Оқушының аты-жөні: ____________________________________________ 1-нұсқа «Химия» пәнінен 10-сыныпқа арналған 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1. Инструментальды әдістердің қолданылуы аймақтары туралы тұжырымдар берілген
1) Дәрілік заттарды дайындау және сапасын талдау
2) Криминалистикада сараптама жасау
3) Металлургияда сапалы құйма дайындауда
4) Медицинада нақты диагноз қою үшін
Қай тұжырым дұрыс?
А) 1,2 және 4
В) тек 1,2
С) тек 2,4
D) тек 3 пен 4
[1]
2. ГалогендердіңF→Cl→Br→I осы бағытта 2.1 –суретте галогендердің электронтартқыштығы жалпы кемитіндігін көреміз. Бірақ фторда электрон тартқыштықтың мәні басқаларына қарағанда аздау.Фтордың электрон тартқыштығының мәнінің төмен болу себебі неде?
3.Сілтілік жер металдарының кең тараған қосылыстарының бірі "әктас/мәрмәр". Мәрмәр қолданылатын саланы көрсетіңіз.
A) медицина
B) тұрмыста
C) құрылыста
D) парфюмерияда
[1]
4. Тотығу-тотықсыздану реакциясы берілген
Na2SO3+ KMnO4+H2SO4 →Na2SO4+MnSO4 +K2SO4 +H2O
осы реакциядағы:
і) тотығу процесінің жартылай иондық теңдеуін толықтырыңыз.
SO32- + ......... → SO42- + .........
[1]
іі) тотықсыздану процесінің жартылай иондық теңдеуін толықтырыңыз.
MnO4- + .......... → Mn2+ + ............
[1]
ііі) тотықтырғыштың алдындағы коэфициент _____________________
[1]