну рәсімі болған.
В. Суға табыну рәсімі болған.
С. Күнге табыну рәсімі болған.
Д. Отқа табыну рәсімі болған.
Е. Айға табыну рәсімі болған.
24. Сарматтардың зергерлері жасаған бұйымдары:
А. Шыны әшекей бұйымдары.
В. Алмас әшекей бұйымдары.
С. Янтарь әшекей бұйымдары.
Д. Гауһар әшекей бұйымдары.
Е. Алтын, күміс, мыс, темір әшекей бұйымдары.
25. Сарматтарға тиесілі Бесоба қорымынан табылған құрбандық тақта:
А. Бұғылардың бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта.
В. Иттердің бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта.
С. Жолбарыстың бейнесі бар үш аяқты құрабндық тақта.
Д. Бүркіттің бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта.
Е. Тістері ақсиған қасқыр бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта.
Достарыңызбен бөлісу: |